Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған


«Қазақ тілі» пәнін оқытудағы білім алушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша меңгеру іскерліктеріне қойылатын талаптар



бет11/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

«Қазақ тілі» пәнін оқытудағы білім алушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша меңгеру іскерліктеріне қойылатын талаптар
Негізгі деңгей.
Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1200-1500 сөз.
Тыңдалым бойынша білім алушы бейтаныс, көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс. Диалог көлемі: 8-10 сөйлемнен тұруы мүмкін.
Оқылым әрекеті бойынша білім алушы мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Білім алушы мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Білім алушы мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады.
Айтылым бойынша білім алушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Білім алушының берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау т.б. бағыттарды білім, білік, дағдысы болуы қажет.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда білім алушылар таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Жазба жұмысы (эссе-шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. Оқиғаны хабарлау, суреттеу, баяндау түріндегі мәтіндер әдеби тіл нормасына сай болуы қажет.
Кәсіби бағдарлы деңгей.
Кәсіби бағдарлы деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1300-1600 сөз.
Тыңдалым бойынша білім алушылар бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді таспадан тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын, негізгі идеясын, негізгі және қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 3-4 минут және бір рет тыңдалады. Мәтін көлемі: 600-800 сөз. Диалог көлемі: 10-12 сөйлем құрылымынан тұруы мүмкін.
Оқылым әрекеті бойынша білім алушы көлемі 900-1000 сөзден тұратын мәтінді оқып, түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп беруі қажет.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда білім алушылар таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және, сонымен қатар, өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Шығарма-эссе көлемі – 600-700 сөзден тұруы тиіс. Егер білім алушы кәсіби тақырыпта реферат жазатын болса, мәтіннің ауқымы 5-8 бет, аннотация немесе іскерлік қағаз үлгілері – 0,5-0,8 бет, ал конспект мәтіннің ауқымы 2-3 бет болуы тиіс.
Айтылымда білім алушылар өздеріне ұсынылған кәсіби бағыттағы тақырыптардың біріне сұхбат (сөйлесім) құрады. Білім алушының берілген тақырып бойынша көлемі 700-800 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, әңгімені қоштау т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет