ІІІ. Тәжірибелік іс-дағдыларды көрсету:
№1 Жел шешектегі бөртпелерге жүргізілетін күтім
Мақсаты: емдік
Көрсетілімі: терідегі бөртпелердің болуы
Әзірлеу керек: стерилді мақта домалақшалары мен салфеткалар,ұшына мақта оралған стерилді таяқшалар,пинцет, 1% бриллиант жасылының спиртті ерітіндісі немесе 5% калий перманганат ерітіндісі, лоток, қолғап, дезинфекциялаушы ерітінділер.
Орындау реттілігі:
1. Баланың анасына іс-әрекеттің мақсатын түсіндіріңіз.
2. Қолыңызды ережеге сай жылы ағынды судың астында сабындап жуыңыз, құрғатып, қолғап киіңіз.
3. Стерилді лотокқа күтімге қажетті мақта тампондары мен таяқшаларды,дәрілік ерітінділерді жинақтаңыз.
4. Баланың киімдерін шешіп, терісін және шаштың арасын мұқият қарап шығыңыз.
5. Ұшына мақта оралған стерилді таяқшаны 1% бриллиант жасылының спиртті ерітіндісі немесе 5 % калий перманганат ерітіндісіне батырып алыңыз да терідегі бөртпелерді өңдеңіз, таяқшаларды лотокқа тастаңыз.
8. Баланы киіндіріңіз.
9. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. Қолды жуып, құрғатыңыз.
№2 «В» гепатитіне қарсы екпе жүргізу
Мақсаты: «В» гепатитіне қарсы иммунитет туғызу.
Көрсетілімі: «В» гепатитінің арнайы профилактикасы.
Әзірлеу керек: стерилді мақта домалақшалары немесе стерильді салфеткалар, пинцет, қолғап, ВГВ вакцинасы («Энджерикс В», «Эувакс» т.б); қайшы, 1,0 шприц, 700 спирт, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыс.
Достарыңызбен бөлісу: |