Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақовтың Таскескенде өткен айтысы Жандарбек Бұлғақов



бет1/5
Дата29.04.2024
өлшемі23.26 Kb.
#500052
  1   2   3   4   5
Б.Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақов


Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақовтың Таскескенде өткен айтысы
Жандарбек Бұлғақов:
-Бісміллә, Алланы алып теңдесіме,
Мінейін қара өлеңнің кемесіне.
Балғынбек, Айнұр жақсы сыйлық қылды,
Бүгінгі осы тойдың егесіне.
Біз де енді сәлем беріп, сөз бастайық,
Жиылған жігіттердің төресіне.
Қайтейік екі – ақ шатыр тігіліпті,
Жиналған ақындар мен төрешіге.
Халыққа да бір шатыр тігіңізші
Талғат аға той болса келесіде.
Табанынан тік тұрып айтыс көрген,
Халықтың сүйсіндім ғой өресіне.
Төбесінен күн өтіп тұрса-дағы,
Төл өнерін көтерген төбесіне.
Айтысқа қазақтай кім құмар бопты
Домбыра жан досындай сыңар бопты!
Еңбекпен тау қопарған азаматтар
Таскескен топырағыңды құнарлы етті.
Талғат сахан үй салып әкесіне,
Кішігірім қоныс той қылам депті.
Қоныстой керемет боп өту үшін
Сәл бірдеңе жетіспей тұр-ау депті.
Ата-анамды ғана емес, атажұртты
Риза қылсам деген план бопты.
Ақыры аламанға ат шаптырып,
Жарысып бесті жүйрік құнан кетті.
Айтысқа көптен бері шықпай жүрген
Ақындар да бұл тойға шығам депті.
Палуандарды шығарып боз кілемге,
Жүлдені ең мықтысы жұлар депті.
Апама сақинамды берейін деп,
Айнұр да аттың басын бұрам депті.
Талғат балаң болмаса бұрын соңды
Таскескеннің төрінде кім әндетті?
Ағайынға бермесем ақыретке
Арқалап кетпеспін деп бұл дәулетті.
Бар тапқанын таратқан туған жерге
Жаратқан жарылқасын бұл әулетті.
Айтыста қарсыластың бәрі ыстық қой,
Талайымен шайқасып, шабыстық қой!
Ассалаумағалейкум, Бекарысым,
Сізбенен осы өнерде таныстық қой!
Сізбен айтыспағалы он жыл бопты
Көп жерге сапарлас боп барыстық қой.
Сен Мұхтармен жұп болдың айтыс сайын,
Мен Сырыммен жұп болдым айтыс сайын,
Екеуімен қайта қайта жарыстық қой.
Бірі – қортық, ал бірі – ашықауыз,
Солармен өле өлгенше алыстық қой!
Әйтеуір Талғат сақан айтыс жасап,
Таскескеннін төрінде табыстық қой.
Құтылып сен мыртықтан, мен жыртықтан,
Қысық көздер, әйтеуір, қауыштық қой.
Көрсемде қарсыластың не түрлісін,
Бекарыс аға бізге өтімдісің!
Қай ақынмен шықсаңда сахнаға
Тірлігің қаң қақсатып, ету қысым.
Ендігәрі домбыра тартпайтындай,
Көп ақынды тындырды нөпір күшің.
Айтыстың арыстаны деді сізді
Жемтігінің етін жеп, кекіргішін.
Сіз осы жай арыстан емессіз ау,
Сахнадан талайларды кетіргішін.
Ақындардың домбырасын лақтыратын
Сен маған flyarystan секілдісің!
Бекарыс, таусылмайтын термедейсіз,
Зерексіз, сөзді терең зерделейсіз!
Таңғалам айтыстағы тұлғаңызға
Шапқанда ор демейсіз, өр демейсіз.
Айтыстың легендасы болсаңызда,
Кердеңдеп, кеуде қағып, мен демейсіз.
Біреуді жерге тығып, ал біреудің
Басына саты қойып өрмелейсіз.
Әуенің де ешқашан өзгермейді,
Өлеңді де жасанды өңдемейсіз.
Біз ұқсап түкіріктеп, сілекейлеп,
Домбыраның құлағын жөндемейсіз.
Денесі терлемейтін мысық ұқсап,
Айтысқанда өмірі терлемейсіз.
Сахнада бір жұтым шай ішпейсіз,
Сахараның түйесіндей шөлдемейсіз.
Арыстан деген атым болғаннан соң,
Айбатым басқалардан кем демейсіз.
Түйе менен мысықтың қасиеті бар
Айтыстың арыстаны енді не дейсіз?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет