Педагогикалық практика бағдарламасы



бет3/15
Дата10.01.2023
өлшемі217.5 Kb.
#468298
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚазҰТЗУ 709-01 Ү. Кәсіптік практика бағдарламасы

Жалпы мағлұматтар

Сәтбаев университеті – Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Қ. И. Сәтбаев атындағы университеттің – республикадағы инженерлік білім беретін ең басты оқу ордасының тарихы мемлекеттің тарихымен, оның ғылымымен, мәдениетімен, жоғары білім беру жүйесімен сабақтасып, ұштасып жатыр.


ХХ ғасырдың 30-жылдары халық шаруашылығының технико-экономикалық дамуын арттыру мақсатында елде шұғыл түрде жоғары техникалық білім беру жүйесін дамыту қажеттігі туды. Осы қажеттіліктің арқасында құрамында екі: тау-кен және түсті металдар факультеті бар Қазақ тау-кен-металлургиялық институтының (ҚазТКМИ) кірпіші Қазақстанның астанасы Алматы қаласында қаланды. Сөйтіп, ҚазТКМИ қабырғасында 1934 жылы 19 қыркүйекте алғашқы қоңырау шырылдап, бірінші оқу жылы басталды. Міне, дәл осы күн – Қазақстанда техникалық ғылымның негізі қаланған күн болып табылады.
Қазақстанда геология, тау-кен ісі, металлургия саласында ғылыми және практикалық қызметтің қалыптасып, дамуы барысында институт өте маңызды роль атқарды. Институт базасында қалыптасқан ғылыми мектеп республикада шикізат кені базасын дамытуға, тау-кен және металлургиялық өндірісте жаңа технологияларды ұйымдастыруға сүбелі үлес қосты.
Қазақ тау-кен-металлургиялық институтының қалыптасуы мен дамуына әйгілі академиктің де сіңірген еңбегі өте мол. Белгілі ғалым Қаныш Имантаевич Сәтбаев 1937–1938 жылдардан бастап инженер-геологтардың алғашқы түлектерінің Мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық етті. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында институттың Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 1941–1964 жылдары Қ. И. Сәтбаев басқарған Геология ғылымдары институты республикада геологиялық ғылымды дамытудың орталығына айналды. Ұлы Отан соғысының аяғына таман, яғни 4 жылдан кейін институт елдегі геология саласының ең ірі ғылыми ұжымына айналды.
1960 жылы институт Қазақ политехникалық институты (ҚазПТИ) болып өзгерді. 1967 жылы институттың автоматика және есептеу техникасы факультетінде тұңғыш рет «Дос-Мұқасан»» вокалды-аспаптар оркестрі құрылды. 1980 жылы институт базасында Сәулет-құрылыс институты ашылып, ҚазПТИ-дің сәулет және инженерлік-құрылыс факультеті мен сырттай оқытатын Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтының Алматыдағы филиалы жаңадан ашылған институттың негізіне айналды.
В. И. Ленин атындағы ҚазПТИ 1994 жылы қаңтарда Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылып, елге қажетті инженерлік кадрларды дүниежүзілік көпсатылы құрылым тәжірибесі бойынша дайындау оның басты міндетіне айналды. Сонымен қатар алда кәсіби мамандарды даярлау үшін қажетті оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау міндеті тұрды.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі Қаулысы бойынша елдегі инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға қосқан зор үлесі үшін Қазақ ұлттық техникалық университетіне қазақтың көрнекті ғалымы, әйгілі академик Қаныш Имантаевич Сәтбаевтың есімі берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2001 жылы университет ерекше дәрежеге ие болды, ал 2014 жылы – «Ұлттық техникалық зерттеу университеті» деген дәрежеге өтті. 2017 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ өзінің атауын «Сәтбаев университеті» деп өзгертті.
2017 жылғы жағдайы бойынша Сәтбаев университетінде 10 институт, 8 ғылыми-зерттеу университеті, 32 кафедра, 262 оқу-тәжірибелік зертхана, 5 ғылыми зертхана, 2 оқу полигоны және 1 обсерватория бар. Сәтбаев университеті ұлттық және халықаралық рейтингтер бойынша алдыңғы қатарда келеді (2017 жылдың көрсеткіші бойынша). Университет білім беру, ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы 9 ассоциация мен консорциумның ассоциацияланған мүшесі болып табылады. Қызметкерлердің 50%-нан астамының ғылыми дәрежесі бар. Ал оқу кредиттік жүйеде жүргізіледі.
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін өзгерту аясында 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетке «Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті» мәртебесі беріліп, бұл өз кезегінде әлемдегі ең таңдаулы университеттермен бірлесіп жұмыс істеуге жол ашты. Қазір университет дүние жүзі бойынша 25 елдің жетекші 174 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды (олардың ішінде АҚШ, Англия, Германия, Италия, Франция, Қытай, Корея, Польша бар). Университеттің құрамына «Парасат» ұлттық технологиялық орталығы мен 8 ғылыми-зерттеу институттары кірді.
Сәтбаев университетінің ең басты принципі – «ғылыми зерттеулерге сүйене отырып білім алу». Университетте ғылыми жұмыстар кеңінен жүргізіледі, ғылымды бейінді ғылыми бағыттар бойынша дамыту жөніндегі отандық және дүниежүзілік трендтерге сараптама мен мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ бейінді ғылыми білім беру бағыттары бойынша жасалатын іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру көздері іздестіріледі. ҚазҰТЗУ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде белгілі жеке меншіктік және мемлекеттік ірі-ірі кәсіпорындармен келісім-шарт жасасқан. Атап айтқанда, «Қазцинк», «Қазмырыш», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Тоспа Су», «Қазатомөнеркәсіп», «Парасат», «Павлодар мұнай-химия зауыты».
Сонымен қатар университет өндірістік маңызды мәселелерге талдау жүргізіп, оның шешілу жолдарын қарастырады, ғылыми жаңалықтарды іске қосып, жүзеге асыру жолын коммерциализациялау жөнінде көптеген жұмыстар жүргізеді, жаңа ойларды іздестіреді, инновациялық жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыруға, жаңа стартап-компанияларды құрып

дамытуға, олар үшін грант пен инвестициялар тартуға көмектеседі. Ең бастысы – интеллектуалдық қызмет нәтижелерін заңды түрде қорғауды қамтамасыз етеді.


Сәтбаев университетінің қазіргі заманғы ең басты мақсаты – халықаралық маңызы бар зерттеу университеті атану, әртүрлі елдердің студенттері мен білікті мамандарын дүниежүзілік ғылыми қауымдастыққа біріктіру, сөйтіп инновацияның көмегі арқылы тұрақты түрде дамуға ұмтылу.
Университет бағдарламасында қазіргі заманғы сұранысқа ие мамандықтарды оқыту да енеді, әсіресе Қазақстанға әлі таралмаған мамандықтар. Соның арқасында университеттің индустриялық ынтымақтастығы артып, жобалардың практикалық мәніне аса зор көңіл бөлінеді, инновациялық-зерттеулерлік қызмет те артып, жаңа стартаптардың, әрі өндіріс орындары үшін жүргізілетін зерттеулердің саны өседі.
2015 жылы университетте 2016–2025 жылдарға арналған University-2025 жол картасы қабылданды. Бұл даму стратегиясы бойынша университет осы уақыт аралығында дүние жүзінің ең үздік топ-300 жоғары оқу орындары қатарына (Times Higher Education Ranking) енуі тиіс. Сөйтіп, университеттің жаңаша даму курсы студенттерге жоғары сапалы білім алып, Қазақстанда да, шетелде де жақсы қызметке орналасып, еңбек жолын бастауға кепілдік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет