«Өзіндік жұмыс» «Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары»


Электоралды белсенділікті арттыру жолдары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата25.04.2024
өлшемі396.45 Kb.
#499853
1   2   3
Доклад саясаттану

3.Электоралды белсенділікті арттыру жолдары 
Жастардың электоралды белсенділігі бірінші кезекте құқықтық санасына 
бағытталуы керек. Бұл олардың құқықтық мәдениетін көтереді. Екінші 
кезекте дұрыс ақпарат алуына жағдай жасау қажет. Сайлау алдында 
ақпараттар ағыны келіп түседі, бұл сайлау жүйесі туралы білмейтін жастарға 
үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан оны жүйелендіру керек және ол 
үшін үнемі ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін, саяси жүйе, сайлау 
жүйесі туралы мемлекеттік мекемелер, оқу орындары, жастар ұйымдары, 
сайлау комиссиялары т.б. тарапынан алуан түрлі іс-шаралар кешенін үнемі 
өткізіп тұруы қажет. Сондықтан мемлекеттiк құрылым, сайлаулар, саяси 
жүйенi талқылайтын және сайлаушымен манипуляциялау әдiстерi, «қара 
пиар» түрлері және тағы басқа мәселелерді талқылайтын арнаулы жастарға 
арналған жобалар көбейту қажет. Тіптен жоғарғы оқу орындарында таңдау 
пәні ретінде сайлау құқығы пәнін енгізсе де артықтық етпейді. 
Электоралды белсенділікті зерттеудің маңызы сайлау нәтижесі елдегі 
әлеуметтікэкономикалық, саяси, мәдени-демографиялық үдерістердің, 
мемлекеттің саясатына халықтың жауап беруінің көрінісі болып табылады. 
Сайлаулар — азаматтардың саяси шешім қабылдауға қатысуында мемлекеттің 
ұстанған саясаты мен саяси элитаға деген қатынасын анықтауға мүмкіндік 


береді. Сондықтан электоралды белсенділік саяси үдерістің барлық 
субъектілеріне қызығушылық тудырады.
Электоралды белсенділікті зерттеудің маңызы сайлау нәтижесі елдегі 
әлеуметтікэкономикалық, саяси, мәдени-демографиялық үдерістердің, 
мемлекеттің саясатына халықтың жауап беруінің көрінісі болып табылады. 
Сайлаулар — азаматтардың саяси шешім қабылдауға қатысуында мемлекеттің 
ұстанған саясаты мен саяси элитаға деген қатынасын анықтауға мүмкіндік 
береді. Сондықтан электоралды белсенділік саяси үдерістің барлық 
субъектілеріне қызығушылық тудырады. 
Сайлаулар мен электоралды белсенділікті зерттеудің нәтижелері тек 
мүдделі саяси күштерге ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті 
билік органдары мен сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс істейтін 
заң шығарушылар үшін де, әлеуметтікэкономикалық саясатты қалыптастыру 
мен жүзеге асыруда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруге 
арналған жергілікті билік пен сайлау комиссиялары үшін де құнды 
ақпараттық-аналитикалық ресурс болып табылады. 
Қорытынды 
Қорыта айтқанда озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар,ұлттық 
тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен 
таразылап,юолашағын болжай білетін тұлға ретінде қалыптасары 
анық.Ұлттық және жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан жастардың 
белсендігінің қалптасуында ұлттық менталитет,патриоттық сезімдермен қатар 
дүниеге көзқарастық ұстанымдар мен діни сенімдердің де алатын орны 
ерекше.Сол себепті де қазіргі кездегі жастардың ұлттық мәдениеттегі үлесі 
орасан зор.Себебі ұлт болашағы,қазақ хадқының дәстүрінің жалғасы осы 
жастардың бойындағы ұлттық сана-сезімі мен дүниетанымына тікелей 
тәуелді. 




 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет