5. тақырып адвокаттардың ҚҰҚЫҚТЫҚ жағдайы. Адвокаттық Қызметті лицензиялау тәртібі



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі18.77 Kb.
#479505
түріЛекция
  1   2
BWTEXHWVEWWX02102023082256

5.ТАҚЫРЫП АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ.


2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Негізгі ұғымдар: адвокат, қорғаушы, адвокаттық қызмет, аттестация тәртібі, адвокаттар алқасы, қылмыстық сот өндірісі.
3.Лекция мазмұны: Адвокаттың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мәселесін толығырақ ашып көрсету үшін, біздің ойымызша, оны адвокаттар алқасының мүшесі және заң көмегін көрсететін тұлға ретінде олардың өз ара тығыс байланысын ескере отыра, шартты түрде ажырату керек. Өзін-өзі басқаратын ұйымының мүшесі бола отыра, адвокаттық алқа, оның органдары және лауазымды тұлғалыры тарапынан кәсіби көмекті және қорғауды пайдалануды, адвокаттар алқасы органдарына сайлауға және сайлануға, адвокаттар алқасын басқаруға қатысуға, адвокаттар алқасының органдарының алдында оның қызметіне байланысты мәселелерді қоюға, оның жұмысын жақсарту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар еңгізуге, шешімдерді талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметі туралы құжаттар мен материялды тапсыруды талап етуге, адвокаттар алқасының өз қызметін немесе іс әрекетін тексертуі мен талқылауының барлық жағдайына қатысуға, алқа Жарғысында анықтаған тәртіп пен шарттар бойынша адвокаттар алқасы мүлігін пайдалануға, өз еркімен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
Мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заң көмегі үшін жүгінген адамның мүддесін білдіруге адвокат құқығын мойындаудан бас тарта алмайды. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты іс бойынша заң көмегін кљрсетуіне байланысты өтінішіне он күн мерзім мен кешіктірмей жазбаша жауап беруге міндетті.
Адвокаттың барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметті жүргізу үшін қажетті мәліметтерді сұратуға, заң көмегін көрсету үшін нақты мәліметтерді жинауға және дәлелдемелерді ұсынуға, заң көмегін көрсету мен ғылым, техника, өнер және қызметтің басқа салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шартық негізде мамандар қортындысын талап етуге, мемлекеттік құпияға жататын ақпараттармен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтік және, егер бұл заңнама актілерінде және т. б. Көзделген тәртіппен анықтауды, алдын ала тергеуді жүргізу кезінде және сотта қорғауды немесе өкілдік етуді жүзеге асыру үшін қажет болса, танысуға құқығы бар.
Мемлекеттік құпиялар – бұл таратылуын мемлекеттік әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметтерін және жалпы қабылданған халықаралық құқық нормалары қайшы келмейтін өзгеде қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, қорғалатын, мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер.
Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді сұрататын адвокаттар өздерінің сақтығын қамтамасыз ететін қажетті шарттарды жасаттыруға міндетті және мәліметтермен танысу бойынша белгіленген тәртіптің сақталуы үшін тікілей жауапкершілік көтереді.
Адвокаттық іс жүргізу және адвокаттың соған байланысты материялдары мен құжаттары, заңнама актілерінде кез-келген жағдайларды қоспағанда, тексеріске, алуға, тінтуге, қарауға жаттпайды.
Адвокаттар алқасына мүшелік онда тұрған адамдарға азаматтық және қылмыстық істер бойынша қорғау мен өкілдікті жүзеге асыру кезінде заң талаптары дәл және мүлтіксіз сақтау, адвокатураны ұйымдастырумен қызметінің принциптерін, кәсіби мінез-құлық пен адвокаттық құпиясын сақтау міндеттемесін жүктейді. 1997 жылғы 5- желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңы мен адвокаттар алқасы Жарғысында адвокаттар алқасының мүшесінің мүшелік жарна төлеу міндеттемесінен басқа алқа алдында біржақты мүліктік міндеттеме алмайтындығы ашық айтылған. Адвокаттар алқасы мүшелері алқа мүлігіне меншіктік мүлік құқығын алмайды. Алқа өз мүшелерінің қарыздары мен міндеттемелері бойынша, ал адвокат алқа қарыздары мен міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Осы құқықтық қатынастар адвокатура институты қызметінің негізгі принциптері болып табылады. Осы принципті адвокатқа алқаның өзінде өз іс-әрекетінде тәуелсіз болуға, заң шегінде ешкімнің ықпалына түспеуге мүмкіндік береді.
Адвокаттың қызметі жеке өмірін қорғау үшін заң көмегіне жүгінген адамның құқығымен тығыз байланысты. Бұл ол адамға өзінің жеке өміріндегі кейбір пендешіліктердің жария болмайтындығына және өзіне қарсы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және тұлғалардың оны пайдаланбайтындығына сенім кепілдігін береді.
Адвокаттық кәсіп өз қызметінде мемлекеттік органдар лауазымды адамдарды, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және басқа ұйымдар тарапынан араласудың кез келген нысанынан тәуелсіз болуды талап етеді және адвокатураны ұйымдастырудың және қызметінің принциптерін басшылыққа ала отыра, кәсіптік парызбен адвокаттық құпия нормаларын сақтай отыра, заңнама талаптарына сәйкес әрекет жасауға мүмкіндік беретін адвокаттың бір жола дербестігі қамсыздандырылған кезде ғана жүзеге асады.
Осы баяндалғандарға байланысты, заң бойынша адвокатқа мемлекеттік қызметке тұруға және кәсіпкерлік қызметпен айналасуға, өзге ақылы қызметті атқаруға тиым салынады. Адвокат тек оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен ғана айналасуға тиіс. Бұл ғылыми немесе оқытушылық жұмыспен айналысатын адамның адвокаттар алқасына қабылданатындығын ашық көрсетеді. Мұндай женілдік бір жағынан, адвокаттық қызмет ғылым жетістіктерін пайдалануға көмектеседі, ал екінші жағынан ұстаздық және шығармашылық қызметтегі нәтижелер мен мұқтаждықтарды ескеруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет