3) Тыңдалған шығармаға талдау жасау (әңгіме құрастыру). Балалардың музыкалық сөздік қоры шамалы болғандықтан, әңгіме ұзаққа созылмасын, көп сөзді болмасын. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім жауап бере алатындай жеңіл сұрақ қою керек, балаларды қорытындылау, салыстыру тапсырмаларын орындауға көмектесу керек. Әңгіме еркі, қызықты, жанды өту керек. Бала дұрыс жауап бере алмаса жазалауға болмайды, қайта тыңдалған шығарма туралы біртұтас пікір, оның авторы, аты туралы, оның сипаты мен мәнерлік құралдары туралы әңгіме туғызу қажет. Мектеп дайындығына музыкалық талдау ерекше: ол, қарапайым талдау, талдау-әңгіме, көркем –педагогикалық талдау.
4) Қайта тыңдау (бекіту).
Қабылданған музыкалық шығарма қайта тыңдауды қабыл етеді. Неге? Қабылдау процесі бірнеше сабақта жалғасады, тіпті тоқсанда, жылдарда болсын. Ол деген, сабақтың тақырыбына байланысты, балалардың есту қабілетіне байланысты, музыкалық ой-сезімінің дамуына байланысты. Музыкалық шығарманың жаңа бейнесінің қыры, шығарманың мазмұнын, сипатын терең түсіну үшін, жеке жаңа элементтерін табу, т.б. балаларға шығарма түсінікті, жақындығы, қалауы өте айқын. Қайталағанда музыкалық шығарманың үзіндісі, тақырыбы, бөлімі, тіпті толық тыңдалуы мүмкін. Ол сабақтың тақырыбына байланысты.
10.Хормен ән айтуға және ән салуға үйретудің әдіс тәсілдері қандай?
Хормен ән айту-оқушыларға музыкалық білім және тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі.Оқушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру,Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу ,Дем алу, Дыбыстау немесе дыбыс шығару. Дикция. Әуен түзеу- Ансамбль.
Хор ұжымын ұйымдастыру әдістері:
Хордың ұйымдастыру кезеңінде міндетті түрде хордың маңызын, мақсатын түсіндіру, жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін студенттерге болашақ музыка пәнінің мұғалімдеріне хор шығармаларын күйтабақтан, грамм жазбадан тыңдату немесе үлгілі көпке танымал хор ұжымының яғни хор ұжымының концертін тыңдау, мүмкін болса балалар хорын тыңдату пайдалырақ болар еді.
Хор ұйымдастыруға ең қажетті жағдай балаларға хор класының хор сабағын өткізуге ыңғайлы жарық болуы міндетті түрде музыкалық аспаптың болуы (фортепиано, баян).
Хор класында хор мүшелеріне жеткілікті орындықтар, жазу столдары, тақта, хор шығармаларын тыңдатуға арналағн аспап құралдардар (резетка), музыка жаңалықтарын көрсететіндей стендттер, ән айту ережелері, композит композиторлардың суреттері қажетті құралдар салатын шкаф т.б. болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |