Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Адам өміріндегі құндылықтар. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтардың анықталуы - адамгершіліктің көрінуіне апаратын жол



бет46/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Адам өміріндегі құндылықтар. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтардың анықталуы - адамгершіліктің көрінуіне апаратын жол.

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.


Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.
Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді .Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет