90
Т
АРАУ
5
ТАПСЫРМА
ТАПСЫРМАЛАРДЫ БАСҚАРУ ТІЛДЕРІ
Командалық интерпретатор —
пайдаланушының ОЖ барлық
жұмыс сеансында жүргізілген бағдарлама. Оның негізгі қызметі —
берілген
командалық
интерпретатор
тілінде
жазылған
пайдаланушының командасын орындау және бұл командаларды
тікелей (интерпретаторға кіріктірілген құралдармен)
немесе басқа
бағдарламаларды шақыру арқылы орындау.
Командалық
интерпретатордың
пайдаланушымен
байланыс
жасауының негізгі тәсілі командалық жолақ интерфейсі болып
табылады. Бұлай қатынас жасау тәсілінде жүйемен
жұмыс жасауға
арналған негізгі құрал ретінде
терминал қолданылады.
Терминал
ақпаратты шығару және пайдаланушы ақпаратты енгізу үшін қызмет
етеді. Физикалық терминал— бұл монитор және пернетақта.
Логикалық, операциялық жүйе тұрғысынан терминал —
бұл екі
файлдан құралған жинақ. Бұл файлдың біреуі ақпаратты енгізу үшін
пайдаланылады (пернетақтадан келетін ақпарат), екіншісі – ақпаратты
шығаруға арналады (экранға шығарылатын ақпарат).
Кейбір операциялық жүйелерде терминал жазба үшін де ақпаратты
оқу үшін де пайдаланылатын бір файлдан тұрады.
Осы ретте физикалық құрылғы файлмен жұмыс жасау режимімен
анықталады — файлға жазылатын
деректер экранға шығады,
пернетақтадан енгізу оқылатын файлдағы ақпаратты толықтыра түседі.
Жұмыс басталуы үшін сигнал ретінде экранға шығатын
командалық жолақтың шақыртуы немесе жай ғана шақырту қызмет
етеді — интерпретатор команданы енгізуді күтіп тұрғанын көрсететін
символдар тізбегі.