Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
3. Microsoft Word программасының жұмыс терезесі
4. Құжаттарды бейнелеу режімі
кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.
беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей ауыстыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документ) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып 5. MS Word редакторында мәтінмен жұмыс істеу әдістері
саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
кестелер (таблицалар);
төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
графикалық бейнелер;
кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
Қосымша мәліметтер
Комбинация
|
Әрекет
|
F2
|
Таңдалған элементтің атын өзгерту
|
CTRL+A
|
Барлық элементтерді таңдау
|
F3
|
Файлды немесе қалтаны іздеу
|
alt+enter
|
Таңдалған элементтің қасиеттерін қарау
|
ALT+F4
|
Ағымдағы электрондық поштаны жабу немесе шығу
|
F5
|
Белсенді терезені жаңарту
|
CTRL+ESC
|
Бастау мәзірін ашу (Пуск)
|
F10
|
менюге кірмейтін командаларды орындау үшін қолданылады
|
Print Screen
|
Аралық сақтағышқа экранның көшірмелерін орналастыру (скриншот)
|
Alt+Print Screen
|
Алмасу буферіне орналастыру белсенді терезенің көшірмелеі
|
Достарыңызбен бөлісу: |