5.1. Стандарт С-4 (Первомур )ерітіндісінен қолды өңдеу техникасы.
Мақсаты: операция алдында қолды зарарсыздандыру.Ерітінді қолды және операция алаңын өңдеуге қолданылады.
Қоры: 2,4 %-дық первомур ерітіндісі сабын залалсыздандырылған сүлгі, легенге фишерді салу.
Ескерту: С-4 қоспасы мыналардан тұрады: 33% сутегі асқын тотығы (171 мл),85%- дық құмырсқа қышқылы (81мл) және дистилделген су (10л дейін); 2,4 % Первамур ерітіндісі дайын болу үшін 1,5 сағ. Тоңазытқышқа қойылады. Дайын ерітіндіні 10 л дистилденген суға салады.
Алгоритм әрекеті:
Ағын судың астында 1 мин бойы қолды сабынмен жуыңыз, саусақ ұшынан бастап білектің ортаңғы бөлігіне дейін.
Залалсыздырылған сүлгімен қолды құрғату.
2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолыңызды салыңыз.
Ережені сақтай отырып қолыңызды 1 мин. өңдеу: 30 сек. шынтаққа дейін және 30 сек. тек білекті.
Ерітіндіден 1 фишерді алып тастау. Сыйымдылығы 5 л шарадағы ерітіндіге 10 адам қол жууға болады.
Қолыңызды зарарсыздырылған сүлгімен қолыңызды құрғатыңыз.
Ескерту: Зарарсыздандырудан бұрын қолыңызды ереже бойынша мұқият жуыңыз
5.2. Қалып «Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді шапаңды кию техникасы»
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Достарыңызбен бөлісу: |