Қайнарбұлақ селолық округінің әкімі М.Есенғабыловтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі
Селолық округ бойынша халық саны 1620, аула саны 263, малы жоқ отбасы 38, туған бала 13, қайтыс болған адам 12, аз қамтылған отбасы 1, балалар жәрдемақысын алатын отбасы 20, жұмыссыздар 1,5.
Округ бойынша 1 орта, 2 бастауыш мектеп бар.
Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектептің 2013 – 2014 оқу жылын 201 оқушымен бастады. 1 – 4 сыныптарда – 80, 5 – 9 сыныптарда 104, 10 – 11 сыныптарда – 17 оқушы. Педагогикалық ұжым мүшелері – 36.Техникалық персонал – 29.
Мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілген, қысқы маусымға дайын.649 т көмір түсірілді.
7 оқушы «Қарқаралы» сауықтыру лагерінде демалып қайтқан, 20 оқушы мектеп жанындағы сауықтыру алаңында демалған.
«Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы акционерлік қоғамының филиалында 4 ұстаз біліктілігін арттырып келді.
Мектепте интернет жүйесі қосылды.
Милыбұлақ елді мекеніндегі № 53 бастауыш мектепте 7 оқушы, 2 мұғалім, 2 техперсонал жұмыс істейді.
Саз елді мекеніндегі № 55 бастауыш мектепте 10 оқушы, 2 мұғалім, 2 техперсонал жұмыс істейді.
«Жамбыл» дәрігерлік амбулаториясында 11 адам жұмыс жасайды.Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп халықтың алғысын алып жүрген ұжым. Қыстақтарды, Саз, Жалпақшілік, Милыбұлақ елді мекендерін аралап дәрігерлік көмек көрсетеді.Жедел жәрдем автомашинасы жүріп тұр.Ана мен баланың денсаулығын дәрігерлер үнемі қадағалап отырады. Әкімшілік тарапынан да үнемі қадағалаудамыз.
Аппаз ауылында «Дама» спутниктік қондырғысы арқылы телефон байланысы жұмыс істейді.2013 жылы КСЕLL ұялы телефон байланысын іске қосты.
Жалпақшілік, Саз, Милыбұлақ елді мекендерінде және біраз қыстақтарда сымсыз телефон байланысы жұмыс істеп тұр.
Ауылдық кітапханаға модельді кітапхана мәртебесі беріліп, халыққа қызмет көрсетуде.
Селолық округте және елді мекендерде электр жарығы бар.
«Аппаз – Нүркен» тас жолының жұмысы толығымен аяқталуға жақын.
Орталық көшені «Тазалық» мекемесі жөндеп кетті.
«Ауыл – береке» жәрменңкесіне ауыл тұрғындары жылда қатысып, өз өнімдерін апарып сатып тұрады.
Әр мереке ауылымызда атаусыз қалмайды.Ауыл тұрғындары, жұмыскерлер, мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерт қойылып, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.
Мамыр – қыркүйек айларында 37 OTAU TV телеарнасы арзандатылған бағамен сатылды.
2013 жылы Қайнарбұлақ селолық округі бойынша төмендегі мал дәрігерлік жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: Мәлік ауруына қарсы 4700 бас, топалаң ауруына қарсы 15019 бас, қой – ешкі жамандат ауруына қарсы 1411 бас, қарасан ауруына қарсы 3702 бас егілді.Маңқа ауруына қарсы 1310 бас жылқы малы тексерілді, туберкулезге 4914 бас ірі қара малы тексерілді, бруцеллезге 3958 бас ірі қара малынан, қой малынан 14263 бастан қан алынып тексерілді.Ірі қара малынан 73 бас оң нәтиже берді.Оң нәтиже берген малдар Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз ауылдарынан. Бұл малдар яғни оң нәтиже берген малдар толығымен қайта өңдеу цехына тапсырылды. Биылғы жылы 7500 бас қой – ешкі, 2000 ірі қара малдары сырғаланды, 560 жылқы малы таңбаланды.Кейбір ауыл тұрғындары малдарын сырғалатпай, ақшасын уақытында төлемейді.
Биылғы 2013 жылы Қайнарбұлақ селолық округі бойынша 6100 га жерге бидей себілді.
Бидай Арпа
1. Аппаз 5000га 500
2. Тілек 150га 150
3. Құрмет 300га
Арпа 650 га жерге себілді.2013 жыл 600га жерге 2 ш/қ көп жылдық шөп екті.Биылғы жылы округте біраз жаңа техника алынды. «Аппаз» ш/ қ 1 МТЗ тракторын және 2 Енисей комбайынын, «Тілек» ш/қ Камаз автокөлігін алды.
Биылғы жылы ауылды күл – қоқыстан тазартуға Қарқаралы қаласынан жеке меншік мекеме келіп жалданып, күніне 15 рейстен 75 рейс, яғни 1500 тонна күл-қоқыс шығарды.
“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы бойынша ауылдан 1 азаматша 700 000 теңге несие алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 7 200 000 теңге несие арқылы 2 ақбас асыл тұқымды бұқа, 30 бас сиыр алды.
Қорыта айтқанда, Қайнарбұлақ селолық округінің әкімшілігі қолда бар мүмкіндіктері барынша пайдалана отырып Елбасының жыл сайынғы жолдауында берілген тапсырмаларды үкіметтің қаулылары мен облыстық, аудандық бағдарламаларда көрсетілген селолық округтің әлеуметтік – экономикалық даму жолындағы тапсырмаларды орындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |