Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері. - Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- Академиялық жазылым және мәтін.
Жоспары:
Академиялық жазылым дегеніміз - зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.
- эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.
- жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы.
- ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.
Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады. Курстың міндеттері: Курстың міндеттері: - Академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту;
- Сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс жасауды үйрету;
- Зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету;
- Ғылыми пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту;
- Өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету;
- Студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру;
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Курстың мақсаты:
гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.
Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді. Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар: - зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
- конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
- өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
- болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
- аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
Академиялық жазылымның ерекшелігі:
1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;
2) Жүйелілік;
3) Тақырыптың тұтастығы;
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау.
Академиялық жазылымның негізгі талаптары: Академиялық жазылымның негізгі талаптары: - Зерттеу тақырыбы.
- Плагиат ережесін сақтау.
- Ғылыми мәліметтерді қолдану.
- Кіріспе, негізі бөлім және қорытынды бөлімдерінің болуы.
- Түйіндеменің (abstract) болуы.
- Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы.
- Академиялық мәтінге қажетті элементтердің (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі) болуы.
Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді: Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді: - Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);
- Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу);
- Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен жоспарлау);
- Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;
- Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету.
Ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі төмендегідей: - Титул беті
- Мазмұн беті
- Кестелер тізімі (міндетті емес)
- Алғыс (міндетті емес)
- Түйіндеме
- Кіріспе
- Әдебиеттерге шолу
- Зерттеу әдісі
- Нәтижелер/ талдау
- Қорытынды
- Ұсыныстар (міндетті емес)
- Алдағы зерттеулер
- Қолданылған әдебиеттер
- Қосымшалар
Стиль түрлері
ауызекі
публисцистикалық
әдеби
ғылыми
Таза ғылыми стиль
Ғылыми- оқулық стилі
Ғылыми көпшілік стиль
ресми
Бекіту сұрақтары: - Академиялық жазылым дегеніміз не?
- Академиялық жазылым мақсаты.
- Академиялық жазылым ерекшелігі неде?
- «Академиялық жазылым» және «академиялық жазу» айырмашылығы қандай?
- «Академиялық мәтін» дегеніміз қандай мәтін?
Әдебиеттер тізімі - Квициния М.Б. Академическое письмо, учебное пособие, Сухум 2018
- Кувшинская Ю.М. Академическое письмо от исследования к тексту, учебник, 2019
- Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
- Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым [Мәтін]: (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) / Е. Т. Оспанов. – Алматы : Лантар Трейд, 2019. – 127 б.
- http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1594967&simple=true&lang=kk
Достарыңызбен бөлісу: |