Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;
4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі міндеттері:
1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі функциялары мыналар:
3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
4) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;