Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет93/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   295
Экономикалык теория

3. Олигополия – шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестері-
нің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара 
тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі 
және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы 
нарықтық құрылымның бір типі. 


114
Олигополия нарығы моделінің түрлері:
1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа 
шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше 
фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) 
өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған 
бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын 
олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – 
нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль
тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын 
сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, 
сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай 
бағытталған болады;
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен 
тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен 
өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің 
ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер 
қойылады.
Жалпы өзара байланыстың салдары:
1) сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P
*
) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q
*
) анықтау 
мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің 
көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-
әрекет модельдеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет