Тәрбие сағаты туралы талдау жасау
Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше.
Мен осы тәрбие жоспарын құру барысында, сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын ала анықтау барысында белгіледім.(сауалнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша т.с.с.). Тәрбие сағатының жоспарын құры барысында оқушылардың талап-тілектерін,қалауларын ескердім.
Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі мен әдістер және құралдар қолдандым: әңгіме, газет және жорнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері, «дөңгелек стол» өткізу, өнер туындыларымен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Мен оқушылардың психологиялық даярлығына да көңіл бөлуді жөн көрдім.Себебі сабақ бастауындағы тамаша көңіл-күй мен оқушылар арасындағы жылулық тәрбие сағатының керемет әрі жүйелі,сонымен қатар есте қаларлықтай өтуіне кепіл болады.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын толықтай, тәрбие сабағының тақырыбына аударып,өтілетін тақырыптың мақсаты мен міндетін түсіндіру.Сонымен қатар тәрбие сабақ тақырыбының оқушылар өміріне маңыздылығын жеткізу.
Негізгі бөлім.Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген тапсырмалар мен орындалуы керек жұмыстар атқарылады.Оқушылар тақырыпта қаралып отырған тақырып бойынша толық жаңа болған мәліметтерді алады, қозғалып отырған тақырыпқа көзқарастарын білдіріп және пікірлерін қосады.Оқушылар бір-бірімен еркін түрде ой алмасады.
Қорытынды бөлімде мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Тәрбие сағатында алған әсерлерімен бөліседі. Бұл бөлім уақыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзақ болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімнің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын қорытындылайды
Достарыңызбен бөлісу: |