ҚР "Педагог мәртебесі туралы" заңы 27.12.2019 жыл
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚР
1-БАП. ОСЫ ЗАҢДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кəсіп тік білімі бар жə не білім алушыларды жəне (не ме се) тəрбиеле нушілерді оқыту жəне тəрбие леу, білім беру қызметін əдіс те мелік қол дау немесе ұйымдас тыру бойын ша педагогтың кəсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
2) педагогтік əдеп – педагогтердің Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары;
3) педагогтік əдеп жөніндегі кеңес – білім беру ұйымында құрылатын, педагогтердің педагогтік əдепті сақтау мəселелерін қарайтын алқалы орган;
4) тəлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кəсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі.
2-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституция сына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Респуб ли касының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-БАП. ОСЫ ЗАҢНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйым дарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйым дарында, сондай-ақ əдістемелік кабинеттерде кəсіп тік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады. Əскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |