Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі
пәні
дәптер саны
Қазақ тілі
3
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Әдебиеттік оқу
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Орыс тілі
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Ағылшын тілі
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Математика
3
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері (бақылау
жұмысы осы
дәптерде орындалады);
Жаратылыстану 1 - 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады);
Дүниетану
1
- 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады);
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі
бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
Ақтөбе қаласы
№8 орта мектебінің
3 «А» сынып оқушысы
Айдарұлы Досболдың
қазақ тілі дәптері
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал
3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3
сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
1-2-сыныпта кіші жол дәптердегі кіші әріптің биіктігі 4 мм, көмекші жолдың биіктігі 8 мм
болады. Үлкен жолды дәптерде кіші әріптердің биіктігі 3 мм, бас әріптің биіктігі 6 мм
болады.
Дәптердегі барлық
жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі
керек:
- жазуы ұқыпты;
- оқушылардан
әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан (жаңа жолдан)
бастап жазу, жолды дәптердің түп жағынан (10-15 мм), оң жағынан (20 мм), тор
дәптердің түп жағынан 2 тор, шектеу сызығына 1 тор жетпейтін бос орын қалдыру,
біркелкі көркем жазу талап етіледі.
- 1,2 және 3 сыныптың 1
жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол
ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы:
15-жаттығу
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз
жазылады. Мысалы: