Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы



Дата28.01.2023
өлшемі15.74 Kb.
#468870
Анкета о0ушы


Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы
( оқушыларға арналған сауалнама)
Құрметті оқушы! Өзіңнің көңіліңнен шығатын сауалды белгілеуіңді сұранамыз.

  1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба?

  2. Таңдау себебі – материалдық қызығушылық па?

  3. Таңдаған мамандығыңда сені ең алдымен жұмыс үдерісі қызықтырады ма?

  4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?

  5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?

  6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша мамандық таңдадың ба?

  7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдар оқисың ба?

  8. Кім болып жұмыс істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде деп ойлайсың ба?

  9. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?

  10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?

  11. Сенде өзіңнің таңдаған мамандығыңа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?

  12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?

  13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?

  14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?

  15. Өзіңнің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?

  16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?

  17. Дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?

  18. Мамандық таңдауда маңыздысы – кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі деп ойлайсың ба?

  19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?

  20. Өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білесің бе?

  21. Туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?

  22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?

  23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талпынасың ба?

  24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін “қаладым” деген сөз жеткілікті ме?

Алынған нұсқауларды төмендегінше екі бағанға қойып шығыңыз.

1-қатар – 1, 3, 6, 7, 8, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 19 ,20, 22, 20 – сұрақтарға “иә” жауаптарының жиынтығы.
2-қатар – 2, 4, 5, 9, 10, 13, 18, 21, 22, 23-сұрақтарға “жоқ” жауаптарыныңжинтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай-дайын емес;
7-12 ұпай- төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай-жоғары дайындық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет