Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі дворян тарихнамасы



бет71/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

2. ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі дворян тарихнамасы.
Аталған кезеңде дворян тарихнамасы екі бағытқа бөлінді: ресми және слав­яно­филдық. Екі бағытқа да сол кездегі Еуропадағы тарихи про­­­цесс өз әсерін тигіз­бей қойған жоқ. Ресіми бағыт Ресейдің дәстүрлі мелекеттік құрылысы­мен қоға­м­­ын барынша насихаттап , сақтап қалуға талпыныс жасаса, екінші бағыт гер­ман романтизіміне еліктейді. Сла­вя­нофилдік бағыт ХІХ ғасырдың 40-жылдар­ында қалыптасты. Ұлттық идея, «халықтың рухы» негізіне жасалған концепция орыс елінің Батвс Еуропадан өзгешілдігін дәлелдеуге тырысты.
Бұл концепцияның негізін қалаған әдебиетщі А. С. Хомяков, белсене жақ­таған­­­дардың қатарынаИ.С.Аксаков, Ю,Ф. Самарин, Ф. В. Чи­жов. сияқты орыс зия­лыларын жатқызуға болады. Эван Рома­новский есімді поляк азаматы бұлар­дың идеяларын Еуропға таратты.
Орыс ресми тарихнамасының айтулы қайраткері Погодин Михаи́л Петро́вич ( 1800, – 1875, ) – орыс тарихшысы, жазушы, жур­налист. Москва университетінің профессоры, Россия академиясының мүше­сі (1836). Өмірінің алғашқы кезеңінде тарих ғылымындағы про­грес­сивті теорялармен танысты. Бірақ ол кез декабристер қозғалысынан кейін фоедалдық-крепостнойлық топ­тар­дың өз меншігін сақтап қалу үшін аянбай күрескен шағы еді. Үстем тап мем­лекеттің әкімшілік ре­сур­сын пайдалана отырып «ресми халықшылдық» тео­рисын насихат­тады. Бұл теорияны қолдағандардың ішішнде, өзі басыбайлы шаруаның баласы болса да, М.П.Погодинде болды.Олардың ықпалында ол 30 жыл болды. Сондықтан да оны консерваторлар қатарына жатқызады. Ресей мен Батыс Европа елдерінің да­му жолдарының ерекшелігін дәлелдеді. Жаңа тарих ғылымынан ол деректерді талдау прин­циптерін үйренді. «О происхождении Руси» (1825) «О летопи­си Нестора» (1834)деп аталатын шығармаларында автор тамаша деректанушы екендігін көрсетті
Ресми бағыттың келес өкілі Устрялов Никола́й Гера́симо­вич (1805–1870) орыс тарихшысы, археограф, Санкт-Петербург универ­си­те­­­тінің профе­ссоры. Көз қарасы - ресми халықшылдық. «О сис­­теме пра­­­­­г­матической рус­ской истории». атты тақырыпта диссер­та­ция қорғады. 1837-1841 жылдары «Рус­ская история» деп аталатын бес томдық лекция курсын жарыққа шығар­ды. 1847 жылы ғалым «Исто­рическое обозрение царствования императора Николая I». оқулыққа қосымша ретінде шығарды. Ол орта оқу орынарына ар­нал­ған оқу­лықтардың да авторы. Оның оқулықтары мен оқу құралдары көп жыл­дар бойы Ресей тарихын көне заманнан ХХ ғасырдың орта шеніне де­йін­гі уа­қиғаларды жүйелі баяндайтын бірден бір басылым еді.
Оның археографиялық еңбектерінің қатарына бес бөлімнен тұратын «Сказание современников о Дмитрие Самазванце»,Сказание князя Курбского» атты шығар­малары кіреді.
Ресми тарихнама өкілдері әскери тарихқа да көңіл бөлді.1812 жылғы фран­цуздарға қарсы соғыс тарихы Александр Иванович Михайлев­ский - Дани­левский (1789–1848) зерттеулеріне арқау болды. Оның 4 томнан тратын «Опи­сание Отечественной войны в 1812 году» шығармасы орыс тарихна­масына қосылған сүбелі үлес болды. Өкініштісі бұл кітап­тан автордың тарихи көз­қара­сын аңғару қиыншылыққа түседі. Себебі кі­тап­тың редакциясын, Кутуз­ов­­тың ролін жоғрылап кетуінен қорыққан, патша Бірінші Николайдың өзі жаса­ған.
1825 жылы сенат алаңына шыққан көтерілісшілер тарихын бұрмалап жазған тарихшылардың бірі, реми тарихнама өкілі Модест Андреевич Корф (1800-1876). «Историческое описание 14-го декабря и предшед­ших ему собы­тий. СПБ.,­ 1848. VI, 168 с – исто­рия восстания дека­бристов с враждебных им поз­иц­ий»­­ атты кіта­бында декабршілдерді барынша даттап, патша үкіметінің жаңашылдық саясатын насихаттай­ды.
Славянофилдардың тарихи-әлеуметтік концепциясы негізінен Конс­тан­­­тин Сергеевич Аксаковтың (1817–1860) шығармаларынан көрініс тапты. «Не­сколь­ко слов о русской истории, возбужденных "Исто­рией" г. Соловь­ева», «Орус­­ской истории», «Об основных нача­лах рус­ской истории» атты шығар­ма­лары­­­­­­­. Бірінші Петрдің Еуропа өміріне қызығушылығын сынайды. Оның негізгі ойы халық пен мемлекет бірлігі. Олардың функциялары жөнінде ол былай дейді «»Внешняяя правда-Государству, внутреняяя правда-Земле;­ неогра­ни­ченная влас­ть-царю, полная свободажизни и духа-народу;­сво­бода действиии за­кона-царю, свобода мнения и слова-народу». Нәтижесінде саси өмір, яғ­ни саяси тарих мемлекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет