Деректер қорына кіріспе. Негізгі түсініктердің жалпы сипаттамасы. Деректер қорын басқару жүйесі



Pdf көрінісі
Дата13.12.2022
өлшемі94.14 Kb.
#467178
1 Лекция



Деректер қорына кіріспе. Негізгі түсініктердің жалпы сипаттамасы.
Деректер қорын басқару жүйесі
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық
мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды
өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында
дайындалатын мөліметтер:
· түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилия сы,
аты, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.);
· факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра
қызметкерлерінің тізімдері;
· студенттер жөнінде мөліметтік тізімдер, т.б.
Оларды сақтаудың көп тараған өдісі — компьютерде деректер қоры
түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ)— құрылымы берілген тәсіл бойынша
ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын ,
кейде берілгендер қорыдеп те атайды). ДҚ-да сақталатын берілгендер
кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл — деректер қорыоған
енгізілетін кесте - ДҚ құрамында сақталушы объект(объект — қасиеттері,
өрістері бар, өзімен түрлі әрекеттер орындауға болатын нәрсе, мысалы,
кесте). Деректердің байланысты элементтер тобын жазба(не жазу)деп
атайды.
Деректер базасы (ДБ немесе мәліметтер базасы) – белгілі-бір пәндік
салаға қатысты обьектілер (үрдістер, құбылыстар, оқиғалар) және олардың
қасиеттері мен өзара байланысын көрсететін, атаулары белгіленген
мәліметтер, ақпараттар немесе деректер жиынтығы.
Деректер базасы арнайы пәндік саладағы әр түрлі қолданыстағы
деректер байланысын көрсететін бірнеше түрлі болып келуі мүмкін. ДБ-ның
өнеркәсіп саласы банк қызметкерлерінің бірігіп пайдаланылатын деректер
жиыны деп анықтауға болады. Осыған сәйкес деректердің бөлінуін жүйенің
арнайы пәндік саладағы ДБ-негізгі тағайындауы анықтайды. Сөйтіп, ДБ мен
арнайы пәндік салаға жататын обьектілерді (үрдіс, операция, оқиға, жүйе)
сипаттаушы олардың қасиетін, байланысын көрсетуші деректер
анықталады.
Мәліметтер банкі АЖ-ның бір түрі болып табылады, мұнда бір немесе
бірнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпаратты
орталықтандырылған түрде сақтау мен жинаудың қызметтері жүзеге
асырылған.
Мәліметтер банкі (МБ) жалпы жағдайда келесі компоненттерден:
мәліметтер қорынан (бірнеше қорынан), мәліметтер қорын басқару
жүйесінен, мәліметтер сөздігінен, әкімшіден, есептеу жүйесі мен қызмет
көрсетуші персоналдан тұрады. Аталған компоненттер мен солармен
байланысты маңызды түсініктерді қысқаша түрде қарастырып кетейік.


Мәліметтер қоры (МБ) есептеу жүйесінің жадында сақталатын және
объектілер мен қарастырылып отырған пәндік салада олардың өзара
байланысының жағдайын бейнелейтін, арнайы түрде ұйымдастырылған
мәліметтердің жиынтығы болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз – бұл МҚ-ны
құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып
пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша
ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға
негізделген МҚБЖ-лар реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады.
Алғашқы МҚБЖ-ларға келесілер жатады: IMS (IBM, 1968 ж.), IDMS
(Cullinet, 1971 ж.), ADABAS (Software AG, 1969 ж.) және ИНЭС (КСРО АҒ
ВНИИСИ, 1976 ж.). Қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйелері
мыңдап саналады.
Қосымша дегеніміз қолданбалы міндеттер үшін ақпаратты өңдеуді
автоматтандыруды қамтамасыз ететін программа немесе программалар
кешені болып табылады. Біз МҚ-н пайдаланатын қосымшаларды
қарастырып отырмыз. Қосымшалар МҚБЖ ортасында немесе одан тыс
ортада – МҚ-ға қол жеткізу құралдарын, мысалы, Delphi немесе С++
Builder пайдаланатын программалау жүйесінің көмегімен құрылуы мүмкін.
МҚБЖ ортасында жасалған қосымшалар көбінесе МҚБЖ қосымшалары
деп, ал МҚБЖ-дан тыс ортада жасалған қосымшалар сыртқы қосымшалар
деп аталады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбінесе МҚБЖ құралдарын
қолданған жеткілікті болады және өздерін құруға программалауды қажет
ететін қосымшаларды пайдаланудың қажеті болмайды. Қосымшалар
негізінен біліктілігі жоқ пайдаланушыларға МҚ-мен жұмыс істеу ыңғайлы
болуы үшін немесе МҚБЖ интерфейсі пайдаланушыларды
қанағаттандырмаған жағдайларда жасалады.
Мәліметтер сөздігі (МС) мәліметтердің құрылымы туралы, МҚ
файлдарының өзара әрекеттері туралы, мәліметтердің типтері мен оларды
ұсынудың форматтары туралы, мәліметтердің пайдаланушылардың
меншігіне жатуы, қорғау және қол жеткізуді шектеу кодтары және т.б.
туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған МҚ ішкі
жүйесі болып табылады.
Функционалды түрде МС барлық МБ-ларда болады, алайда осы
қызметтерді атқаратын компонент әрдайым дәл сондай атқа ие бола
бермейді. Көбінесе МС қызметін МҚБЖ орындайды және олар жүйедегі
негізгі менюден шақыртылып немесе соның утилиталары арқылы жүзеге
асырылады. 


Мәліметтер қорының әкімшісі (МҚӘ) дегеніміз – МҚ-ға қатысты
талаптарды даярлау ісіне, оны жобалауға, құруға, тиімді түрде пайдалануға
және ілесіп жүруге жауап беретін тұлға немесе тұлғалар тобы. Пайдалану
барысында МҚӘ әдетте ақпараттық жүйенің жұмысын қадағалайды, рұқсат
етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді, МҚ-да сақталатын
ақпараттың көптігін, қарама-қайшылықсыздығын, сақтанымдылығы мен
дәйектілігін бақылайды. Бір пайдаланушыға арналған ақпараттық
жүйелерде МҚӘ қызметтері, әдетте тікелей МҚ қосымшаларымен жұмыс
істейтін тұлғаларға жүктеледі.
МҚӘ есептеу желісінде, әдетте, желінің әкімгерімен өзара
әрекеттеседі. Соңғысының міндеттеріне желінің аппараттық-программалық
байланыс құралдарының жұмысын бақылау, желіні қайта құру, тоқтап
қалулар мен істен шығулардан кейінгі программалық қамтуды қалпына
келтіру, алдын-алу шаралары мен қол жеткізудің бөлініп шектелуін
қамтамасыз ету ісі жатады.
Есептеу жүйесі (ЕЖ) өзара байланысқан және келісілген түрде әрекет
ететін ЭЕМдердің немесе процессорлар мен өзге де құрылғылардың
жиынтығы болып табылады, ол ақпаратты қабылдау, өңдеу мен оны
пайдаланушыларға ұсыну процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
МБ-ның негізгі қызметтеріне мәліметтерді сақтау мен өңдеу ісі жататын
болғандықтан, қолданылатын ЕЖ орталық процессорлардың (ОП) оңтайлы
қуаттылығымен қатар тікелей қол жеткізудің жеткілікті көлемдегі жедел
және сыртқы жады болуы тиіс.
Қызмет көрсетуші персонал техникалық және программалық
құралдарды жұмысқа қабілетті қалпында ұстап отыру қызметін орындайды.
Ол жоспар бойынша, сондай-ақ қажетінше алдын-алу, регламенттік,
қалпына келтіру және өзге де жұмыстарды атқарады.
МҚБЖ -н қолданылуға қойылатын талаптар.
1. Пәндік саланың әр түрлі функциясы үшін МҚБЖ тиімді пайдалану.
2. Сақталған деректердің артықшылығын азайту.
3. Шешім қабылдау үрдістер үшін қарама-қарсы ақпараттың болмауы.
4. Деректердің басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
5. ДБ-ы физикалық қайта құрудың ерекшелігі
6. ДБ-ның орталықтанған болу мүмкінділігі.
Деректер базасын басқару жүйесі, яғни МҚБЖ - көп мақсатты
қолданысты, деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін, деректер базасын құру
үшін алу жолына арналған программалық көмек.
МҚБЖ – ДБ-ы құруға мәліметтерді жан-*жақты қолдану мен өңдеуге
арналған ақпараттық жүйе. Қазіргі ақпаратты өңдеу жүйелері үлкен,
кеңейтілген деректерді түрлендіруде іске асырылады.


Мәлімет түсінігінің синонимі ақпарат, мәлімет, дерек терминдері бола
алады. Деректерді жүйелі ұйымдастыру және оларды өңдеу тәсілдері
деректер банкісінде (ДБ-н) орындалады. ДБн – ДБ мен МҚБЖ –нің жиыны.
ДБн-н қолдану ақпаратты ұйымдастыру және жүргізудің мәселелерін
шешеді:
1. Артықшылықты қысқарту
2. Бүтіндікті қамтамасыздандыру
3. Рұқсатты шектеу
4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
1. Артықшылықты қысқарту – Бұл әр түрлі өрнектелген бір ғана
деректердің болуымен бірдей деректердің түрлі физикалық қасығыштардан
жазылуынан туындайды.
2. Бүтіндікті қамтамасыздандыру - Әр уақытта тек, шынайы, дәл дерек
беретін қасиет болып табылады.
Артықшылықтың болуы немесе қысқартуға мағынасы бірдей
деректердің әр түрлі физикалық түрлерін білдіреді, әр түрлі типті деректерді
стандартталған түрде келтіру керек.
ДБ қолданудың бір ерекшелігі деректерді сақтау құрал типіне және
оларды физикалық ұйымдастыру тәуелсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Осы негіз арқасында екі деңгейлі дерек құруға болады:
1. Логикалық
2. Физикалық
1. Логикалық деңгейде мәліметтер қолданбалы программада ыңғайлы
түрде жазылады.
2. Физикалық деңгейде орналасуына байланысты сақтауц тәсілін,
деректердің құралымен көрсетеді.
Мәліметтер байланыстарының деңгейде иерархиялық, торлық және
реляциялық модельдер құрылады. Егер деректер және олардың байланысы
деректер құрылымындай болып тұрғаны болса, онда модель торлық деп
аталады. Егер де деректер байланыстарының құрылымы ағаш түрінде
болып тұрса, онда осындай модельді иерархиялық модель деп атайды. Егер
деректер мен деректердің байланыстары кестедей құрылса, онда осы модель
реляциялық модель деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет