Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар



Pdf көрінісі
бет90/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   295
Экономикалык теория

Салаға кіруге қойылатын тосқауылдарбұл салаға кіргісі 
келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. 
Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда 
монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия 
жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді:
1. Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық 
себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі
басты ресурстарды бақылау).
2. Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – 
институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-
әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе 
монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.
Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып 
табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.
Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің 
бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» 
немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни 
монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») 


111
қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді 
баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты 
монополияның мынадай түрлері болады:
1. Жабық (жасанды) монополиябәсекелестіктен заңды 
шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.
2. Табиғи (мемлекеттік) монополия белгілі бір өнімнің 
көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп 
фирмаларда өндіргеннен гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.
3. Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін 
тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай 
арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын 
жағдай.
Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі 
болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, 
бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс 
көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол 
монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация 
саясатын жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына 
сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әртүрлі бағамен 
сата алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет