ПӘнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұСҚАУ



Дата29.06.2016
өлшемі360.23 Kb.
#166433
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет
Философия және мәдениеттану кафедрасы

ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні бойынша
барлық бакалавриат мамандықтарының

студенттеріне арналған

Павлодар

1 Пәнді оқытудын мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны

1.1 Кіріспе

Оқу пәнінің объектісі мәдени-тарихи дамуында және қазіргі жай-күйінде алынған рухани өндірістің ерекше формасы ретіндегі философия болып табылады. Оқып-үйрену объектісінің құрамына дүниежүзілік және отандық философияның ішкі бірлігінде алынған негізгі бағыттары мен мәселелері кіреді. Философия -бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері тұралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге карым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айрықша формасы.



1.2 Бағдарламаның мақсаты – оқу пәні ретінде философияны оқытудын басты мақсаты – болашақ мамандардын қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүние танымдық бағдарламаларын қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттің жалпы дүние танымдық және теориялық-әдістемелік базасын дамыту; студенттерді негізгі философиялық бағыттырмен, негізгі тарихи кезеңдерге және ерекше аталатын маңызды мәселермен таныстыру; негізгі философиялық білімді төмендегідей кезеңдермен оқыту: онтология, гносеология, әлеуметтік философия, философиялық антропология, аксиология.

1.3 Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер атқарылады:

  • философиялық ойлаудын тарихи типтерін мәдениет аясында талдау;

  • болашақ мамандардың философиялық–дүниетанымдық және методологиялық мәдениетің қалыптастыру;

  • пән мазмұның студенттердің оған деген ықыласына кедергі келтіретің бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишілерден азат ету.

1.4 Пәнді оқып- үйрену нәтижесінде студенттердің білетіні:

  • философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;

  • мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін;

  • философияның негізгі концепцияларын;

  • дүниетанымдық мысалдардын шешімің табудын философиялық амалдарын.

  • студенттер философияның негізгі тарихи кезеңдерін білу, философияның түбегейлі ұғымдарын, игереді.

  • адамды тарихи процестің мәні және мақсаты ретінде жан-жақты қарастырады.


1Тақырып Мәдени-тарихи контекстегі философия

Философия және философ. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясын қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.

Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.

2 Тақырып Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құтылудың жолдарына деген ізденістер.

Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық елшемінің формасы ретінде. Карма, реинкарнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.

Буддизм жене оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері. Шығыс адамының дүниеге қатынасының калыптасуына, рухани қүндылықтарды таңдауына, өмір салты мен дінінің қалыптасуына буддизмнің дүниетанымдық әсері. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.

Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік-этикалық максималарының прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның

қытаңлық мәдениет пен қоғамдағы маңызды рөлі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның идеологиясы ретінде.

Даостық философия және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сақтау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.

Моизм конфуцийшылдыққа альтернатизті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мөдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.

Легизм «соғысушы мемлекетгер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі қүндылықтары: қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлык қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.

3 Тақырып Антикалық мәдениеттегі философия

Көне грек философиясының калыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек мифологиясының әсері. Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбүрысы. Саяси-этикалық сұрақтардың қойылуы. Көне грек философиясыкың өрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың ролі. Парменид: философиялық дәлелдеу қальштасуының қайнарында.

Платонның білім жөне қүзырлылық мәселесін қоюының іргелілік сипаты. Платон философиясы табиғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.

Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілігі жвне маңыздылығы. Білім алу жолдары мен қүзырлылыктың мәселеленуі. Этикалық қүзырлылықтың қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекеттер туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органоны ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен іске асырудың шарты ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі «полития» - адами қоғамдастықтың мақсаты.

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақытына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдін, табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи қүқык, идеясы жалпы қүқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Римдік мемлекеттік және қүқықтық өмірді үйымдастыруға қүқықтың стоицистік түғырнамасының әсері.

Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активизмінің қалыптасуына әсері.



4 Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуынын мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар кездері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани қүндылықтары. Христианшылық және антикалық философия. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рационалды бағдарланған философияның теоретикалық мөселдемелеріне деген қүштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылануы ретінде. Қайғы-қасірет жөне әділсіздік үшін еділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Діни дүниетанымға деген философиялық рефлексия стратегиясының қалыптасуы. Неоплатонизм дүниетанымдық ізденістердің жаңа сергіген діни бағыттылығының көрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Философиялық ой кешудің жаңа теоцентристік тәсілінің ерекшелігі.

Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның медени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларың қалыптастырудағы А.Августиннің рөлі. Адамның қүндылығы және құтқарылу туралы ілім. Қоғамдағы адамның қүқықтық жағдайының иерархиялық тәртіптіленген суретін сомдаудағы ортағасырлық философияның рөлі.

Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томшмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика философиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында.

Рухани қүндылықтардың, батыс адамы санасындағы моральдылықтың басымдылығын қалыптастыруға ортағасырлық діни философияның әсері. Батыс адамының өмірлік таңдауы мен стратегиясына христиандық дін мен дүниенің христиандық моделінің әсері арқасында оның дүниетанымдық көкжиегінің өзгеруі.

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық мұсылмандық философия

Арабтық- мүсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мөдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүр. «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнін энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең манызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы; рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны жөне оның өмірді қүрудағы негізгі максималары.

Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі дүние, Құдай және адам туралы ілім. Рухани өрлеу мен жетілудің суфийлік практикасы. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтары. Суфизмнің символизмі мен мистикалық практикасы. Суфизм философиясын, дамытудағы Ибн Араби мен Әл-Газалидің үлесі. Суфизм және Омар Хайям. Ирандық суфизмнің символикасы мен мистицизмі.

Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағүн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялык ізденістері. Махмүт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.

5 Тақырып Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен: адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердін (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеуі және олардың Қайта Өрлеу философиясьша өсері. Қайта Өрлеу философиясы жене жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм. Ренессанстық скептицизм мен эпикуреизм.

Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Ренессанстық ойлау мен дүниеге қатынастын ерекшеліктері.

Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.

Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасудағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.

Батыс адамының дүниетанымдық бағдарлары мен құндылықтар жүйесінің трансформациялануына, әлеуметтік белсенді стратегиясы мен өмірлік үстанымдарының калыптасуына ренессанстық философияның, Реформацияның діни-философиялық және саяси ілімдерінің әсері. Ренессанс пен Реформация философиясының дүниетанымдық жаңалықтарының әсерімен батыстық адам мәдени қызметінің жаңа формаларының қалыптасуы.



6 Тақырып Жаңа заман мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Жаңа Уақыт бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал. Жана Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эксперименталдық жаратылыстанудың пайда болуы. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі» ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің . перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық үстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері.

18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындағы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс». Метафизикалық сауалдардың болмай қоймайтындығы. Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматгық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың күқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің түғырнамасы ретінде. Адам қүқықтары туралы мәселе жайындағы философиялык рефлексия.

Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау түғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму үғымы. Диалектикалық дамудың зандары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің қүқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.

Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат түғырнамасы.

Батыс адамының белсенді іс-әрекетінің қалыптасуына неміс философиясының әсері. Мәдениет әлемін жасаудағы адам мүмкіндіктерін іске асырудың потенциалын философиялық негіздеу. Мәдениет әлемі адам Зердесімен қүрастырылатын реалдылық ретінде. Неміс идеализмі философиясының неміс халқының үлттық қауіпсіздік стратегиясы мен үлттық топтасуының қалыптасуына, қуатты орталықтандырылған мемлекет құруына, ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына әсері.



7 Тақырып XIX ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

XIX ғ. екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық қоғам жөне оның негізгі доминанттары. Техникалық прогресс индустриалдық қоғамның басты қүндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».

Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік түғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім. Қосымша қүн және қанау. Қанаудың себептері. Айналма форма үғымы. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік түғырнамаларына әсері. Маркс теориясы идеяларының батыстық адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, әлеуметтік оптимизмінің артуына, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік теңдік стратегиясының нығаюына әсері.

Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген күштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтік социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириокритицизм мен махизм позитивизмнің жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген қүштарлық. Неокантианство және оның ғылыми зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы, Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретіыде».

А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизм. Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалык, қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.

8 Тақырып XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофилдер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, соборлык үғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінің, үлттық өзіндік санасының өзгешеілігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер түғырнамасы. Орыс философтарының (Н.О. Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни-философиялық ізденістері. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.

Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.

9 Тақырып Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Сопылық дөстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

XVII-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-қүқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космологиялық жене антропософиялык ілімдер (Доспамбет, Дулати).

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі.

Абай Қүнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

Шекәрім Қүдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. алғашқы жартысындағы қазақ үлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялык тақырыптама. XX ғ. қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

Қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің қазақ халқының үлттық өзіндік санасының қалыптасуына, өзінің этникалық қауымдастығын сана елегінен өткізуге әсері. Қазақ халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ философиясының рөлі.

10 Тақырып XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия

Маркстік ілімнің эволюциясыг. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі жөне қасан қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

КОКП XX съезі және рухани саланың либерализациялануы, оның «тоқырау» дәуіріндегі бәсеңдеуі. XX ғ. 60-жылдарының соңы - 80-жылдарындағы кеңестік философияның негізгі бағыттары. Диалектикалық логиканың қалыптасуына Э.В.Ильенковтың, Г.С.Батищевтің, П.В.Копниннің және т.б. әсері.

Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері. Қазақстандық философтардың зерттеулерінің негізгі бағыттары: Ж.М. Әбділдин, М.И.Баканидзе, Н.Д. Джандильдин, Т. Жангельдин, Л.К. Науменко, А.Х. Қасымжанов, Г.А. Югай, Қ.Ә. Әбішев, А. Қасабек, Д.Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, Г.Ғ.Ақмамбетов, Қ.Х. Рахматуллин, М.Ш. Хасанов, Қ.Ш. Шулембаев және т.б.

Кеңестік маркстік философияның коммунистік идеология, кеңестік патриотизм мен үжымшылдықтың қалыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардын нығаюына әсері.

ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым салған» мұраға бет бүру. Үлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

Қазақ халқының мәдени және әлеуметтік бірдейлігін іздеу және табу жолдарын ойластыру. Қазақ философиясы мен мәдениеті тарихы бойынша зерттеулердің қалыптасуы: О.А. Сегізбаев, А. Қасабек, М.С. Орынбеков, Ғарифолла Есім, Т.Х. Рысқалиев, Ж. Әлтаев, Т.Х. Ғабитов, Қ.Ш. Нұрланова, Ж. Мүтәліпов, Д.С. Раев, Ғ.Т. Телебаев және т.б. Мәдениет философиясы мөселелерін қазақстандық зерттеулерінің қалыптасуы қайнарында: Б.Ғ. Нұржанов, А.А. Хамидов, А.Б. Наурызбаева және т.б. Қазақстандық қоғам тұрақтануының мәдени және өркениеттік түрғыда маңызды сауалдарын ой елегінен өткізу. Өркениеттік дамудың қазақстандық моделін іздестіру (Ғарифолла Есім, Ә.Н. Нысанбаев жөне т.б.). Жатсыну феноменін философиялық талдау (Қ.Ә. Әбішев, З.А. Мүқашев, А.А. Хамидов). Ғылыми зерттеу методологиясьшың мәселелері (Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Сәбит, М.Ш. Хасанов, М.З. Изотов жөне т.б.). Этникалық қатынастарды нығайту жолдарын және этникалық интеграция мәселелерін ойластыру, рухани қүндылыктық бағдарларды іздестіру (Б.Қ. Қүдайбергенов, Н.Ж. Байтенова, С.Е. Нұрмүратов). Посткеңестік философияның түрақты казақстандық қоғам орнатуға деген дүниетанымдық нүсқама мен бағдарлардың қалыптасуына, қазақстандық менталитеттің, қоғамда жүргізіліп жатқан реформаларды рационалды түсіну мен қабылдаудың калыптасуына, мәдени бірдейлік, үлттық қауіпсіздік сауалдарының қойылуы мен талқылануына әсері.

XX ғ. - XXI ғ. карсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

XX ғ. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX ғ. батыстық мәдениетінің қүндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі еркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттін дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX ғ. экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялык ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс).

Персонализм философиясының діни-философиялык ізденістері. «Құдайға оралу» және «Құдайға деген махаббат»~батыстық діни философтардың дүниетанымдық ұстанымы, батыстық адамның адамгершіліктік жетілуінің және кісілікке қайта оралуының жолы есебінде.

Мәдени талықсытпа және адамның одан шығу жолын іздестіруі. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал. Адам өмір сүруінің қақтығыстары мен драматизмі, «бакытсыз сананың» қалыптасуы (психоанализ).

«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұкаралык мәдениет пен мәдени индустрияның әсерінен бір өлшемділікке ие болу. Бүқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылым мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымнын логикалык-методологиялық мәселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Батысеуропалық мәдениеттегі «адамның өлуі» феномені және адамның қайта оралуының себептері мен жолдарын философиялык кайта ойластыру. Структурализм философиясы. Постструктуралистердің философиялық ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М. Фуко.

Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Постмодернизм философиясының калыптасуы. Постмодернистік ойлаудын өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негіздемелерін сыни талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.

11 Тақырып Болмыс философиясы

«Адам - Дүние» катынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тәсілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі стратегиялары.

Болмыс адам болмысы хақында. Адам болмысының заттар дүниесінен принципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық тәуелділік.

Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес, жемісті емес бағдарлануының формалары. «Ие болу» стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайылығы ретінде. «Болу» стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемісті бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты қүндылығы және капиталы ретінде.

Болмыс-емес феномені. Адам болмысының әрдайым болмыс-емеске қарайлылығы. Адам өмір сүруінің таянышсыздығы. Өлімді қабыл алу адам стратегиясы хақында. Өлім феномені. Мәдениет пен философиядағы өлімге деген қатынас. Танатос идеясының тууы. Соғыс өлім алдындағы қорқынышқа «табынушылық» және өлімге келудің жасанды формасы ретінде. Өлімнің бейнелері мен архетиптерінің кешені. Өлімді рәміздеу. Неопсихоанализ өлім жөнінде. Трансперсоналдық психология өлім феномені жөнінде. Өлімнің діни түсіндірмесі: христианшылдық пен ислам өлім феномені туралы. Heгe мұсылман өлімнен қорықпайды? Буддистік тантризм және өлімді қабылдаудың сатылары. Шығыс философиясы мен мөдениетіндегі елімге деген қатынас. Өлместік феномені. Трансперсоналдық тәжірибе жене өлімді жеңу. Йога мен даосизмнің тежірибесі. Суфизм тәжірибесі.

Адам болмысының экзистенциалдары. Қорқыныш феномені. Экзистенциализм қорқыныш туралы. Қорқыныш пен қалшыл. Қорқыныш қүмарлық хақында. Футурталықсытпа.

Қасірет шегу феномені. Өмір қасірет шегу ретінде. Қасіреттің христиандық түсінігі. Қасірет шегу мен адам өмір сүруінің азаптылығы. Бақытсыздық өмір ережесі ретінде (А. Шопенгауэр). Жалғыздық терең экзистенциалдық күйзелу ретінде.

Философиялық антропология

Онтологияның антропологиямен байланысы. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. Тәнилік пен руханилықтың гармониясы. Тән мен рухтың антиномиясы. Тән мен рух үйлесімін іздестіру формалары. Адам өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық және аса қымбат тарту есебінде. Өмір алдындағы игі көңіл-күй, Өмірдің мағынасы. Рахатқа бату бақыты адам өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы: дін мен философияның төжірибесі. Бақыт феномені.

Адамның әлеуметтік бірдейлігі. Еркіндік құндылық хақында. Адамның еркіндіктен қашқақтауы. Еркіндік және есерсоқтық. Еркіндік және анархия. Еркіндік және өктемшілдік (авторитаризм). Еркіндік адамгершіліктік императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Конформизм және конформдық мінез-қүлық. Деспотизм.



12 Тақырып Әлеуметтік философия

Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық коғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі жене өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері.

Экономикалық жатсыну феномені. Әлеуметтік жатсыну феномені.

Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және постиндустриалдық қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары перспективалары.

Мәдениет үғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Мәдениет және адам. Мәдениеттің негізгі салалары. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және этнос. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Жастар субмәдениеті. Бүқаралық мәдениет феномендері.

Инвективаның мәні. «Кергенділік-көргенсіздік» оппозициясының шығу тегі. Көргенсіздіктің формалары. Бейнормативті лексика мәдени-әлеуметтік феномен ретінде. Эротикалық өнер жене порнография: ұқсастығы және айырмашылығы. Мәдениет жене өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялык мәдениеттің қальштасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер.

Махаббат феномені. Махаббат терең экзистенциалдық күйзеліс ретінде. Махаббат философиялық түсіну «предметі» ретінде. Эрос адам құмарлығы хақында. Әртүрлі мәдени дәуірлердегі махаббат бейнесі. Адам өмір сүруінің драмасы. Көне өркениеттер тылсымшықтары (мистериялары). Күнә және өкініс. Агапэ. Романтикалық және-тәни махаббат. Махаббаттың түрлі пішіндері. Діни экстаз және пенделік сезім. Қүдайға деген махаббат. Суфизмдегі Құдайға деген махаббат. Махаббат метафизикасы. Ана махаббаты. Әке махаббаты. Аға-іні махаббаты. Еркек пен әйел махаббаты.

Дін философиясы предметінің шекаралары. Дін философиясы және теология. Дін философиясы және дінтану. Дүниеге діни қатынастың ерекшелігі. Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Дін пайда болуының түғырнамалары. Теистік және теистік-емес діндер. Анонимдік құдайшалар. Діннің адамгершіліктік мазмұны. Сенім және білім. Сенім және ырымшылдық. Атеизм мен дінге қарсы болушылық.



Діни сезім. Киелі нәрселер. Киелі іс-әрекет. Киелі кітаптар. Киелі адамдар. Киелі орындар. Киелі кеңістіктер мен сандар. Діндегі рәміздер рәміздері. Діндегі таңғажайып феномені. Жүмақ және тозақ.

Діншілдіктің конфессионалдық формасы. Конфессиялар диалогы мәселелері және діни шыдамдылық. Діни фанатизм, фундаментализм және экстремизм. Дін мен саясаттың байланысы: тарих және қазіргі заман. Діни-саяси терроризм. Халықаралық діни-саяси терроризмнің қауіпі: оны тойтарудың дүниетанымдық негіздемелерін іздестірулер.

Тарих философиясы: оның мәні. Тарих философиясының негізгі варианттары. Тарихи процесс мәселесі. Тарихты кезеңдеу мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Адамзаттың табиғи прогресінің жалпы теориясы. Партикуляризм және универсализм. Тарихта прогресс мүмкін бе!? Тарихтың бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт түғырнамасы. «Тарих толқындары». Циклдер және ырғақтар. Тарихтың соңы? Өркениеттер қақтығысы. Қазіргі әлемдегі үлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі: Қазақстан тарихи дилемма алдында. Традиционализм мен модернизмнің синтезі мәселесі. Әмбебап-адами қүндылықтар: шындық пен елес.

Саясат философиясының предметі. Саяси философияның генезисі. Билік феномені. Саяси билік. Биліктің метаморфозалары. Билік және мораль. Мақсат пен құрал мәселесі. Саясат пен экономиканың байланысы. Саясат және идеология. Құндылықтарды таңдау саясаты. Дәстүрлік, легалдык, харизматикалық типтер.

Саясат және әлеуметгік мифология. Миф саясат инструменті ретінде. Бүқаралық ақпарат құралдары саясатта. Саясат және бүқаралық психология. Бұқараның кетерілісі. Бұқараның құбыжық болып көрінуі. Тарихтағы әумесерлердің, геройлардың бейнелері. Бұқараның стреотиптік ойлауы. -Үқсап бағу эффектісі. Бүлікшілдер мен психопаттар. Манипуляциялау феномені.

Демократия феномені. Либералдық демократия. Демократияның парадокстары. Демократия және адамның қүқықтары. Тоталитаризм феномені. Тоталитаризм мәдени-өркениеттік феномен ретінде.

Соғыс феномені. Этатизм және анархизм. Саяси революция феномені. Саяси экстремизм. Саяси авантюризм. Геосаясат феномені. Геосаяси қауіпсіздік. Үлттык қауіпсіздік.

Оку-білім философиясының пәні. Оку-білім философиясы және педагогикалық теория. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы. Оқу-білімнің институциялануы. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқу-білімдегі жатсыну. Жатсынған білімнің адамға сіңісуі мәселесі.

Оқу-білім ортасы. Білімдегі модельдеу. Даму және білім. Оқу-білімдегі саналылық пен бейсаналылық. Түлғаньщ өзін-өзі іске асыруы. Түлға және оқу-білім. Сүхбат және білім. Таным және оқу-білім. Оқу-білімдегі түсінік. Оку-білімдегі шығармашылық.

Педагогиканың үш типі: қалыптасу педагогикасы, даму педагогикасы, бірге шығармашылық педагогикасы. Постмодернизмнің сыни педагогикасы. Тәртіптілік және оқу-білім. Ғылыми пән және оқу пәні мәселесі.

Оқу-білім жүйесі мәдени дөнекер ретінде. Оқу-білімнің дестүрлі жүйесі. Альтернативтік оқу-білім жүйелері. Оқу-білімнің жалпы жүйесі билік пен құзырлыққа қол жеткізудің құралы ретінде (Платон).

Оку-білімңің аксиологиялық аспектілері. Оку-білімдегі консерватизмнің қүндылықтары. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Оқу-білімдегі эссенциализм. Оқу-білімдегі аналитикалық философия. Экзистенциализм және оқу-білім. Оқу-білімнің шығыстық моделі.

Психологиялық кәмелеттік үшін оқу-білім. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.

13 Тақырып Диалектика теориясының мәселелері

Диалектиканың тарихи типтері. Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философріясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. XX ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектика теориясы бойынша қазіргі кездегі зерттеулер. Диалектиканың механикалық жөне органикалық модельдерін сынау. Гармоникалық диалектиканың моделі (Г.Батищев). Диалектика жөне диалогика (В.С.Библер).

Диалектика жүйе хақында. Диалектиканың негізгі принциптері. Объективтік және субъективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларынын мәні. Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адамның ғылыми-танымдық жөне практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.

14 Тақырып Эпистемология

Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Білім жөне сенім. Білімнің қүрылымы. Сезімдік және рационалдық таным. Үғьм рационалдық танымның формасы ретінде. Таным жөне шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Түсіндіру және түсіну. Ақиқат. Ақиқат және адасу. Акиқат теориясы.



Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама. Ғылыми танымның әдістері. Философиялық өдістер. Рационалдылық феномені. Ғылым және ғылымның институттандану феномені. Ғылым дамуының перспективалары. Ең жаңа ғылыми жетістіктер мен көне ғылымнан тысқары білімдердің параллелизмі туралы дискуссия.

15 Тақырып Глобалдық мәселелер философиясы

Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі үйғарым-талабы ретінде. Глобалдық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы. Өршіп келе жатқан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет