Пакеттер диаграммасы және оларды қолдану
Пәндік сала жайлы ақпаратты жүйелендірудің маңызды мәселесі - үлкен жүйені ішкі жүйелерге бөлу. Топтаудың бұл механизмі пакеттер (package) деп аталады.
Пакеттер кластарды топтарға біріктіру үшін қолданылады, UML моделінде әр класс бір ғана пакетке қосыла алады. Пакет басқа пакеттердің құрамына кіре алады, яғни пакет ішкі пакеттерден және ішкі кластардан тұрады.
Әр пакеттің өз атауы (namespace) бар, яғни әр кластың да өз аты болуы тиіс. UML тілінде пакеттер атауын қолданғанда, қос нүкте қолданылады: System::Datе.
Пакеттер диаграммасы жүйе моделімен жұмысты оңтайландыру және құрылымды қысқарту мақсатында қандай да бір белгілері бойынша элементтерді ұйымдастыру үшін арналған диаграмма.
Диаграммаларда пакеттер салмалары бар бума түрінде бейнеленеді. Пакеттің атауын немесе пакет мазмұнының атауын на көрсетуге болады.
UML пакеттегі кластарға ашық (public) немесе жабық (private) болуға мүмкіндік береді. Ашық класстар пакет интерфейсінің бөлігін бейнелейді және басқа пакеттердегі класстар осы класты қолдануы мүмкін. Жабық кластарға қолжетімділік шектеулі.
Пакеттер диаграммасындағы пакеттер мен тәуелділіктер
Пакеттер диаграммасы (package diagram) пакеттер мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Бейнелеу кластары үшін пакеттер және пәндік сала кластары үшін пакеттер болған жағдайда, егер бейнелеу пакетінің кез келген класы пәндік сала пакетінің қандай да бір класына байланысты болса, бейнелеу пакеті пәндік сала пакетіне байланысты болады. Осылайша, пакетаралық тәуелділік олардың ішіндегі тәуелділікті көрсетеді.
UML тілінде әр түрлі тәуелділіктер бар, олардың әрқайсысы семантика мен стереотипке ие. Стереотипсіз тәуелділікпен бастаған ыңғайлы және қажет болған жағдайда тәуелділіктің нақты түрлерін ғана пайдаланған жөн. Орташа және үлкен жүйелерде пакеттер диаграммасын құру көп өлшемді құрылымды басқаруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.
Пакет аспектілері
Пакеттер диаграммасында екі құрылым бар, біріншісі – қосымша деңгейінің құрылымы: ұсыныс(presentation), пәндік сала(domain), деректерді түрлендіргіш(data mapper) және деректер қоры (database). Екіншісі – пәндік сала құрылымы: жалға(leasing) және жекеменшік (asset).
Пакеттер диаграммасы
Пакеттер диаграммасын қашан қолданған дұрыс?
Пакеттер үлкен проектілер үшін өте маңызды құрал. Пакеттерді А4 форматты қағаз бетіне орналасқан бүтін жүйенің класстар диаграммасын оқу қиындыққа ұшыратқан жағдайда қолданған жөн.
Пакеттер, әсіресе, тестілік тексеріс өткізгенде қолайлы. Тестілік блоктарды пакет негізінде құраған жақсы. Мұндайда әрбір пакет, осы пакеттің тәртібі тексерілетін, бір немесе бірнеше пакеттен тұруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |