Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



бет1/7
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#128292
  1   2   3   4   5   6   7

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы



знак%20пгу


Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Менеджмент» кафедрасы


«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәнінен


5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы



знак%20пгу


Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т.Я.

_______________

«__»_________200_ж.


Құрастырушы: ___________ аға оқытушы Жанат М.


«Менеджмент» кафедрасы
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20 ж. «___» ___________ бекітілген, жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» ____________ №__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _________Бейсембаева Г.М. 20___ ж. «__» ____________

(қолы)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 ___ж. «__»_________№___ хаттама

ОӘК төрайымы _______________Темиргалиева А.Б. 20___ ж. «__» __________

(қолы)


  1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару

Пән элективті пәндер каталогынан



Кредиттер саны және оқу кезеңі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтардың барлығы – 60

Дәрістер – 30 сағат

Семинар сабағы – 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 60 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 180 сағат


Бақылау нысаны

Курстық жұмыс – 6 семестр

Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Экономикалық теория», «Нарық экономика негіздері», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика», «Дүниежүзілік экономикалық қатынастар».


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Сақтандыру», «Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы», «Баға қалыптасуы», «Қызметтік қатынастар этикасы».


Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары

А.Ж.Т. Жанат Мырзабек

Ғылыми дәрежесі,атағы аға оқытушы

Кафедра « Менеджмент», аудитория _524__,

телефон: __673646______________________,

Е-mail Zh_M.pvl@mail.ru


2. Пәні, мақсаты және міндеттер

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару пәні – сыртқы экономикалық қызметті құрайтын сыртқы сауда, халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттық өндірістік интернационалдау, халықаралық валюта-несиелік қарым-қатынастар, жұмыс күші миграциясы, капиталды шығару, халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік бірлестік негізгі категорияларын және ұғымдарын игеру.

Пәнді игеру мақсаты студенттерге сыртқы экономикалық қызметті басқару аясында мамандықтың экономикалық, теоретикалық, базалық, негізгі дайындықтарын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • СЭҚ мемлекеттік басқару пәні бойынша лекция курсының негізгі сұрақтарын теоретикалық дәрежеде жаңартып отыру қажет;

  • Тәжірибе сабақтарында машықтық дағдыларын қалыптастыру және әртүрлі экономикалық міндеттерді өз беттерімен шешуге үйрету;

  • Пән сұрақтары бойынша берілген сағат ішінде студенттердің білімін және білімділігін міндетті түрде кеңейту.


3 Қалыптастырылатын құзіреттіліктер

Білу мен түсіну:



  • ҚР-ғы сыртқы экономикалық қызметінің ұйымдастырылуы туралы;

  • шетелде сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдастырылуы;

  • халықаралық саудадағы несие және контрагенттер жөніндегі түсініктері болуы

  • дүниежүзлік нарықтағы баға белгілеу және ерекшеліктері туралы;

  • сыртқы сауда операциялары туралы;

  • сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық саудалар;

  • халықаралық сауда тәжірибесіндегі сақтандыру және халықаралық есептер туралы;

  • іскерлік байланыстың техникасын және ұйымдастыруы туралы білуі

Білім мен түсініктерді қолдану:

  • әртүрлі тауар топтары бойынша халықаралық мәмілелер, келісім-шарттарды құрастыра білуі және оларды өз бетінше талдауға;

  • іскерлік келіссөз жүргізе білуі, іскерлік санақтарды, құжаттарды ресімдеу және қабылдауды ұйымдастыра білуге;

  • сыртқы экономикалық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға икемді болуы тиіс.

Көзқарасты қалыптастыру:

Пәнді оқып, зерттеп меңгергеннен соң, студент ұлттық экономиканың халықаралық экономикалық жүйедегі орны мен рөлі, сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару элементтерінің өзара байланысы, мемлекеттің сыртқы саясатының қызмет етуінің механизмін зерттеу арқылы жақсы нәтижелер алу көзқарасын қалыптастырады.



Коммуникация:

  • Теориялық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасау.

Оқудағы машықтардың болуы:

- тауарларды сату-сатып алу, мердігерлік, кепілдікке беру шарттарын құрастыру машығын студенттің бойына қалыптастыру;



- Сыртқы экономикалық қызмет субъектлері арасындағы қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімді әдістерін анықтау машығын иелену.

4. Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу




Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәр.

Тәж.

Бар-лығы

Соның ішінде СӨЖМ

1

Сыртқы экономикалық факторлардың рөлін көтеру – әлемдік экономиканың дамуының негізгі бағыты

3

3

11

6

2

Сыртқы экономикалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру

3

3

11

6

3

Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру

3

3

11

6

4

Нарық экономикалы елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру

3

3

11

6

5

Әлемдік нарықтағы бағалардың қалыптасу ерекшеліктері

3

3

11

6

6

Сыртқы сауда операциялары

3

3

11

6

7

Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық сауда

3

3

11

6

8

Халықаралық сауда тәжірибесіндегі халықаралық есеп айырысулар және сақтандырулар

3

3

11

6

9

Халықаралық саудадағы несиелеу

2

2

11

4

10

Халықаралық сауда контрагенттері

2

2

11

4

11

Іскерлік байланыстар техникасы және ұйымдастыру

2

2

10

4

БАРЛЫҒЫ:

30

30

120

60


5. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру - әлемдік экономиканың дамуының бағыттары

Жоспар

  1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

  2. Экономиканың тиімділігін арттыруда сыртқы экономикалық байланыстардың рөлі

  3. ҚР-ың сыртқы экономикалық байланысын дамыту стратегиясы




  1. Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды. Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады. ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары: осы аймақты дамыту; әлемдік тәжірибе алу; сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:

- еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.);

- ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :

- милитаризация мен қару-жарақтану;

- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.;

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- ұлттық мәдениеттің жойылуы;

- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.






Протекционизм

Фритредерство

Мағынасы:

Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу.

Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.

Артықшы- лықтары

Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қорғай-ды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көлемінің өсуін ынталандырады.

Бәсекені ынталандырады, моно-полияны шектейді, өндіріс тиім-ділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі өседі, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Кемшілік-тері

Өндіріс тиімділігі төмен-дейді, баға өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.

Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).


2) Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты: құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді;

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

- валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;

- материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқыэкономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясаты табылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына:

- кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды

реттеудің бейтарифтік шаралары;


  • саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы;

  • валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу–сату

операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады.

Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
3)Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан. Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді. Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор. Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны», еркін сауда немесе «протекционизмді», өз тауар өңдірушілерін қолдау талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті. «Фритретерство» саясатың ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» - деп жазған.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда – экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы

Жоспар


  1. Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың мәні және механизмдері

  2. Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.

  3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері




  1. Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

•  сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);

•  шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

• валюталық саясат.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді. Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жүргізіледі.

Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де реттейді. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

•   тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.


  1. Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын — сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі — бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:

1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа   сәйкес   елдің   сыртқы   экономикалық   саясаты кедендік құралдар мен шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіптерді қалыптастырады;

2)  ұлттық фирмалардың сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге республика және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4) сыртқы экономикалық саясат — кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ел экспортерлары үшін қолайлы жағдайлар жасау – елдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді. Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмыс күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.

Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.

Технологияларды айырбастау және жұмыс күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.

Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Өзіміз  білетіндей,   кез  келген   мемлекеттің  қызмет  ету ұлттық және  мемлекеттік  мүдде  категорияларына  сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді. Бұл түсініктің  мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен   түсіндіріледі.   Оларды   үкімет   өзінің   ішкі   және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер «ұлттық» және «мүдде» деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету — абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.

Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады. Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық. Кез-келген мемлекеттің қоғамы – мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетеді.

Қазіргі кездегі дүниеде «ұлттық мүдде» саясаты бір түрі рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті өкілеттілік ретінде, яғни Еуропаға бейбітшілікті нығайтатын өкілетілігі ретінде, екінші жағынан – Шығыс Еуропаға әскери саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.

Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлекеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді. Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны  анықталады.

Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.

Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген, олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.

Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады:

• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;

• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;

• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;

• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;

• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;

• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;

•  дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;

•  халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;

• сыртқы  экономикалық стратегияны жүзеге асырудағы жүйелілік

Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет