Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата18.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503770
  1   2   3   4   5   6   7
doc12



Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру 
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 
төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді.
2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан 
Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорттық аттақтар, разрядтар және біліктілік 
санаттарын беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген 
тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік 
тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және 
"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру және спорт 
саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт 
және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. 
Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығына
1-қосымша
 Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы қағидалары 
 1-тарау. Жалпы ережелер 
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт 
министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру 
қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес 
әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, 
разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және 
спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру тәртібін айқындайды.
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, 
жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт 
төрешілеріне біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, 
разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту 
туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін 
атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге 
асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
25.12.2018 
№ 375
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-1. осы Қағиданың 3 және 11-тармақтарда көрсетілген спорттық атақтар 
немесе біліктілік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға 
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік 
қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге 
асырылады.
осы Қағиданың 4, 5, 12, 13-тармақтарда көрсетілген спорттық разрядтарды 
немесе біліктілігік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға 
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік 
қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт 
министрінің 25.12.2018 
№ 375
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет