Оқулық «Мәдениеттану»



бет1/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Мадениет тану экзамен


КІРІСПЕ

Ұсынылып отырған оқулық «Мәдениеттану» пәні бойынша Қазақстанда тұңғыш рет шығарылып отыр. Бұл еңбек әлемдік және Отандық мәдениеттану ілімінің соны жетістіктері мен осы пәнді республикада оқытудағы методикалық-әдістемедік тәжірибе негізінде орындалған. Оқулықты әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Абай атындағы АМУ және Қаз.-МСТА ғалымдары дайындады. Екінші басылымда оқырман пікірлері ескеріліп, толықтырулар енгізілді.

Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағылымы бар, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігі анық. Кітап авторларының мақсаты — мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін оқырман қауыммен бірге талқылау.

Мәдениеттану мәселелері, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезендерінде заман талабына айналады. Мыңжылдықтар тоғысында тек қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіләлемдік өркениет пен мәдениеттің түбегейлі өзгеруін көріп отырмыз. Бұл ретте бірнеше бағдарлар айқындалып тұр:

- байырғы дәстүрлі мәдениетті мансұқтаушылық, ескі өркениет өрнектерін сол қалпында жандаңдыруға тырысушылық;

- Ф. Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта қарау», «Ұлы бас тарту», мәдени сабақтастықты елемеу;

- әлемдік өркениеттердің жаңа тәртібін қалыптастыруға қатысу, халықтың рухани бастаулары мен әлеуметтік-саяси типтерін қоғамдағы өзгерістерге байланысты, жаңа ағымдарға үйлесімді ұштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, мәдени деңгейге немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үндестікпен бір ырғақта болу.

Бұл мәселені сыртқы бір үлгіні қабылдау арқылы шешу — айтуға ғана жеңіл нәрсе. «Өліараның» тар құрсауынан шығу үшін алдымен адамдардың санасын күрт өзгерту қажет. Бұл, әсіресе, тоталитарлық сананың терең ұяланған менталитетін өзгертуге байланысты. Жоғары жақтан келетін Жалғыз. Дұрыс Тәртіпке негізделген мәдениетте таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та болмаған. Авторитарлық әкімшіл мәдениет тұлғасыз қалады, онда адамның орнын қуыршақ-функционер, руханилықты жалаң қдеология ауыстырады, жиі айтылатын «қоғамдық мүдде жеке адамның мүддесінен жоғары болады» сияқты тезистер қоғамдық енжарлыққа, адамгершілік саңыраулыққа әкеледі.

Өркениеттіліктің дайын үлгілерін сырттай формалды түрде қабылдаған мәдениет өзінің рухани немқұрайлы ішкі табиғатында манипуляцияланған тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық конформистерді және қиратушы нигилистерді қалдырады. Тек тұлғалық дамудың көпырғақты шексіз полифониясы арқылы мәдениеттіліктің сара жолына шыға аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет