Оқушыларды сыни тұРҒыдан ойлауғА Үйрету асемова Гулнар Турсумбаевна Тарих пәнінің мұғалімі «№4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі»



Дата02.02.2024
өлшемі18.22 Kb.
#490656
ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ


ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ
Асемова Гулнар Турсумбаевна
Тарих пәнінің мұғалімі
«№4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,Шақпақата ауылы
Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін ол белгілі бір ортаға бейімделіп, өмір сүру қалпын жалғастырары сөзсіз. Осындай «жеке әлемді» зерттеп, танып-білуде, олардың сана-сезімін көтеріп, өмірге, қоғамға бейімдеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Кәсіби тұрғыдан маманданған мұғалім озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, баланы өзгермелі өмірге дайындайды, сол арқылы өзі де үнемі өзгеріс, кәсіби даму үстінде болады.
Қазіргі заманда білім беру – үздіксіз үдеріс екендігі түсінікті. Ал үздіксіз білім беруде мұғалім мен балалардың сын тұрғысынан ойлауы ерекше орын алады. Себебі, сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамытатын педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылармен қатар мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау - сынау немесе қарсы пікір айту емес бұл - ақиқатқа жетуге ұмтылу, шыңдалған ойлау. Сыни ойлау тек ересек жастарға да, балалар мен адамдарға ғана тән деп ойлау дұрыс пікір болмайды. Егер дұрыс ұйымдастырылған жағдайда балалардың да өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұған соңғы кездегі көптеп жүргізілген зерттеу сабақтары дәлел бола алады. Сын тұрғысынан ойлау – бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну бағалау, талдау және синтездеу қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі, түрткі болуы да мүмкін.Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді барлық сабақтарда қамтуға тырысамын. Себебі, сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдері мен стратегиялары болғандықтан оқушылардың сындарлы ойлауға қалыптасуы мүмкін болды. Ол үшін алдымен сабақтарымның басында «екі жұлдыз, бір тілек», «жүректен жүрекке» әдістері арқылы сыныптың психологиялық ахуалын жақсартып отырдым. Баланың бір-біріне жақсы қасиеттерін, тілектерін айтып, яғни сұхбаттасуы арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырдым. Сабақ барысында қолданылған сын тұрғысынан ойлау әдістері «Миға шабуыл», «Автор орындығы», «Венн диграммасы», «Автобусты аялдама» , «Сәйкестендіру», «Топтастыру» оқушыларды оқытуда, пәнге қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізді. Оқушылар дәстүрлі сабақтардағыдай емес бұл сабақтарда белсенді іс-әрекет жасауға, топтық жұмыста тақырыпты бірігіп шешуге, ынтымақтастық атмосферасын құруға атсалысты. Өз ойларын ашық, еркін, қысылмай жеткізуге мүмкіндік алды. Өздерінің бойындағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, бір-бірінің жаңа қырларын тануға ынталы болды. Достық қарым-қатынасқа түсіп, сыни ойлауы қалыптаса бастады. Мәселеге, бір жақты қарамай әр қырынан қарауға, күмәнді ойларын ашық білдіруге ұмтылды. Бұл өз кезегінде оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігін кеңейтті деп есептеймін.
Бағдараманың жеті модулінің бірі «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» модулі сабақ үдерісі кезінде оқушылардың білімдерін, ойлау мүмкіндіктерін кеңейтуде жақсы нәтиже беретінін көрдім. Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасап, өз ойларын ортаға салып, топтық жұмысты қорғаған кезде табысты болды. Дәстүрлі сабақтарда оқиға немесе іс-әрекетті түсіндіру барысында тек баяндап кету үрдіс алған болса, мұнда оқушы тапсырманы, оқиға желісі туралы ақпаратты көзімен көруге мүмкіндік алды. Қызығушылығы оянды. Қазіргі ақпараттық-техника дамыған заманда тек тақтамен немесе плакаттармен сабақ өту артта қалушылық болып табылады деп ойлаймын. Сабақтарымда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың элементтерін пайдалану тиімді болды. Қазіргі уақытта кез-келген мұғалімнің өз сабақтарында АКТ пайдалануына мүмкіндік бар. Мен де барлық сабақтарымда АКТ пайдалануға тырысамын. Сонымен бірге сабақты талқылау барысында оқушыларға ұялы телефондарын пайдалануына мүмкіндік жасадым.
Бұған дейін дәстүрлі сабақтарда мен оқушыларды жиі тыйып тастайтын едім. Ұялы телефондарын көрсем алып қоюға тырысатынмын. Сол арқылы мен олардың мүмкіндігін шектейтінмін. Осыдан кейін мен түбегейлі өзгергенімді байқадым.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау кезінде сабақтарымда қалыптастырушы бағалауды, оқыту үшін бағалауды қолдандым. Топтық жұмыстың іс-әрекетін, топтық жұмысқа белсене араласқан оқушылардың мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік болды. Бұрынға сабақтарда оқушы сандық бағаға үйреніп қалған. Мұғалімнен алған бағаға әдеттенген еді. Ал бұл сабақтарда оқушылардың бір-бірін бағалау арқылы мұғалім сабақ соңына барлық оқушыларды да бақылап, бағалауға мүмкін болды. Өз іс-тәжірибемде бағалауды іске асыруда формативтік бағалау тәсілдерін енгізуді сабағымның соңында емес сабақ барысында критерилер арқылы бағалау жүргіздім және бұл менің бағалаудағы өзгерісім деп есептеймін. Сабағымды тек формативті бағалдаумен бірге «жарайсың», «дұрыс айттың», «керемет ойлар» сияқты мадақтау оқушыға жағымды әсер ететінін түсіндім. Сабақта оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін критерилер арқылы бірін – бірі бағалауы, өзін - өзі бағалауы оқушылар үшін де өзгеріс болды. Өзін-өзі бағалау, топ көшбасшыларының бағалауы оқушылардың өздерін әділ бағалауына мүмкіндік береді. Бұған оқушылардың сабақта өзін-өзі бағалауда - өздеріне балды бағаға айналдыру барысында «үш», «төрт» сияқты бағаларды қоюы болып табылады.
Қорыта келе айтарым, тарих сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауға үйрету мынадай мүмкіндіктерге жол ашады. Сәтті жағы оқушылар топқа бөлінуі, топта бірлесіп жұмыс жасауы, өз ойларымен бөлісуі, ақылдасуы, берілген әдіс-тәсілдердің орындалуын еркін меңгеруі. Сәтсіз жағы уақыттың жетіспеушілігі, кейбір оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы,қобалжуы. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа материалдағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды.
Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, баланың ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы беріледі. Оқушылар жаңа білім бойынша өз жобалары, болжамдарын тыңдап, талқылауды үйренеді, яғни мұны оқушылардың тапсырманы орындау барысында белгілі бір шешім қабылдауда сыни тұрғыда ойланып, әрекет етуі деп түсінемін. Баланың өз бетімен ізденуге деген талпынысы, ынтасы, белсенділігі артады, сондықтан бала әрі қарай тақырыпты өз бетімен ізденіп, табады және өз ойын жетілдіреді. Жазу кезінде бала санасында ғажайып ойлар пайда болады, ол ойын жарыққа шығарады, өзгенің сөзін тыңдау арқылы өзінің өзгеге құрметін көрсетеді және өзін өзгенің тыңдауына, сыйлауына жол ашады. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Менің бұл модульді таңдау себебім, болашақ ұрпақтың кез - келген қоғамда, кез -келген жағдайда өзін-өзі алып шығатындай дәрежеге жеткізу. Сабақтарымда бағалау критерийлерін күрделі етіп алу, кей топтарда тапсырмалардың толық орындалмауы сияқты қателіктер де болады. Көрсетілген қателіктерді болдырмау үшін бағалау критерийлерін балалармен бірлесе жасап, толық орындалмаған тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт аралығында бірлесіп талқылауды ұсынамын. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға, бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісіп, алдағы уақытта да бағдарламаның негізгі идеясы жеті модульді кіріктіре отырып сабағымызда білім дәрежесін жоғарылатуға, оқушылардың өз бетімен оқуына көмегі зор деп ойлаймын. Сонымен, барлық жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетіп отыр. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуде ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің пайдасы мол екенін ескеру керек. Осындай жаңаша құрылған сабақтар өткізе отырып, оқушылардың білім сапасының артуына, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өз беттерімен ізденуіне, ой-бөлісуіне, ең бастысы, еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны жеке тұлға қалыптасуына өз септігімізді тигізе аламыз деп айтқым келеді. Білім беру саласындағы жаңа өзгерістер болашақ ұрпақтың ел мүддесіне еңбек етер, өзіндік ойы бар, жеке тұлға болып қалыптасуын мақсат еткендіктен өзіме жүктелген жауапкершілікті сезінемін. Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Осындай жаңа тәсілдерді өз сабақтарымызда қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын көтеруге, игі нәтижелерге жетеріміз сөзсіз.
Әдебиеттер
1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж.
2. «Ұстаздық еткен жалықпас» дидактикалық әдістемеcі, 2010ж. Б.Әубәкірова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет