Орындаған: Абилкасимова Аяулым баспа ісі
1-тапсырма:
1)Ресми девиантты мінез-құлық
1-мысал: жол қозғалысы ережелерін бұзу
2-мысал: дінбасының айтқанына мойынсұнбау
Бұл ресми девианттылық, себебі, мысалда келтірілген әрекеттері үшін адам мемлекет
тарапынан немесе ресми тұрғыда жазаға тартылады.
2)Бейресми девианттылық — достарымыздың, жақындарымыздың белгілі бір орынсыз әрекет
үшін тыюы.
1-мысал: ер
адамның тырнағын бояуы
2-мысал: қыз баланың темекі шегуі
Себебі, бұл біздің қоғам үшін жат әрекет, ол үшін басқалар наразылық білдіруі мүмкін.
3)Субмәдени
1-мысал: готтар субмәдениеті. Олар тек қара түсті киіи киеді, бет-әлпетін қара түске бояйды;
2-мысал: панк субмәдениеті. Олар әдетте ерсі келеді, денелерін тату-пирсингтермен
безендіреді, ауыр музыка тыңдайды.
Себебі, гот пен панк субмәдениетін ұстанадындардың стилі мен өмір сүру салты қоғам үшін
біртүрлі көрінеді және наразылық тудырады.
4)Қайталанбалы(сериялық)
1-мысал: қыз бала мектепке олай болмаса да, тырнағын ашық түске бояп келді, мектеп
әкімшілігі тарапынан ескерту алса да, кейін қайтадан тырнағын бояп келеді.
2-мысал: адам өлтірген қанішер ұсталып, түрмеге қамалып, одан шыққан соң тағы қылмыс
жасауы
5)Ситуативті
1-мысал: ата-ананың арасындағы жанжалдан болатын қолайсыз жағдай төңірегінде өскен
адамның девиант болуы әбден мүмкін.
2-мысал: кішкентай кезінде зорлық көрген қызда
фобия туындап, девиантты мінез-құлық
көрсетуі ықтимал.
2-тапсырма:
1)Инноваторлар қоғам қабылдаған мақсаттарға заңсыз жолмен жетуді көздейді, мысалы:
допинг арқылы спортта жетістіктерге жету, экономикалық жағдайыңды басқаларды тонау
арқылы көтеру.
2)Конформизм инновацияға
қарама-қарсы, қоғам белгілеген мақсаттарға тек заңды түрде
жетуді көздейді, мысалы: табысқа
адал еңбекпен жету, дарындылығың арқылы танымал әртіс
болу т.с.с.
3)Ритуализм - адамның өз мүддесі үшін емес, қоғам мүддесі үшін қоғамда мақұлданған
мәдениетке сәйкес әрекет ету арқылы мақсатқа жету. Мысалы, жұмақ пен тозаққа сенбесе де,
адамның шіркеуге баруы; отбасында зорлық-зомбылық болса да, полиция көмегіне жүгінбеу,
т.б.
4)Ретритизм - қоғам мақсаттарынан, оның нормаларынан бас тарту. Мысалы, нашақорлық,
үйсіз қаңғыбастық.
5)Бунт, көтеріліс — қоғам нормаларынан бас тартып, оның баламасын іздеу. Мысалы,
революционерлер немесе альтруисттер.
3-тапсырма:
1-теория:шиеленіс теориясы: Девианттылық - әлеуметтік құрылымның нормадан ауытқуының
сипаты.
2-теория: алғашқы әлеуметтену: анасы Тиффаниді
құшақтап, онымен жиі сөйлесу арқылы
оның бойына тілдік және әлеуметтік қарым-қатынастарды сіңіреді.
3-теория: Дағдарыс теориясы: девианттылық- қат ресурстар үшін бәсеке мен конфликтіге
қатысты қалыпты реакция.
4-теория: Қорқытып-үркіту теориясы: девианттылық- шығын мен пайданы есептеу негізінде
жасалған таңдау.
Менің девианттылықтың себебі туралы ойым Роберт Мертонның “шиеленіс теориясына”
жақын.
Менің ойымша, девианттылық — қоғамдық нормаларға сай келмейтін мінез-құлық.
Оның себебі — қоғамның мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралы арасындағы сәйкессіздік.
Осының нәтижесінде девианиттылық пайда болады, кейде қылмыскерге де айналуы ықтимал.