Есеп № 50
Науқас А., 42 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, дене температура-сының жоғарлауына, сүйек пен буындарының ауырсынуына шағымданып келген.
Түскен кездегі қан анализі
Эритроцит 2,8х 1 мкл
Гемоглобин 84 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 82х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Миелобластар 62%
Промиелоциттер 4%
Миелоциттер 6%
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 10%
Моноциттер 2%
Тромбоциттер 142х 1 мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,4%.
Берілген гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?
Бұл жағдайда ісіктік өсу клонының көзі бола алатын гемопоэ жасушасының класын атаңыз.
Бұл гемограммада «лейкемиялық үңгір» байқалады ма? Байқалса, ол нені дәлелдейді?
Есеп № 51
Науқас В., 25 жаста, ауруханаға мұрнынан тоқтаусыз су ағып, түшкіре беретініне, мұрны мен қабағының қышуына, көзінен жас ағуға, жарыққа қарай алмайтынына, көзінің ауырсынуына шағымданып келген. Осындай жағдай соңғы 4 жыл бойы маусым айының басынан шілде айының соңына дейін байқалып отырылған.
Қан анализі:
Эритроцит 4,2х1012/л
Гемоглобин 140 г/л
Ретикулоцит 0,7%
Тромбоцит 250х109/л
Лейкоцит 9,0х109/л
ЭТЖ 20 мм/с.
Лейкоцитарлық формула:
Метамиелоциттер 0%
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 50%
Эозинофилдер 14%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 27%
Моноциттер 5%
Түстік көрсеткішті анықтаңыз.
Берілген гемограммадағы өзгерістерге қорытынды шығарыңыз.
Жасаған қорытындыңызға толықтап түсініктеме беріңіз.
Гемограммадағы өзгерістердің бұл аурудың патогенезіндегі маңызын түсіндіріңіз.
Есеп № 52
Науқас К., 20 жаста, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жұтынған кезде тамағының ауырсынуына шағымданып ауруханаға келген. Тексерген кезде: терісі бозғылт, аңқаның шырышты қабаттары гиперемияланған, бадам-ша бездері іріңді өңезделген, жақ асты түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады.
Қан анализі:
Эритроцит 4,4х1012/л
Гемоглобин 140 г/л
Ретикулоцит 0,9%
Тромбоцит 240х109/л
Лейкоцит 17х109/л
ЭТЖ 27 мм/с.
Лейкоцитарлық формула:
Метамиелоциттер 5%
Таяқша ядролы 18%
Сегменттік ядролы 55%
Эозинофилдер 1%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 20%
Моноциттер 5%
Түстік көрсеткішті анықтаңыз.
Гемограммадағы өзгерістерді сипаттаңыз және өзгерістердің механизмін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |