ПӘн бойынша қорытынды білімін және дағдысын бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары курс: IV пән



бет1/10
Дата29.09.2023
өлшемі109.72 Kb.
#479207
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. 6 ПӘн бойынша қорытынды білімін және дағдысын бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары

1.6 ПӘН БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМІН ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Курс: IV
Пән: Балалар аурулары
Блок №2. Нәрестелер және ерте жастағы балалар физиологиясы және патологиясы, педиатриялық көмекті ұйымдастыру
Мамандық: 051301 – Жалпы медицина

Алматы, 2010 ж.


Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
1 тақырып. Құрсақішілік даму кезеңдері, шекаралық жағдайлар
1. Перинаталдық кезең деп қай кезеңді айтады:
А. туылғаннан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін
Б. ұрықтанудан бастап туылғанға дейін
В. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін
Г. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 1-ші айына дейін
Д. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 2-ші айына дейін

17. Сәбилік өлім – бұл:


  1. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 сағатта қайтыс болған балалар саны


  2. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны


  3. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны


  4. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны


  5. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны



3. Нәресте қыз бала, 5 күндік, туылғандағы дене салмағы 3100, қараған кезде баланың дене салмағы 3000 г., бетінің терісінде, мұрнының үстінде, кеңсірігінің үстінде ақ-сары түсті ұсақ түйіндер бар, кеудесі мен ішінің терісінің ірі пластинкалы түлеуі байқалады. Сүт бездері екі жақта да ұлғайған, басқанда ақ-сары сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршіктермен, шырышпен. Балада шекаралық жағдайлардың қайсысы байқалмайды?
А. физиологиялық дене салмағын жоғалту
Б. физиологиялық түлеу
В. жыныстық криз
Г. физиологиялық сарғаю
Д. ішектің транзиторлық катары
4. Апгар бойынша 2 баллмен бағалауға мына жағдай сәйкес келмейді:
А. жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100 және одан көп
Б. терінің қызғылт бояуы және акроцианоз
В. тыныс қалыпты, айқайы қатты
Г. бұлшық ет тонусы қалыпты, қозғалысы белсенді
Д. рефлекторлық қозғыштығы: жөтелу, түшкіру, айқай

5. Нәрестеде тыныс белгілері жоқ, көкшіл, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі минутына шамамен 90 рет, аяқ-қолдары салбырап жатыр. Апгар бойынша алғашқы бағалау құрайды:


А. 0 балл
Б. 1 балл
В. 2 балл
Г. 3 балл
Д. 4 балл

6. Зиготаның ұрықтанудан кейін алғашқы екі аптада зақымдануын қандай құрсақ ішілік патологияға жатқызады:


А. бластопатия
Б. гаметопатия
В. ерте фетопатия
Г. эмбриопатия
Д. фетопатия

7. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюын қандай сарғаюларға жатқызамыз:


А. гемолитикалық
Б. конъюгациялық
В. механикалық
Г. паренхиматоздық
Д. дәрілік

8. Физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы:


А. 1-7 күн
Б. 3-7 күн
В. 7-10 күн
Г. 10-12 күн
Д. 10-14 күн

9. Тірі туылудың барлық белгілеріне ұрық гестацияның мына мерзімінен бастап сәйкес келеді:


  1. 27 апта

  2. 20 апта

  3. 22 апта

  4. 30 апта

  5. 25 апта


10. Гестациялық мерзімі 22 апталық тірі туылған ұрықтың салмағы:

  1. 500 гр.

  2. 700 гр.

  3. 300 гр.

  4. 1000 гр.

  5. 800 гр.


11. Мерзімінен асқан жүктіліктің гестациялық мерзімі сәйкес келеді:
А. 42 апта
Б. 35-37 апта
В. 40 апта
Г. 32-34 апта
Д. 28 апта
12. Перинаталдық кезең мына кезеңдерден тұрады:
А. антенаталды кезең + интранаталды кезең + ерте неонаталды кезең
Б. интранаталды кезең + нәрестелік кезең
В. пренаталды кезең + антенаталды кезең + интранаталды кезең
Г. антенаталды кезең + интранаталды кезең
Д. эмбрионалды кезең + феталды кезең

13. Нәрестенің асқорыту мүшелері жағынан шекаралық жағдайы болып табылады:


А. вирустық диарея
Б. энтероколит
В. аэрофагия
Г. ішек катары
Д. пилороспазм

14. Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды:


А. 1 апта
Б. 2 апта
В. 3 апта
Г. 4 апта
Д. 6 апта

15. Нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына мына төменде көрсетілгендердің қайсысы тән емес:


А. өмірінің 3-5 тәуліктерінде пайда болады
Б. туылғаннан кейін бірден пайда болады
В. дене қызуының 38,5-39,5 0С дейін жоғарылауымен көрінеді
Г. ыстықтағанда дамуы мүмкін
Д. себебі суды аз беру болуы мүмкін

    1. Қан сарысуындағы билирубиннің қай деңгейінде сарғаю көзге көрінеді:


А. ≤40 мкмоль/л


Б. ≤50 мкмоль/л
В. ≤60 мкмоль/л
Г. ≥80 мкмоль/л
Д. ≥90 мкмоль/л
17. Перинаталдық өлімнің көрсеткішін айқындайды:
А. акушерлік көмектің сапасы
Б. педиатриялық көмектің сапасы
В. жалпы алғандағы әлеуметтік-демографиялық саясаттың тиімділігі
Г. неонатологтардың I және II этапағы жұмысының сапасы
Д. айтылғандардың барлығы
18. Ерте неонаталді өлім – бұл:
  1. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны


  2. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны


  3. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны


  4. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны


  5. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 айда қайтыс болған балалар саны



  1. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән:


    1. Туылғаннан кейін 36 сағаттан соң пайда болады


    2. Жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 12-14 күні


    3. Билирубиннің шыңдық деңгейі 260 мкмоль/л


    4. Баланың жағдайы ауыр


    5. Жетіліп туылған нәрестеде сарғаю өмірінің 4-ші күніне дейін жоғалады



20. Ұрықтың эмбрионалдық кезеңі созылады:

  1. гестацияның бірінші аптасының соңына дейін


  2. гестацияның 4-ші аптасына дейін


  3. гестацияның 8-ші аптасына дейін


  4. гестацияның 12-ші аптасына дейін


  5. гестацияның 16-шы аптасына дейін



21. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән емес:

  1. сарғаю өмірінің бірінші күнінде пайда болады


  2. тікелей емес фракция есебінен болатын гипербилирубинемия


  3. Бауырдың өлшемі қалыпты


  4. Зәр мен нәжістің түсі өзгермейді


  5. Трансаминазалар қалыпты деңгейде



22. Нәрестенің физиологиялық сарғаюын қандай симптом сипаттайды:

  1. баланың жағдайы қанағаттанарлық


  2. жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 7-10 күні


  3. билирубиннің шыңдық деңгейі 360 мкмоль/л


  4. зәр мен нәжістің түсі өзгереді


  5. тікелей билирубин жоғарылайды



    1. Нәрестенің патологиялық сарғаюына тән:


    1. Сарғаю бала өмірінің алғашқы 2-3 күнінде пайда болады


    2. Жалпы билирубиннің өсу темпі < 3,5 мкмоль/л/сағ.


    3. Баланың жағдайы қанағаттанарлық


    4. Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің > 40% құрайды


    5. Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің < 10% құрайды



24. Нәрестедегі зәр қышқылды инфаркт мынаның салдары болып табылады:

      1. Бүйректің каналша қызметінің төмендеуімен


      2. зат алмасудың катаболикалық бағытымен


      3. Бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен


      4. АДГ концентрациясының төмендеуімен


      5. Эритропоэтин концентрациясының жоғарылауымен



25. Мынадай жүрек жиырылуының жиілігінде Апгар шкаласы бойынша 2 балл беріледі:
А. Минутына 50-ге дейін
Б. Минутына 50-100 рет
В. Минутына 100-160 рет
Г. Минутына 200-ден артық
Д. Жүрек соғуы жоқ
26. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау жүргізіледі:
А. туылғаннан кейін 1-ші және 3-ші минуттарда
Б. туылғаннан кейін 1-ші және 5-ші минуттарда
В. туылғаннан кейін 1-ші және 10-шы минуттарда
Г. туылғаннан кейін 1-ші және 15-ші минуттарда
Д. туылғаннан кейін 1-ші және 20-шы минуттарда
27. Мына көрсетілген жағдайлардың қайсысы қолданылмайды:
А. Дені сау нәресте анасымен болуы керек
Б. Босану әрекетін тек көрсеткіштер болғанда белсендіру керек
В. Емшекпен ерте тамақтандыруды қолдау
Г. Босану кезінде ауыруды басатын және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қолдану
Д. Кесар тілігін тек көрсеткіштер болғанда ғана жүргізу

28. БДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша әлемде неонаталді өлімнің басты себебі:


А. Инфекциялар
Б. Туылу кезіндегі асфиксия
В. Туылу жарақаттары
Г. Туа біткен даму ақаулары
Д. Шала туылу

  1. Перинаталді көмек көрсету кезінде мына жағдайлардың қайсысы қолданылмайды?


А. Демедикаментализация


Б. Баланы сағат бойынша тамақтандыру
В. Баланы күтуге анасының қатысуы
Г. Перзентханада аз уақыт болу
Д. Нәрестедегі дискомфорт пен ауыру сезімінің алдын алу
  1. Мына көрсетілген принциптердің қайсысы дәрігер-неонатологтың жұмысында қолданылмайды?


А. Асептика


Б. Баланы күтуге анасының қатысуына шектеу қою
В. баланың талабы бойынша тамақтандыру
Г. Температуралық қорғаныс
Д. Эмпатия
  1. Нәрестелердегі тікелей емес билирубиннің деңгейінің жоғарылауы нені көрсетеді?


А. Холециститті


Б. Конъюгация процесстерінің бұзылуын
В. Ұйқы безінің қызметінің бұзылуын
Г. Өт қапшығының туа біткен аномалиясын
Д. Өт шығару жолдарының дискинезиясын
  1. Нәрестедегі сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалық маңызы бар зерттеу:


А. Қалдық азот пен мочевина деңгейі


Б. Қанның электролиттік құрамын бағалау
В. Эндогенді креатинин клиренсі
Г. Билирубин мен оның фракцияларын анықтау
Д. Кортизол деңгейін анықтау
  1. Патологиялық сарғаю дамуының қауіп-қатер факторы:


А. Туылғандағы салмағы 3200гр


Б. Сусыз кезең 1 сағат
В. Жүктіліктің 1 триместріндегі анасындағы 1 дәрежелі анемия
Г. Тез босану
Д. Жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулары
34. Мыналардың қайсысы дизэмбриогенез стигмасы емес?
А. Гипертелоризм
Б. Готикалық таңдай
В. Анофтальм
Г. Эпикант
Д. Брахидактилия
    1. Дені сау нәрестеде Апгар шкаласы:


А. 2-4 балл


Б. 4-6 балл
В. 6-7 балл
Г. 8-10 балл
Д. 10-12 балл
    1. Нәрестеде жүрек соғысы минутына 100-ден аз, брадипноэ, бұлшық ет тонусы төмендеген, рефлекторлық қозғыштығы сақталған, тері жабындыларының түсі қызғылт, бірақ аяқ-қолдарының цианозы байқалады. Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:


А. 2 балл


Б. 4 балл
В. 6 балл
Г. 8 балл
Д. 10 балл
37. Нәресте: тері түсі қызғылт, брадипноэ, жөтеледі, түшкіреді, жүрек соғуы – минутына 90 рет, қимыл-қозғалысы өте белсенді. Апгар бойынша бағалаңыз:
А. 5 балл
Б. 6 балл
В. 7 балл
Г. 8 балл
Д. 10 балл
38. Ерте сәбилік өлім – бұл:
А. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы сағаттарда қайтыс болған балалар саны
Б. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны
В. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны
Г. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны
Д. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет