Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды



бет1/11
Дата02.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#453095
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сагынай ДУРЫС





Кіріспе

Автоматика - техникалық кибернетиканың бір бөлігі. Автоматика дегеніміз – адамның қатысуынсыз жұмысты белгілі бір механиздердің көмегі арқылы атқару немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру. Ол өзіне автоматикалық жүйелермен сол жүйелер үшін қажетті техникалық жарақтарды құру және жасау үшін қолданылатын автоматты басқару теориясын қосады.

Технологиялық процесті автоматтандыру жүйесі – еңбек өнімділігін арттырудың, өнім сапасын жоғарылатудың, материал және энергия шығындарын қысқартудың, қызметкерлер санын азайтудың және өндірісті басқаруда жаңа әдістерін енгізудің негізгі құралы болып есептеледі. Олар өндірісте апаттық жағдайларды азайтады, құрылғылар жұмысының қауіпсіздігін жоғарылатады, технологиялық процесте зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға берілмеуіне көмектеседі, өндірістегі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоғарылатады.

Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды:



  1. Технологиялық процесс параметрлерін бақылау. Ол тікелей аппарат немесе агрегаттың өзінде немесе оператор және диспетчер щитінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бақылау көрсетуші немесе тіркеуші приборлар арқылы үздіксіз немесе периодты түрде орындалады.

  2. Ақпаратты өңдеу. Автоматтандыру жүйелерінде ақпаратты өңдеудің кең тараған түрі – технологиялық процестің параметрлерінің берілген ауытқу сигнализациясы. Ол ескертуші немесе апатты болып бөлінеді.

  3. Параметрлерді автоматты реттеу. Оған тұрақтандыру, программаны реттеу, каскадты немесе өзара байланысты реттеу жатады.

  4. Машина және агрегаттарды қащықтықтан бақылау немесе автоматты басқару және олардың күйінің сигнализациясы.

  5. Техникалық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол қорғау құрылғыларын және қорғау блокировкасын қолдану арқылы іске асырылады.

  6. Технологиялық процестің тиімділігі. Жаңа өнеркәсіптік мекемені құру және қолданыстағысын реконструкциялау уақытында технологиялық процесті технологиялық процесті автоматтандыру жүйелерімен жабдықталады.

Автоматтандыру жүйесін құру және оны қолданысқа енгізудің негізгі кезеңдері: жобалау, монтаждау, жөндеу және жүйені пайдалануға беру. Бұл жұмыс кезеңдерінің барлығы нормативті құжаттарда көрсетілген. Нормативті құжаттарда жобалау құжаттарын рәсімдеу талаптары, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу ережелері, автоматтандыру жүйесін монтаждау, жөндеу және пайдалануға беру уақытындағы техникалық қауіпсіздік ережелері, жеке жұмыс түрлерінің орындалу әдістері және олардың сапасын бақылау көрсетіледі.

Өндірістік автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірістік автоматтандыру – осы заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалықпрогрестің ең басты бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады.

Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде телімцехзауыт, электр станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғары сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу мүмкін болатын жағдайларда, сондай-ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырудың негізі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономиялық тиімділігін анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инжинерлік әдістерін табу секілді мәселелерден құралады. Белгілі мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құрады. Осы заманғы АБЖ-ның құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған ақпараттарды адамға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық құрылғылар кіреді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет