25
əзірлеу кезеңі ішінде жүйенің тапсырыс берушісі мен əзірлеушілер
ұжымы арасындағы қарқынды өзара іс-қимылды қарастырады. Жүйені
əзірлеу кезеңдерге бөлінеді. Әр кезең келесі кезеңде пысықталатын
функционалды жетік түптұлғаны құрумен аяқталады.
ISO/IEC 15288 Sуstеm life сусlе рrосеssеs стандарты түрлі пəн
салаларындағы ақпараттық жүйелерді əзірлеу əдістемесін белгілейді,
құрамында ЭЕМ пайдаланылатын жүйелердің
өмір цикліне ерекше
назар аударылады.
Ақпараттық жүйелердің негізгі компоненті талап етілетін
функцияларды іске асыратын бағдарламалық қамсыздандыру болып
табылады. ISO/IEC 12207 стандарты
өмір циклінің барлық
үдерістерін үш топқа бөледі: негізгі, қосалқы жəне ұйымдық (1.2
кесте).
ISO/IEC 15288 сатндарты бағдарламалық қамсыздандыру мен
ақпараттық жүйенің өмір циклінде мынадай үдерістерді белгілейді:
шарттық, жобалық,
техникалық, кəсіпорынның үдерістеріарнайы
үдерістер (1.3 кесте).
ISO/IEC 15288 стандарты өмір циклінің кезеңдерін жəне жүйені
құру кезеңдерін ажыратады. Кезеңдер ретіндемыналар белгіленген:
•
жүйенің
тұжырымдамасын
қалыптастыру
—
тұтынушылардың қажеттіліктерін талдауды, жүйенің жəне жобалық
шешімдердің жалпы тұжырымдамасын таңдауды көздейді;
•
жүйені әзірлеу — оны жобалау үдерісі;
•
іске асыру — жүйені жасау;
Достарыңызбен бөлісу: