Пәні: сауат ашу
Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Көктем».
Мақсаты:
1)Білімділігі: Көктем мезгілінің көрікті келбеті туралы ұғым беру. Адамдарға және жансыз заттарға сұрақ қою ерекшеліктерін түсіндіру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем суреттері, сөзжұмбақ, трек сызба
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық. Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, сабақ басында жақсы тілектер айтқызу.
Қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
-
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
-
Сарғыш түсті дөңгелек
Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)
-
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
-
Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
-
Басында таяға бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
-
Білімнен мол сый, асы
Балдырғандар ұясы (Мектеп)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Поэзия минуты. «Көктем» өлеңін жатқа сұрау.
III. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс. Моноблоктан «Көктем» тақырыбына қатысты суреттерді көрсете отырып, оқушыларға сол сөздерді тақтада және дәптерде жаздыру.
Сергіту сәті.
«Қара жорға» биін билету.
Оқулықпен жұмыс
«Көктем бейнесі» мәтінін оқушыларға тізбектей оқыту. Мәтін мазмұнын талдау. Көктем бейнесі мәтінде қалай суреттелген? Көктемді неліктен сағына күтеді? Көктемде нелер шыға бастайды?
Топпен жұмыс. Әр топқа «жоғалған буындары» бар сөздерді дұрыс жазу тапсырмасын беру.
-
Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Сабақты қорытындылау. Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер берілген карточкалар үлестіру. Әр сөзге тиісті сұрақ қою.
Сабақты бекіту. «Наурыз тойы» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқып беру.
«Наурыз оң болсын.
Ақ мол болсын.» деген тілекпен гүл шоқтарын келген қонақтарға таратқызу.
Үйге тапсырма беру: «Наурыз тойы» өлеңін мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап алу.
Бағалау: Оқушыларды сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау.
Рефлексия: Оқушылар сабақта алған әсерлерін түрлі түсті смайликтерді көтеру арқылы білдіреді. Қызыл «жадырап тұрған» смайлик – сабақ ұнады дегенді, ал жасыл «жабырқау смайлик» - сабақ ұнаған жоқ дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |