Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Мәриямды кепілдігіне алу үшін қаламдарын



Pdf көрінісі
бет232/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Мәриямды кепілдігіне алу үшін қаламдарын (өзенге) 
лақтырған кезде сен қастарында болған жоқсың»
1

Бұл ұстаздардың арасында Зәкәрия да бар болатын. Барлық 
ұстаздардың қаламдары өзен ағысымен кетті де, жалғыз 
Зәкәрияның ғана қаламы ағысқа қарсы жүзді. Сөйтіп, Зәкәрия 
Мәриямға кепіл болып, оны тәрбиесіне алды. Уақыт өте келе 
Мәриям дүниелік істерден баз кешіп, өзін Тәңірі ғибадатына 
бағыштап Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық етіп, елге ізгілігімен 
танылды. Ғибадатшыл, тақуа Мәриямның бойынан кереметтер 
бой көрсете бастады. 
Бір күні Зәкәрия қыс мезгілінде Мәриямның бөлмесіне 
кіргенде оның алдында тұрған жаздық жеміс-жидектерді көреді. 
Ол уақытта бүгінгідей жеміс-жидектерді сақтаудың алуан 
тәсілдері және сақтау құралдары жоқ еді. Тіпті Зәкәрия бұл 
кереметтің бір емес, бірнеше рет куәсі болады.
«Зәкәрия оған (Мәриямға) михрабқа қай кезде кірсе де 
оның алдынан бір ризық-несібе көретін»
Ал бұл әдеттегі азық емес-ті. (Зәкәрия):
«Ей, Мәриям! Бұл сенде қайдан пайда болды?» – деп 
сұрағанда, ол:
1
«Әлі Имран» сүресі, 44-аят. 


269
 
 
«Бұл – Аллаһтың алдынан», – деп жауап беретін. Аллаһ 
тағаланың сол әйелге көрсеткен құрметі сондай, тіпті, оған 
періштелер Раббысының алдынан ризық әкелетін. «Аллаһ 
қалаған пендесіне есепсіз ризық береді»
1

«Кім Аллаһтан қорықса, (Аллаһ) оған шығар жол береді 
және оны өзі ойламаған жерден ризықтандырады»
2

Яхияның дүниеге келуі 
Мәриямды тәрбиелеп өсірген Зәкәрия оның бойындағы 
осыншалықты қасиеттерді көріп, әуесі кетіп өзі де бір бала 
сүйгісі келді. Бұл кезде ұлы Яхия әлі туылмаған еді. Зәкәрияның 
жасы жүзде, ал әйелінің жасы тоқсан тоғызда еді делінген. Жасы 
жүзге иек артқан Зәкәрия Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға-тілек 
етеді. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет