Мектеп басшыларына!
03.02.2011жыл
Балалар мен жасөспірімдер бойында елжандылықты, батырлық рухты қалыптастыруда тарихи тұлғалардың, оның ішінде елі үшін ерлікпен өмір сүрген батырлардың өмір жолы ерекше өнеге болатыны сөзсіз.
Осы ретте білім басқармасы 10.01.2011 жылғы № Жт- Ұжым- 22 хатындағы Исатай Тайманұлының туғанына 220 жыл толуына орай батырдың өмір жолын және ерлігін жастар арасында насихаттау туралы пікірін қолдай отырып, Сіздерге, 2011 жылы білім беру ұйымдарында
Исатай батыр және 1836-36 жылдардағы шаруалар көтерілісі туралы танымдық кештер мен сабақтар өткізуді тапсырады.
Мектеп басшыларына!
Ақтөбе облыстық Білім Департаментінің 2010 жылдың 24 қаңтардағы № 1-177 хатының негізінде:
2011 жылдың 2- ші жартыжылдығына «Республика ұстаздары», «Газета для родителей», «Мұғалім және заң», «Бухгалтерлер мектебі – Школа бухгалтеров» және « Физика және астрономия – Физика и астрономия» атты басылымдарға міндетті турде жазылу жұмыстарын ұйымдастыру керектігін ескертеді.
А. Куржикова
03.02.2011ж Мектеп басшыларына!
1. 8 ақпан күні сағ 9.00-де №17 ОМГ-да «Инновации в работе учителя математики в современной школе» тақырыбында жас математика пәні мұғалімдеріне арналған « Ашық есік күні » өткізіледі. Бұл шараға
3-жылға дейінгі педстажы бар жас мамандар әрбір мектептен бір адамнан шақырылады. /
Бұл күні жас мұғалімдерге тәжірибелі мұғалімдер мұғалімдік қызметтің сан қырынан әдістемелік көмек көрсетеді.Сондықтан жас мамандарға міндетті түрде қатысу сұралады.Қатысым тексеріледі.
Тіркеу 8.45- те басталады.
2 . 9 ақпан күні сағ 8.30- да № 30 ОМ – да « Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі» атты қалалық семинар өтеді. Семинарға қазақ және аралас тілді мектептердегі қазақ кластарының математика пәні мұғалімдері шақырылады.Қатысым тексеріледі.
Тіркеу 8.00-8.30 аралығында.
Иманғалиева Г.Ж.
Мектеп директорларына!
02.02.2011ж.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 27.01.2011 жылғы № 06-64/104 хаты бойынша БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы және 2000 жылғы 6 қыркүйектегі Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы мен Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар парнографиясына қатысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын және балалардың аталған халықаралық құжаттарды меңгеру деңгейлерін анықтайтын зерттеу жұмыстарын, соның ішінде үлгі бойынша сауалнама жүргізіп, сауалнаманың қорытындысын кестеге сәйкес және атқарылған түсіндіру жұмыстары туралы ақпаратты 2011 жылдың 4 ақпаны сағат 16.00-ге дейін қағаз және электронды түрде жіберуіңізді сұрайды.
Қосымша 9 бет.
№ 63 кабинет. А.Куттыкова
Достарыңызбен бөлісу: |