Оқушының оқу
нәтижелер н
бағалаудың
заманауи әд стер
Орындаған МЕК-211 студенттері:
Ақатай Сымбат
Айтбай Ақбөбек
Айдынқызы Гүлназ
Али Жайна
Айтбаев Бекарыс
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Оқушының оқу
нәтижелер н бағалаудың
заманауи әд стер
Бағалаудың жаңаша түрлері:
Өзін - өзі бағалау;
Топтық бағалау;
Критериалды бағалау;
«Бағдаршам» бағалауы;
Өзін - өзі бағалау.
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі,
өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз
жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін
талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар
оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.
Топтық бағалау.
Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың
жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ
барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды.
Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды
дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3
топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс - әрекеттер
барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз
тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының
тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады.
Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс
анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу
оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір - біріне
жан аямай көмек көрсетеді. Сондай - ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып
оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып,
ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.
Критериалды бағалау.
Оқушылардың өзін - өзі бағалау және өзара
бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету
мақсатында сабақта критериалды
бағалауды табысты қолдану. Топ
бағалаушысы өз тобының мүшелерін
парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ
барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі
критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен
белгілейді. Төменде көрсетілген
критериалды бағалаудың критерийлері:
- топтық жұмыстағы белсенділігі;
- оқушының ізденісі;
- сұраймыз - жауап береміз;
- өз жұмысын қорғауы.
Осы критерийлердің жалпы балын есептеп,
жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі
жұмыстың жан - жақты өрбуіне, ізденуіне
және әрқайсысының жеке пікірін
тыңдағанда бір - біріне құрметпен
қарағандықтары байқалды.
НАЗАРЛАРЫ
ҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |