Педагогтың ТҰЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі



бет1/2
Дата13.12.2023
өлшемі57.18 Kb.
#486355
  1   2
2 апта дәріс 2


ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

1. Педагогикалық кәсіби құзіреттілік ұғымы.


2. Педагогтың кәсіби құзіреттіліктің құрылымы.
3. Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны
4. Мұғалімнің практикалық дайындығы

1. Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы ммандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.


Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».
Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығын және профессионализімін атайды. (В.А.Сластенин)
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.
Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі (В.А.Мижериков).
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларды қолдан алуы қажет. кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.
2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады.

Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы


Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).


Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).
Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.
3. Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау іскерлігі түрінде көрінеді.
Педагогтың теориялық дайындығына:
- Аналитикалық іскерлік;
- Болжау іскерлігі;
- Жобалау іскерлігі;
- Рефлексивті іскерліктер кіреді.
Аналитикалық іскерлік мұғалімнің педагогикалық процесті талдауға бағытталған іскерлік түрі.
Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады:
- Педагогикалық құбылыстарды талдай алу;
- Зерттейтін құбылыстарға сәйкес пед.теорияларды, заңдылықтарды анықтау;
- Педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;
- Негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;
- Міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау
Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.
Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.
Болжау іскерлігі құралады:
- Білім берудің мақасаты мен міндеттерін анықтау;
- Оларға жету үшін әдістерді таңдау;
- Мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;
- Білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығынадарды болжау;
- Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау
Болжау іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді:
- ұжым дамуын болжау;
- тұлға дамуын болжау;
- педагогикалық процесті болжау
Жобалау іскерлігі бұл педагогикалық процестің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асады.
Жобалау іскерлігі құралады:
- Оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау;
- Оларды кезеңдер бойынша негіздеу;
- Іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;
-  Білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;
- Оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;
-  Ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.
Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.
Рефлексивті іскерлік құралады:
- Берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені сәйкестендіру негізінде бақылау;
- Ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі негізінде бақылау;
- Нақты орындалған әрекеттерді талдау негізінде бақылау.
4. Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

Сызба 6. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері



Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады:


- Оқушылардың оқуға деген зейінін аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту;
- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін үйрету;
- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын қалыптастыру;
- Ынталандыру және жазалау әдістерін тиімді қолдану.
Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады.
- Ақпараттық іскерлікті қолдану барысныда ақпарат көздері білім беру процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өңделеді.
- Ақпараттық іскерлік төмендегі қабілеттерде көрінеді:
- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде;
- Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқу ақпаратын беру процесін дұрыс ұйымдастыруда;
- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты құрастыруда;
- Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда;
- Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен сипатын оперативті болжауда қолданылады.
Дамытушы іскерлік құралады:
- Оқушының жақын даму аймақтарын анықтау;
- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру;
- Танымдық дербестікті, шығармашылықты ынталандыру;
- Жекелеген қабілеттерді дамытуға жағдай жасау.
Бағыттаушы іскерлігі тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.
Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген.
Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.



Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды.


В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді:
• Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;
• Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;
• Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;
• Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;
• Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;
• Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;
• Адамның құндылық бағдарын көре білу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет