Дайындаған Ұ.Ә.Талғатқызы Тексерген А.А. Асқарқызы
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі
- 1. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
- Педагогикалық зерттеулер әдістемесі, бірлесуі педагогикалық ақиқатты, өте кең нақтылықпен зерттеуге мүмкіншілік беретін теориялық және эмпирикалық әдістерінің жиынтығын береді.
- Педагогика әдіснамасы - педагогика білімі жөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.
- Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы, бұл -педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: педагогикалық тәжірибені оқу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.
- Педагогикалық тәжірибені оқу әдісі – бұл оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесінің нақты құралатын зерттеу тәсілдері. (Мысалы: мұғалімдердің озық тәжірибелері). Мынадай әдістерде қадағалау, әңгіме, сұхбат, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстары мен педагогикалық құжаттарды оқып зерттеу қолданылады.
Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқыумен байланысты: классиктердің адамтану, ақпарат құралдарын жалпы педагогика жөніндегі еңбектері: жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын: мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтармен әдістемелік құралдар. - Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқыумен байланысты: классиктердің адамтану, ақпарат құралдарын жалпы педагогика жөніндегі еңбектері: жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын: мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтармен әдістемелік құралдар.
- Математикалық және статистикалық зерттеулер педагогикада алынған деректерді сауал және тәжірибе әдістеріарқылы өңдеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қолданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді.
Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің бағыттарының жағдайы мен даму үдерістерін көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар , оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу –тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндаық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. - Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің бағыттарының жағдайы мен даму үдерістерін көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар , оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу –тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндаық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.
- Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің, емтихандардың, бақылау жұмыстардың, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іc-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп - салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс - зерттеп анықтауға болады. - Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс - зерттеп анықтауға болады.
- Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан – жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |