Паспорт государственной услуги



Дата17.07.2016
өлшемі68 Kb.
#205607
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ПАСПОРТЫ

ПАСПОРТ ГОСУДАРСТВЕННОЙ УСЛУГИ


1

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтің атауы/Наименование

государственной услуги


«Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган/Государственный орган, предоставивщий услугу

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқрамасы

3

Көрсетілетін қызметті алушылар/Потребители услуги

Лицензиаттар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны/Форма оказываемой услуги

электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны/Место предоставления услуги

Алиханова көшесі 13, 434 кабинет

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі/Порядок предоставления услуги

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы/





7

Қажетті құжаттар/Необходимые документы

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензия алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызмет алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;

көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариатта куәландырылған) көшірмесі;

порталға:

1) лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;

3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-рымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге рұқсат етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, көшірмесі құжаттарды қабылдау күні қойылған белгімен өтінім берушіге жіберіледі (табысталады);

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;

3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

5) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы болып табылады





8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі/Стоимость услуги и порядок оплаты

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдар төленеді:

1) жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензия алу кезінде – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) лицензияны қайта резімдеу кезінде – лицензияны алу кезіндегі мөлшерлемеден 10 %, алайда 4 АЕК жоғары емес;

3) лицензия телнұсқасын алу үшін – лицензия алу кезіндегі мөлшерлемеден 100 %.

Лицензиялық алым ақшалай және аударма түрінде екінші деңгей банктері немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүргізетін ұйымдар арқылы төленеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сауал жолданған жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілуі мүмкін.




9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы/Описание процесса оказания услуги

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі маман құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құжаттарды басшыға жолдайды – 15 (он бес) минут;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтайды. Қарар қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды жолдайды– 1 (бір) сағат;

  3. көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы ұсынылған құжаттарды қарастырады және орындау үшін жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) сағат;

  4. көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, нәтижесінде дәлелді бас тарту немесе лицензия ресімдейді – 14 (он төрт) жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдейді немесе дәлелді бас тартуды береді – 2 (екі) жұмыс күні, 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін - заңды тұлға – қызмет алушыны бөлу немесе бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезіндегі лицензияны қоспағанда, дәлелді бас тарту береді немесе лицензия телнұсқасын ресімдейді – 1 (бір) жұмыс күні;

  5. көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшенің басшылығы құжаттарды қарастырады және мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды немесе лицензияны беруі немесе лицензияны қайта ресімдейді немесе телнұсқа береді– 1(бір) сағат;

  6. көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады. Мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды – 1 (бір) сағат;

  7. құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы лицензияны немесе лицензияны қайта ресімделуін немесе лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметтен дәлелдi бас туралы жауапты беру туралы журналға жазба енгізеді және кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды – 1(бір) сағат;

  8. кеңсесінің қызметкері лицензияны немесе лицензияны қайта ресімделуін немесе лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметтен дәлелдi бас тарту туралы жауапты береді – 15 (он бес) минут.

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі/Срок оказания услуги

1) қызмет көрсетушіге құжаттар жинағын тапсырған сәттен бастап, сонымен қатар порталға өтініш білдірген жағдайда:

лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні), заңды тұлға – қызмет көрсетушінің бөліну немесе бірігу түріндегі қайта құрылуы кезіндегі лицензияны қоспағанда, ондай лицензия – 15 (он бес) күннен кешіктірілмей беріледі;

лицензия телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар жинағын тапсыру үшін күтудiң ең жоғары шектi уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 15 (он бес) минут.



11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі/Результат оказания услуги

Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

12

Нормативтік құқықтық

актілер/Нормативные правовые акты



«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №563 бұйрығы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет