Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі411 Kb.
#139341
  1   2   3

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

6М020400- Мәдениеттану мамандығының магистранттарына арналған

ТМК 6203 «Мәдениет аралық коммуникация теориясы» пәні бойынша


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.



Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

__________Ақышев А.А.
20__ ж. «___»________

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Жапекова Г.К.__________


Философия және мәдениеттану кафедрасы


6М020400-Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанындағы магистранттарына арналған ТМК 6203 «Мәдениет аралық коммуникация теориясы» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________
1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат

Пәннің атауы: «Мәдениет аралық коммуникация теориясы»

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 120 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 30 сағат

Жалпы жүктеме - 150 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 3 семестр


«Мәдениет аралық коммуникация теориясы» пәні: Лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингодидактика қиылысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады.
Оқу пәнінің пререквизиті жəне постреквизиті

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: Философия, мәдениет әлеуметтануы, мәдениет теориясы мен әдіснамасы.

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: салыстырмалы мәдениеттану, жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің негізгі тенденциялары, мәдениет семиотикасы.

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Жапекова Гүлфайрус Қабдұлқызы – философия және мәдениеттану кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кафедра №529 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
3 Пәннің мақсаты және міндеттері

«Мәдениет аралық коммуникация теориясы» пәні: Лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингодидактика қиылысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты: этникалық мәдениеттің жергілікті мәдени бөлігінде және жаһандық халықаралық кроссмәдени коммуникациядағы кеңістік пен уақытша аспектілердегі түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.

Пəнді оқытудың міндеттері:

- мәдени аралық коммуникацияның негізгі теорияларын зерттеу;

- коммуникацияның түрлерін, мәдениеттің негізні компоненттерін көрсету;

- мәдени аралық коммуникацияның лингвистикалық және когнитивті аспектілерін анықтау.


4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді оқыту барысында магистрант білуі тиіс: ежелгі әлем мен қазіргі заманның, шығыс пен Батыстың, Азия мен Европаның рухани мәдениетінің табиғатын, функцияларын, мәнін; мәдени аралық коммуникацияның түрлерін, әдістерін, ұстанмыдарын, модельдерін; «жат мәдениетті» игерудің модельдерін; стереотиптерді және атрибуцияларды; мәдени қорғаныс пен қауіпсіздіктің факторларын.

қабілеттіліктер қалыптасуы қажет: мәдени өзара қабылдаудың, мәдени өзара түсінудің, мәдени «өзара бірігуінің», ұлттық-мәдени өзіндік идентификациялаудың; шешендік өнердің, ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және қисынды түрде рәсімдеудің қалыптасуы.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс: ежелгі ойшылдардың және мәдени мұраның мәтіндерімен жұмыс жасау, көптеген ұлттық мәдениеттердің рөліне объективті бағаны беру; креативті ойлаудың тиімділігін арттыру мақсатында аралас саладағы заңдарды қолдану.



  1. Пәнді игерудің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

МӨЖ

Дәріс.

Тәж.

Лаб.

Жалпы

Оның ішінде МОӨЖ

1.

Мәдени аралық коммуникация жаңа пән ретінде

1

1

-

12

3

2.

Мәдени аралық коммуникацияның негізгі теориялары

1

1

-

12

3

3.

Коммуникация түсінігі

1

1

-

12

3

4.

Коммуникацияның мақсаты

1

1

-

12

3

5.

Коммуникацияның түрлері: коммуникация және мәдениет

1

1

-

12

3

6.

Мәдениеттің негізгі компоненттері

2

2

-

12

3

7.

Мәдени аралық коммуникацияның когнитивті аспектілері

2

2




12

3

8.

Мәдени аралық коммуникацияның лингвистикалық аспектісі

2

2




12

3

9.

Вербалды және вербалды емес коммуникация

2

2




12

3

10.

Паравербалды коммуникация

2

2




12

3

Барлығы: 150 (2 кредит)

15

15

-

120

30


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Мәдени аралық коммуникация жаңа пән ретінде

1 Мәдени аралық коммуникация пәнінің мақсаты

2 Э. Холла және Д. Tpaгepa «Culture as Communication» («Мәдениет коммуникация ретінде»),

3 «Жаһандық деревня» термині

“Мәдениетаралық коммуникация” термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.
Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды.

Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.

Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.

Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты.

Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.

Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.

Әңгіме коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету.

Оның қалай өтетінін бірінші кезекте лингвистерді ғана қызықтырады. Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен мехенизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына „жақсы-жаман“, „төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді (26, б.50). Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады. Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің атапаск мәдениетінде шалатаныс адамдармен әңгімелесу құпталмайды, қауіпті саналады. Әбден біліп алғанынша бейтаныспен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандағыдай онда әңгіме жақынырақ танысудың амалы емес.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

2) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.
Тақырып 2. Мәдени аралық коммуникацияның негізгі теориялары

1 Я.Кимнің бейімделу теориясы.

2 Коммуникативистика шектеріндегі коммуникацияның мәселелері

Әрқайсысымыз белгілі бір ортада тәрбиелендік, сол ортаның аса маңызды компоненттері барлық қоғам мүшелерінің дүниетанымына құрамдас бөлік болып еніп, белгілі бір мәдениетті танытады. Мәдениетаралық қатынас кезінде коммуникативтік қиыншылықтар қатысушы мәдениетті құрастырушылардың әртүрлігінен туады, айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынасу үрдісі де соғұрлым күрделірек болмақ. Өзге мәдениет өкілімен араласқанда оның мінез-құлқын өзіміздің мәдени нормаларымызбен ережелердің негізінде болжай алмаймыз. Бұл түсініспеушілікке соқтырады. Қатынас ойдағыдай болуын қаласақ, болжам мен болжау жасау үшін басқа мәдениет туралы білімімізді пайдаланамыз. Мұндай білім болмаса, дұрыс болжау жасауымыз кәдік. Мәдениетаралық қатынаста туындайтын барлық проблемаларды социолингвистер үш негізгі себепке тоғыстырған: түрлі мәдениеттердегі мәдени құндылықтардың жиынтығының дифференцияналды сипаты - мәдени құндылықтардың әрбір жеке алынған жүйесі белгілі бір әлеуметтік топқа тән. Мысалы, бір жатақханада тұратын студенттер әр түрлі дінді ұстанса, мінез-құлықтары да әртүрлі болады. Әлеуметтік қатынастар шекарасының айқынсыздығы (нақты шектің болмауы) – жалғыз адам әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады, әр жеке алынған қос индивидиумның қатынастары олардың әлеуметтік мәртебесі тұрғысынан нақты бір мәнді анықтамайды. Мысалы, бастық пен бағынышты адамның қатынасы өндірістік фактормен қоса бір-бірін ұнату – ұнатпаумен, балаларының бір мектепке баруымен, ортақ таныстарының немесе туысқандарының болуымен, не бір спорт клубына мүше болуымен күрделенеді.

Американдық социолингвистердің пікірінше, дәп осы себептер қатынас сипатын анықтап, оған тиісінше мәдени реңк береді. Әлеуметтік топ мүшелерінің бір – біріне алғыс айтуы, кешірім сұрауы, мақтап-мадақтауы – осының бәрі сол әлеуметтік топтың мәдени құндылықтарын көрсетеді, өйткені сол сөздерді айтқанда адамдар жанама түрде бір-бірінің мінез-құлқын, жетістігін, мінезі мен сырт бейнесін бағалайды.
Орта тапты американдықтардың (достардың, қызметкерлердің, таныстардың) арасында жиі айтылатын қошемет сөздерді мысалға келтірейік. Американдықтар мынандай сөзді жиі айтады: „It’s a lovely dress you’re wearing!“ - „Oh, no, I’ve got it for years!“- „Сенің көйлегің қандай әдемі!“ - „Қайдағы, бұл көйлекке жүз жыл болған шығар!“. Дж.Чиктің түсіндіруінше „американдықтар эталитарлы қоғамның мүшесі ретінде қатынаста өзін ашық, еркін және тең ұстайды, және қошамет сөз әлеуметтік шектеулерді теріске шығарудың құралы болып табылады“. Яғни, американдықтың сұхбаттасушының қошаметін қабыл алмау себебі мынада: қабыл алса, онда өзін одан жоғары көрсеткендей болады. Ал, мысалы, ақ нәсілді орта тапты оңтүстік африкандықтар бір-біріне қошамет сөзді сирек айтады, айтылғандардың көбін қабылдаумен өзін сұхбаттасушыдан жоғары ұстап, әлеуметтік ара-қатынасын белгілеп алады. Мұны да әлеуметтік теңсіздік (әсіресе билікпен байланысты) заңмен анықталып, бекітілген қоғамның мәдени құндылықтарымен түсіндіруге болады.
Егер біреу мәдени айырмашылықты білмегендіктен ренжітіп алса, оны кешіруге болады. Ал ол менмендік пен арсыздықтан туса, жағдай шиелініседі. „Қабылдау қатыстылығы“ теориясы адамдардың болып жатқанды қалай қабылдайтынын түсіндіреді. Біз басқаның мінез-құлқын өз түсінігіміздегі мәдени нормаға, тиісті бір әлеуметтік рольге сиымдылығана қарай түсінеміз. Өзара түсіністіктің қиыншылығының себептерін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз:

1) субъектің көз қарасымен алғанда барлық мінез-құлық жарасымды да қисынды;


2) әр түрлі мәдениет өкілдері өз ортасын әр түрлі қабылдап, жасайды, белгілі бір мәдени мұраға қарай белгілі бір мағынаға ие болады.

3) басқа мәдениет өкілдерімен тіл табысу үшін өзімізді солардың орнына қойып, жағдайды солайша түсінуге тырысуымыз керек.

Басқа мәдениет өкілімен коммуникацияға енгенімізде сол мәдениет туралы сол мәдениеттің өзі „үйреткен“ жаттанды түсінікті басшылыққа аламыз. Бір мәдениет өкілінің басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын дұрыс түсінуі, ерекшеліктерін білуі жат мәдениет пен оның басқа мәдениеттен айырмашылығын түсінуіне және өзіңнің дербестігіңді сезіну үшін өз мәдениетіңмен салыстыруға көмектеседі.

Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.
Тақырып 3. Коммуникация түсінігі

1 Мәдени аралық коммуникацияның негізгі түсініктері мен категориялары

2 Коммуникация түсінігі.

Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді. Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі.

Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”.

Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілері мен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденеге иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!” сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі.



Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет