«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет90/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 17

  1. В12-витамин тапшылықтық анемияға тән.

  2. Эритропоэздің мегалобласттық түрі. Мегалобласттық қан түзу ерекшеліктері болып, ядро мен цитоплазманың асинхронды түрде пісіп-жетілуі, цитоплазманың ерте гемоглобинизациясы саналады және көпшілік мегалобласттардың дамуының соңғы ядросыз кезеңге дейін пісіп-жетілу қабілетінің жоғалуымен, олардың тіршілік ету ұзақтығының қысқаруымен және олардың тез ыдырауға ұшырауымен жүреді.



Есеп № 18
1. В12-витамин тапшылықтық анемия дамыған.
2. Науқасқа үш жыл бұрын ішегін резекциялау операциясы жасалғанын ескерсек, В12-витамині тапшылығына байланысты анемияның дамуы, ол витаминнің сіңірілуінің бұзылуынан туындаған деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.


Есеп № 19
1. Эритроцитопения, гипогемоглобинемия, пойкилоцитоз, айқын шеткері ретикулоцитоз.
2. Тұқым қуалайтын микросфероциттік гемолиздік анемияға (Минковский-Шоффар ауруына) тән.


Есеп № 20

  1. Тұқым қуалайтын гемолиздік анемия – талассемия.

  2. Сүйек кемігінің гиперрегенерациялық жағдайын.



Есеп № 21

  1. Эритроциттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жеткіліксіздігіне негізделген гемолиздік анемия.

  2. Эритроциттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігі төмендеген кезде пентозды-фосфаттық цикл бұзылады, нәтижесінде глютатионның қалпына келген (восстановленный) түрінің түзілуі азаяды. Олар гемоглобиндерді және эритроциттер мембраналарын қышқылдардың, әр түрлі дәрілік заттардың әсерінен қорғау үшін қажет. Сондықтан глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы қалыптасқан және құрамында глютатион мөлшері төмендеген эритроциттерге қабылданған қышқылдық заттар әсер етеп, олардың гемолизін туындатады.



Есеп № 22
Науқаста β-тізбегінің синтезі төмендеген. Бұл кезде 2α және 2β-тізбектерінен тұратын А2 гемоглобинінің және 2α және 2γ-тізбектерінен тұратын гемоглобин F мөлшерлері жоғарлайды.


Есеп № 23
Мүмкін емес. α-тізбегі синтезінің толық болмауы кезінде ұрықта фетальдық гемоглобин синтезделмейді. Ұрықтың өмір сүруге қабілеттілігі болмайды.


Есеп № 24
1. А гемоглобинінің құрамына кіретін β-тізбегі синтезінің тежелуі А витаминнің түзілуінің толық тоқтауына әкеледі.
2. Жоқ β-тізбектің орнына α, γ, δ-тізбектерінің шектен тыс түзілуі А2 гемоглобинінің ( ) және гемоглобин F–тің (  ) жоғарғы деңгейде түзілуіне әкеледі.
Есеп № 25

  1. Эритроцитопения, гипогемоглобинемия, макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, айқын ретикулоцитоз.

  2. Гемолиздік анемияға тән.



Есеп № 26

  1. Нәрестелердің гемолиздық анемиясын.

  2. Rh-фактор бойынша иммуналогиялық сәйкессіздік.



Есеп № 27

  1. Гипоплазиялық анемияны.

  2. Әр түрлі дәрі-дәрмектер, соның ішінде левомицитин, миелотоксикалық әсер көрсетіп, қан түзудің тежелуіне әкелуі мүмкін.



Есеп № 28

  1. Гипохродық анемия, лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфо-моноцитоз, тромбоцитопения.

  2. Жоқ, тән емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет