Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет82/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Драмалық шығармалары


Лопе де Вега драматургиясы көлемі, тақырыбы жағынан кең болғандықтан, оны классификациялау қиынға соғады. Діни тақырыптардағы пьесалары мен бір опера либреттосын есепке алмағанда, Лопе шығармармаларын негізінен үлкен үш топқа бөлуге болады. Олар: тарихи-қаһармандық, саяси-әлеуметтік және махаббат тақырыбындағы драмалар мен комедиялар.
Драмашының бізге дейін жеткен шығармаларының басым көпшілігі (бір жүз елуден аса пьесасы) өткен тарихты, соның ішінде Испания тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтиды. Мұндай пьесаларында мемлекет мәселесі мен ерлік тақырыбы басты орында тұрады.
Лопе де Вега пьесаларында Испаниядағы ішкі қақтығыстар («Король Вамбаның өмірі мен өлімі» (1604), испан тайпаларының Рим билігіне қарсы көтерілістері («Жақсылыққа жақсылық»,1604), маврлармен күрес («Симанкастық бикеш») сияқты оқиғалар өз көрінісін тапқан.
Жазушының халықшылдық рухта жазған алғашқы шығармаларының бірі «Король Вамбаның өмірі мен өлімі» пьесасы. Король Рецисундо (VІІ ғасыр) өлімінен соң, билік өкілдері таққа таласады. Драмашы олардың өзімшілдік, жауыздық
ұмтылыстарына қарапайым шаруа Вамбаны қарсы қояды. Вамба үшін бейбіт өмір байлық пен биліктен қымбатырақ еді. Сондықтан ол ауылдастарының ұсынған қыстақ ақсақалы міндетін де әрең қабылдайды. Таққа отыру туралы пікірлерге қосылмайды. «Күн сияқты, таққа да алыстаған қараған қолайлы ғой» дейді ол. Бірақ король болып сайланған соң қарапайым шаруа Вамба атақ пен байлыққа бой алдырмай, мемлекетті әділ басқаруға кіріседі. Озбыр байларды жазалайды, Испанияға қауіп тудырған арабтар шабуылына тойтарыс береді. Соңында сарайдағы қастандықтың құрбаны болады.
Отан мен тәуелсіздік жолындағы күрес, Испанияны арабтардан азат ету әрекеті Лопе де Веганың реконкиста тарихына арналған пьесаларында айқын бейнеленген. Осы драмаларында Лопе халық ертегілерінен, тарихи хроникалардан пайдаланады. «Симанкастық бикеш», «Даңқты астурикалар» драмаларында жазушы реконкиста тарихы туралы хикаяларды сахналастырып, оларда отаншылдық рухты көтеріңкі суреттейді.
Мемлекет тәуелсіздігі үшін күресте халық мұңымен санасу керектігі идеясы «Граф Фернан Гонсалес яки Кастилияның азат етілуі» (1625) драмасында өте айқын көрінген.
Фернан Гонсалес бастаған қосын мемлекетке басып кірген маврлар әскеріне тойтарыс береді. Шайқас алдында дұшпанмен келісім құрып, Кастилияға шабуыл жасаған Наварра королін де жеңеді. Граф қолынан қаза тапқан Наварра королінің қызы, Леон ханшасы Тереса айламен Гонсалесті қолға түсіріп, зынданға тастайды. Мұндай көңілсіз оқиғаны естіген Кастилия халқы өз қолбасшысына жәрдем беруге асығады. Гонсалеске ғашық болған Наварра аруы Санчаның көмегімен оны құтқарады. Азаттық алған Фернан Гонсалес дұшпанға қарсы күресін жалғастырып, Кастилияның тәуелсіздігіне қол жеткізеді.
Драмашы бұл пьесасында халыққа сүйенген ел басшысы туралы тарихи аңыздарды негіз етіп отырып, феодалдық алауыздықтарды қатты сынға алады, мемлекеттің бірлігі мен еркіндігі үшін күресуші және осы дәуірде «тәртіпсіздік ішіндегі тәртіп өкілі» болып көрінген орталықтандырылған монархиялық мемлекетті және оны әділдікпен басқаратын әмірші туралы халық арманын бейнелейді. Залым монарх орнына халықшыл монарх образын ұсыну сияқты жазушы дүниетанымындағы қайшылықтар
ХVІІ ғасыр жағдайында озбыр феодалдық жеке билікке қарсы өзіне тән наразылықпен араласып кетеді.
Ізгілік, ар-намыс үшін күрес, билеуші топтарды сынға алу
«Периваньес және командор Оканьи», «Саламей алькальді», «Ең жақсы алькальд – король», «Севиль жұлдызы» драмаларының идеялық мазмұнын құрайды. Бірінші пьесада епті шаруа Периваньес пен серілік орденнің командоры Оканьи ортасында болған тартысты көрсетеді. Шаруаның ақылды, сұлу әйеліне «көзі түскен» командор қандай жолмен болса да, өзінің арам пиғылына жетуді ойлайды. Мұны сезген шаруаны бір жағынан синьорға деген адалдығы, екінші жағынан өз отбасындағы адамгершілік борышы азапқа салады. Периваньес жоқ уақытта командор айла жасап, оның әйелінің алдына келеді. Тосаттан келіп қалған шаруа командорды өлтіреді.
Пьесада Периваньес пен Оканьи ортасында болған отбасылық қақтығыс шаруа мен дворян-ақсүйектер ортасындағы әлеуметтік тартысқа дейін көтеріледі.
«Саламей алькальді» (1610) драмасында ар-намысын қорғаушы және ақсүйектік зорлыққа қарсы күресуші шаруа образы бейнеленеді.
«Өз үйінде данышпан» пьесасында қарапайым шаруаның тұрмысы, кедейлігі мен ар тазалығы билеуші топ өкілдерінің менмендігіне қарсы қойылады.
Табиғи адал сезімге, салуатты, парасатты қарапайым кедей жандарға, шаруаларға деген құрмет Лопе де Веганың «Өз үйің
- өлең төсегің» (1622), «Шаруа өз лашығында» (1617), «Басқалар назарында тентек, өз ісіне пысық» (1635) пьесаларында жарқын бейнеленген.
ЛопедеВегамахаббат,отбасылық-тұрмыстықтақырыптарындағы комедияларында («Плащ пен семсерлер комедиясы» деп те аталады) махаббат еркіндігі және неке мәселелері көріністеріне ерекше көңіл бөледі. Жалпы, «Шалғындағы ит», «Ыдыс жуушы асыл текті әйел»,
«Күзе көтерген қыз», «Би мұғалімі» атты шығармаларында жазушы әр қандай ескі әдет-ғұрыптарды, келеңсіз феодалдық дәстүрлерді сынға алады, адалдық, парасаттылық, адамгершілік қасиеттері мол жандарды дәріптейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет