Европейский союз



Дата14.06.2016
өлшемі148 Kb.
#135135

ЕВРОПЕЙСКИЙ СОЮЗ


Жұмысқа орналасуға көмек

Ізденуші жаднамасы

Әрине, әрбір адамның өмірінде жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр болатын кез болады. Бұған себептер де көп: штат бойынша қысқарту, жұмыс істеген жерімен қанағатанбағандықтан жұмыстан шығу және т.т. Жұмыс іздеу – бұл да жұмыс екенін түсіну керек және осыған үлкен жауапкершілікпен қарау қажет.


Резюме толтыру

Жұмыс іздеуді неден бастау керек? Дұрыс, резюмені дұрыс сауатты жазудан, өйткені кез келген мекемеде қызметкерлерді іздеу және алғашқы таңдап алу ізденушінің резюмесі негізінде жүргізіледі.

Резюме – бұл Сіздің «визит карточкаңыз», ол Сізді жұмыс берушімен таныстырады. Несколько правил составления Резюме толтырудың бірнеше жолы:

  • Қазір көптеген компаниялар резюмені өздері белгілеген тәртіп бойынша толтыруды талап етеді. Мұндай жағдайда ұсынылған тәртіпті ұстанған дұрыс. Егер мекемедегі бос орын жөніндегі хабарландыруда «резюме еркін түрде» деп жазылса, жеке өз жетістіктер туралы жазу керек, бірақ қысқа және ақпаратты болуы керек.

  • Резюме жіберілген мекемеге жететініне сенімді болу үшін, оны факспен, электронды поштамен жіберген дұрыс па немесе тікелей апару керек пе, осыған назар аударыңыз. Кейбір компаниялар резюмені Интернеттегі олардың сайтында толтыруды талап етеді, кей кезде оған қосымша сауалнама беріледі.

  • Резюмені беру мақсатын, қандай лауазымға талаптанатыныңызды анықтап жазыңыз, өйткені әртүрлі бос орынға берілген көптеген резюменің ішінен кадр қызметінің маманы Сіздің резюмеңізді жіберіп алмауы керек!

  • Жұмыс берушілер фотосуретті әрқашан талап етпейді, сондықтан оны желіммен жабыстырмай, қағаз қыстырғышпен қыстырып қойған дұрыс. Тым шамадан тыс кетпеңіз! Жұмыс берушіге фотосуреттегі «зұлым қызықтыратын» немесе «құмар мачо» назары мүлде қажет емес!

  • Білім деңгейін, кәсіпорын атауларын, атқарған қызметтеріңізді, міндеттеріңізді және жұмыс істеген жылдарыңызды көрсетіп жазыңыз. Резюменің соңғы бөлімі – «қосымша ақпарат». Мұнда ізденушінің қандай шетел тілдерін меңгергендігі, компьютерді қаншалықты сенімді пайдаланатыны және т.б. жазылады. Ішкі қасиеттеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жазу қажет емес, Сіз тез тіл табыса алатыныңызды, ұйымдастырушылық қабілетіңізді жазсаңыз жеткілікті.

  • Резюмеде Сіз қандай қосымша семинарлардан, курстардан, тренингтерден өткеніңізді белгілеп жазыңыз. Сіз қандай кәсіби қауымдастықтың мүшесі болып табылатыныңызды, кәсіби саладағы атағыңызды, Сіздің жазған кәсіби мақалаларыңызды немесе кітаптарыңызды жазғаныңыз артық емес (егер ол Сізге қатысты болса).

  • Егер Сіз студент болсаңыз және уақытша жұмыс тәжірибеңіз болмаса, қандай кәсіпорындарда тәжірибеден немесе сынақ ісінен өткеніңізді, сондай-ақ диплом жұмысыңыздың тақырыбын жазыңыз.

  • Жұмыс беруші Сізбен әңгімелесу алдында нақты бейнеңізді елестете алатындай, резюмеңізді максималды түрде мазмұнды, нақты етіп жазыңыз.

Егер Сіздің резюмеңіз келешек жұмыс берушіні қызықтыратын болса, онда Сізді міндетті түрде әңгімелесуге шақырады.

- Егер Сіз еңбек етуді жақсы көретін болсаңыз,

неге жұмыс тауып алмайсыз?

- Өкінішке орай махаббатта көз жоқ...
Әңгімелесу – жұмысқа орналасудың өте маңызды кезеңі

Жұмыс берушімен әңгімелесуге емтиханға дайындалғандай дайындалу керек. Әңгімелесу алдында бос жұмыс орны жарияланған фирма туралы жарнамалық кітапшаларды, БАҚ-та жарияланған материалдарды оқып танысып, көбірек ақпарат жинастыру қажет. Сіз қорқыныш пен қобалжуды көрсетпей, ұсынылатын бос жұмыс орны Сіз үшін мансап жасауға ақырғы қадам емес екенін, өзіңізді сенімді түрде көрсетуге тырысуыңыз керек. Сонымен қатар өзіңізді тым емін-еркін ұстаудың да қажеті жоқ. Қазіргі кезде кадрлар бөлімі мамандарының әдістері өте мол: стресстік сұхбат жүргізу барысында Сізді сынап отырғанын немесе тәжірибелі психологтің тестілеу жүргізу барысында Сіздің ойыңызды ашып отырғанын сезбей де қаласыз.



Сыртқы көрініс. Жұмыс берушінің алдына алғашқы рет келген кезде киіміңіз таза, ұқыпты, ыңғайлы болуы керек. Өзіңізге сырт көзбен қараңыз: иісі өте өткір парфюм, өте ашық түсті киім сияқты сыртқы көріністер Сіздің стандартқа сай еместігіңізді білдірмей ме? Қандай өкінішті болмаса да киіміндегі немесе өзін ұстау мәнеріндегі өзіндік ерекше көріністері жұмыс берушілерде қорқыныш тудырады. Өзіңізбен бірге қойын дәптер ала барып, қажет болған жағдайда жазып алуыңыз артық болмайды.

Еңбекақы төлеу мәселесі. Өзіңіз талаптанатын еңбекақы деңгейі туралы сұраққа дайын болыңыз. Алдын ала күтілетін еңбекақының төмен деңгейі туралы ойланыңыз. Еңбекақы қандай жағдайда, қандай уақыт аралығында өсуі мүмкін екенін сұрап білуге болады. Егер жұмыс беруші әңгімелесу кезінде осы сұрақтарды көтермесе, өзіңіз осы сұрақты әңгіменің аяғында әдеппен бастап сұраңыз.

Жұмыс берушінің ойы бойынша жұмыс тәжірибесінде төмендегі жағдайлар маңызды болып табылады, біз осыларға назарыңызды аударуыңызды сұраймыз:



  • Мансаптық дамудың ойға қонымдылығы. Адамның бір саладан екінші салаға ауысулары мақұлданбайды. Бұл оның ішкі екіұштылығын және тұрақсыздығын көрсетеді.

  • Еңбек өтіліндегі үздіксіздік. Егер еңбек өтілінде мұндай кері жағдайлар болса, оны түсіндіріп берген дұрыс. Мысалы, жұмыс істемеген осы бірнеше ай ішінде Сіз қосымша білім алу үшін оқыдыңыз, ауырып жатқан туысыңызды қарауға мәжбүр болдыңыз және т.т.

  • Жетістіктер. Сіздің істегеніңіз маңызды емес, Сіздің нені басқалардан артық істегеніңіз маңызды. Міндетті түрде істеген жұмыс орныңыздағы жетістіктеріңіз туралы айтыңыз.

  • Істеген жұмыс орнынан шығып кету себептері. Жұмыстағы басшымен келіспеушіліктер болғанын, ұжыммен тіл табыса алмағанын немесе атқарған қызметіне сай болмағандығын айту дұрыс емес. Әңгімелесу кезінде келешекте болатын басшы қатысуы мүмкін, ол жаңа жұмыста да осындай жағдайлардың қайталануын болжайды. Егер дау-қақтығыстар болса да олар туралы айтпаған дұрыс.

  • Сіз талаптанатын лауазымның күрделігіне және «жоғарлығына» байланысты Сізді әңгімелесуге бірнеше рет шақырулары мүмкін, оған Сіз дайын болыңыз.

Кеңес! Өзіңізді айналаңызды құпиялықта ұстамаңыз! Мысалы, жұмыс берушінің бұрын істеген жұмыс орныңызда немен айналысқаныңыз жөніндегі сұрағына «бұл коммерциялық құпия» - деп жауап қайтармау керек, ал барлығын ашық түрде жайып салу да керек емес. Өтірік айтып, ойдан шығарып әсерлеңкіреуге де болады, бірақ бұл орынсыз. Біріншіден, құпия ашылады, шындыққа айналады. Екіншіден, сынау мерзімі Сіздің шынайы қасиеттеріңізді көрсетеді. Көптеген жағдайда шындықты айту – ең ұтымды шешім, өйткені Марк Твен айтқандай: «Егер Сіз шындықты айтсаңыз, Сіздің есіңізде ештеңе қалмауы керек».

Кетер алдында Одан арғы өзара әрекеттер жөнінде ақылдасыңыз. Егер Сізбен байланысып тілдеспесе, бірнеше күннен кейін өзіңіз телефон соғып, нәтижесін біліңіз.

Ер адам фирмаға жұмысқа орналасуға келіп:

«Сіздер жаңа кассир іздеп жүр деп естідім», - дейді.

Сонда: «Иә! Бұрынғы істеген кассирді де», - деп жауап береді оған. .

Жұмысқа орналасу кезіндегі қажетті құжаттар

Еңбек келісімшартын жасау үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабында белгіленген. Осы құжаттар тізімі төмендегідей:

1) жеке куәлік немесе төлқұжат (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік);

2) мекендеу қағаз немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

3) білім, біліктілігі туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар ұшін);

5) әскери есеп құжаты (әскери міндетті адамдар мен әскери қызметке шақырылуға тиісті тұлғалар үшін);

6) алдын ала медициналық тексеруден өткен туралы құжат (Қазақстан Республикасының Кодексі мен Заңына сәйкес медициналық тексеруден өтуге міндетті тұлғалар үшін);

7) ТСН және әлеуметтік жеке кодтың берілуі туралы куәліктердің көшірмелері.

Осы тізімде белгіленбеген құжаттарды талап етуге жұмыс беруші құқылы емес!



Назар аударыңыз! Жұмыс берушілер көп жағдайда ұсыным әкелуді сұрайды. Бір жағынан, заңға сәйкес бұл осы қосымша құжат, оны жұмыс беруші талап етуге құқылы емес, ал, екінші жағынан, ұсынымды әкеліп беру – іскерлік дәстүр. Бірқатар жағдайда ол шынында да қажет. Мысалы, бала бағушылар мен үйде бала тәрбиелеушілер қызметін ұсынатын агенттік арқашан қолында жақсы ұсынымы бар адамды таңдайды, өйткені агенттік ұсынатын қызметтер қызметкердің сенімді болуын талап етеді. Сізден бұрынғы жұмыс орныңыздан бірнеше адамды атауды сұрайды, олардан Сіз туралы ұсыным алады, соған дайын болыңыз. Алдын ала атайтын адамдар кім болуы мүмкін, соны ойланыңыз.

Кадрлар бөліміндегі әңгіме:

- Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсынымдар бар ма?

- Иә, онда маған басқа жұмыс іздеуді ұсынды..
Еңбек келісімшартын жасау

Еңбек келісімшартын жасау кезінде ерекше назар аударатын кейбір жағдайлар:

  1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық және еңбек келісімшарты бір-біріне дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Көптеген жағдайда жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта белгіленген маңызды тармақтар келісімшартта жазылмайды. Бірақ еңбек келісімшарты алғашқы болып саналады, сондықтан барлық дау келісімшарт негізінде шешіледі.

  2. Еңбек келісімшартында міндетті түрде Сіздің жұмыс орныңыз құрылымдық бөлімшесі белгіленіп жазылуы керек.

  3. Сіздің міндеттеріңіз еңбек келісімшартында міндетті түрде нақты жазылып көрсетілуі керек. Көптеген жағдайда келісімшартта қызметкердің міндеттері өте қысқа, анық емес жазылады. Жұмыс берушінің еңбек келісімшартында белгіленбеген жұмыстарды орындауды талап етуге құқығы жоқ. Сондықтан «бұл менің міндеттеріме жатпайды» - деген сөздерге жұмыс берушінің қарсыласуы қиын болады.

  4. Көптеген жағдайда жұмыс беруші еңбек келісімшартында қызметкер міндеттерін лауазымдық нұсқауларға сәйкес орындауы керек деп белгілейді. Осы нұсқаумен таңысыңыз! Мұның екінші жолы да бар: келісімшартта лауазымдық нұсқау «келісімшарттың бөлінбейтін бөлігі» болып табылады деп белгілеуге болады. Бірақ осы жағдайда ол келісімшартқа қоса салынып, Сізге қол қоюға ұсынылады. Келісімшартқа қосымша ретінде техникалық тапсырма беріледі. Мұнда Сізге орындауға қажетті жағдайлар толық жазылады.

  5. Жұмыс берушіге келісімшартта минималды окладты белгілеп, ал қалғанын әртүрлі үстеме төлемдер ретінде төлеу тиімді. Өйткені егер келісімшартта еңбекақының маскималды молшерін белгілесе, оны төмендету мүмкін емес. Келісімшартта еңбекақының тек шынайы мөлшері белгіленбей, сондай-ақ келісімшарттың жарамдылық мерзіміне қосымша жағдайлар, мысалы, сыйлық ақы, түскен түсімнен/пайдадан пайыздық ақы төлеу және т.т.

  6. Егер еңбек пен демалыс тәртібі еңбек келісімшартында жазылмаса, жұмыс берушіге Сізбен жұмыс жағдайларын өзгерту туралы келісуге қажеті жоқ. Осыған назар аударыңыз!

  7. Жұмыс беруші еңбек келісімшартын екі данада жасауға міндетті. Бір данасы – кадр бөлімінде, екіншісі қызметкерге беріледі. Міндетті түрде қолыңызды қойып, еңбек келісімшартын қолыңызға алыңыз.


Сынау мерзімі

Еңбек келісім шартында қызметкердің біліктілігінің берілген жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынау мерзімі туралы шарт белгіленеді (ҚР ЕК 36-бабы). Еңбек келісімшартында осы шарт белгіленбесе, қызметкер жұмысқа сынау мерзімсіз қабылданды деп есептеледі. Және қызметкерді сынау мерзімінен өтпеген ретінде жұмыстан шығаруға болмайды.



Назар аударыңыз! Сынау мерзімі қызметкердің еңбек өтіліне қосылады және 3 айдан артық болмайды. 1) Жұмысқа тиісті лауазымды ауыстыру конкурсы бойынша орналасатын тұлғаларға; 2) орта, жоғары білім беретін оқу орындарын бітірген және алынған мамандықтары бойынша жұмысқа алғаш рет орналасатын тұлғаларға; 3)мүгедектерге сынау мерзімі белгіленбейді.

Жұмысқа орналасу кезінде алаяқтықтан қалай құтылуға болады?

Ұсынысты барабар бағалаңыз!

Егер Сіз хатшы немесе сату жөніндегі менеджердің бос орнына талаптансаңыз және адам сенбейтін жағдайлар мен тым жоғары еңбекақы туралы хабарландыруды кездестірсеңіз... Егер Сізге білім туралы диплом да, кез келген өзіндік тәжірибе де талап етілмей, жарты жыл ішінде таңғаларлық мансап ұсынылса... Сақ болыңыз! Ғажап дүние болмайды! Жұмысты ұсынып отырған іждағатсыз қарайтын, алақол адам. Жауапкешілігі мол, барабар адам Сізге орта рыноктық өтемақы ұсынады (плюс-минус 20%). Кеңес: жұмыс іздеу кезінде тұратын қалаңыздағы (өңірдегі) (еңбек еткіңіз келетін салада) өз мамандығыңыз бойынша еңбек төлемінің орта деңгейіне міндетті түрде талдау жүргізіңіз!



Ештеңеге төлемеңіз!

Кейбір фирмаларда ізденушілерді лауазымға ие болу үшін кез келген соманы төлеу қажет деп сендіреді. Мысалы, оқыту курсы үшін, келісімшартқа қол қою үшін немесе ойдан шығарылған дисконнтық карта үшін. Алаяқтар ақшаны алдап қолға түсірудің көптеген жолдарын ойларынан шығарады. Адал ниетті жұмыс беруші жұмыс іздеушілерден ешқашан ақшалай салуды талап етпейді. Кеңес: «Жұмыс істегеніңіз үшін Сізге төлеу керек, Сіз – фирмаға емес» ұстанымын сақтаңыз!


Сөзге сенбеңіз!

Егер Сізді жұмысқа алатын сияқты болып, бірақ құжаттарыңызды рәсімдеуден бас тартса, сенбеңіз! Және де алаяқтардың: «Сынау мерзімі уақытына біз келісімшарт жасаспаймыз және еңбек кітапшасына жазу жазбаймыз» - дегендеріне сенбеңіз. Сіздің мекемемен қатынасыңызды құжат арқылы рәсімдеу қажет. Ауызша берілген уәде ештеңеге міндеттемейді. Егер Сіз еңбек келісімшартынсыз жұмыс істеуге келісім берсеңіз, есіңізде сақтаңыз, Сіз тәуекелге бел байладыңыз, және де күтпеген «сыйлықтарға» дайын болыңыз!


Ең бастысы –

өзіңізді байсалды және сенімді ұстаңыз,

өзіңізге өзіңіз сеніңіз!
Материал Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Бүгінгі еңбек нарығындағы құқықтың қорғалғандығы – ертеңгі құрметті қарттық шақ» жобасы аясында «ЗУБР» Әлеуметтік бірлескен қорымен дайындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет