НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "
1 – есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік “МСК” фирмасына сол облысқа қарайтын Ы.Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан “Ласточка” лагерiн қайта қалпына келтiру мақсатында 125 га жерді ұзақ мерзiмдi пайдалануға бөлiп бердi. Соның iшiнде 30 га ауыл-шаруашылық мақсатындағы жер болғандықтан экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша жергiлiктi аумақтық орган әкiмшiлiктiң шешiмiне қарсы прокурорға шағымданды.
- шетелдік заңды және жеке тұлғалардың жер пайдалану құқығын жалға алу тәртiбi қандай?
ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi беру тәртiбi қандай?
2 – есеп. Шығыс Қазақстан облысының Ленгер ауданының тұрғыны Севченконың өз учаскесiне отырғызған қайындары көршiсi Иванов А.К.-ның учаскесiне өтпей, алайда соны жағалай өсiп Ивановтың үйiне және оның еккен картоптарына күн түсiрмегенiне байланысты Севченкоға қырқып тастау туралы ескертедi. Алайда Севченко ол қайыңдардың тек өз учаскелерiнде орналасқанына сiлтеп қырқудан бас тартады. Иванов аудандық атқарушы органға шағыммен барады.
- жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның уәкiлеттiлiгi қандай;
- жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн көрсетiңiз.
iстi шешiңiз
3- есеп. 1996 ж. “Еңбекке-Береке” шаруа қожалығы бақша өсіру үшін уақытша өтеусiз пайдалануға 57 га жер алады. Сонымен қатар, мерзiмi бiткенiне қарамастан пайдалануды әрi қарай жалғастыра бередi. Маңғыстау облысының прокурорынан жердi уақытша өтеусiз пайдалану құқығының мерзiмi асып кеткенi үшiн ол шаруа қожалығына санкция жiбередi. Ал шаруа қожалығының басшысы олар жердi уақытша пайдалануға алғанда жердiң жағдайы тым құнарсыз тастақ және су көзiнен өте шалғай жатқандығының себебiнен 3 жылға жуық жердi тиiсiнше пайдалана алмағандығына және әлi күнге дейiн оның құнарлығын арттыру мақсатында жұмыс iстеп жатқанын айтады.
- тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде қойылатын талаптары және жағдайлары