ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Аңшылық алқаптар типологиясы»



Дата03.07.2016
өлшемі249.45 Kb.
#174276



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18.22.1.7. /01-2013

ПОӘК «Аңшылық алқаптар типологиясы»

пәнінің оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы



№ басылым


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Аңшылық алқаптар типологиясы»

5В080300-«Аң өсіру және аңшылық» мамандығына арналған


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ - 2013


Кіріспе
1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Мал шаруашылық технологиясы және аңшылықтану” кафедрасының аға оқытушысы Айткалиев Б.М. «_____»_________2013 ж

2. ТАЛҚЫЛАНҒАН


2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “ Мал шаруашылық технологиясы және аңшылықтану ” кафедрасының мәжілісінде.

«___» _________2013г., № __ хаттама.


Кафедра меңгерушісі __________ Тугамбаева С.М.
2.2.Аграрлық факультетіның оқу - әдістемелік бюросының мәжілісінде.
«___» _________2013г., № __ хаттама.
Төрағасы _________ Тлеубаева А.В..

3. БЕКІТІЛГЕН


Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған.

«___» _________2013г., № __ хаттама.


ОӘК төрағасы,

бірінші проректор ___________ Г. Искакова


4. № ____ «____»__________ редакцияның орнына

Мазмұны


1. Колдану саласы.
2. Ереже белгілейтін сілтемелер
3. Жалпы ереже
4. Жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны
5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптар тізімі
6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуінің қартасы

8. Әдебиеттер




  1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

«Аңшылық алқаптар типологиясы» пәні бойынша оқытушының оқу-әдістемелік кешені 5В080300 -«Аң өсіру және аңшылықтану» мамандығының студенттеріне арналған.



  1. ЕРЕЖЕ БЕЛГІЛЕЙТІН (НОРМАТИВТІК) СІЛТЕМЕЛЕР

Осы мамандықтар бойынша кадрларды дайындау Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес ПОӘК мына құжаттар талабына, ұсыныстарына сай, пәннің оқу барысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді: –«Аңшылық және аң өсіру» мамандықтарына ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР МЖМБС 03.08.365-2004, ҚР БҒМ №779 бұйрығымен 2005 ж. 23.10. бекітілген және іске енгізілген.

042-РГКП-СГУ-8-2007

-ДП 042-08.10.12-2007 документациялық құжаттар



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Аңшылық алқаптар типологиясы пәні – аңшылықтану пәнінің бір бөлімі, ол аңшылыққа пайдаланылатын жерлер өнімдігі және өнімін жоғарылату мүмкіндіктерін қарастырады. Студенттерді аңшылық алқаптардың бонитировка, инвентаризация және классификациясының теориялық негіздерімен таныстырады. Пәнді оқыту барысында аңшылық алқаптарды сипаттау, олардың өнімділігін бағалау, әртүрлі типті алқаптардың экономикалық тиімділігін қарастыру көзделген.


3.2 Пәннің мақсаты:

Курстың мақсаты – табиғи жабайы жануарлар тіршілігін баскарудың теориялық негізін зерттеп білу және жануарлар мен олардың өмір сүру орталарына биотехникалық шаралар қолдану, нақты табиғи —экономикалық аймақтарга биотехникалық шаралар жүргізуге білу, болашақ мамандарды аңшылық алқаптардың табиғи өнімділігін және шаруашылық тиімділігін анықтауға үйрету.

Бұл пәннің басты міндеті – аңшылықтану және аң өсіру бакалаврларын мықты теориялық біліммен қамтамасыз ету – ол Қазақстан Республикасының аңшылық алқаптардың толық және тиімді пайдалануға жол береді.

3.3 Пәнді зерделеу нәтижесінде студент міндетті:

Аңшылық алқаптар жайлы ғылымның құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін білу, аңшылық алқаптарды жіктеу принциптері, классификацияның негізгі таксономиялық бірліктерін, оларды белгілеу ережелерін білу. Аңшылық алқаптарды жануарлардың мекен ету ортасы және адамның шаруашылық жүргізетін орны ретінде сипаттау, қоректік заттарды шығу тегі және қорын есептеу бойынша жіктеу, аңшылық алқаптарды бағалау принциптері,

- аңшылық алқаптар жайлы ілімінің негізгі кезеңдері мен түзілу, даму сатыларын білуі қажет; аңшылық алқаптарды жіктеу принциптері мен классификацияның негізгі таксономиялық бірліктерін (категориялар, класстар, типтер топтары мен типтерді) оларды бөлу ережелерін білуі тиіс; аңшылық алқаптарды адамның іс-әрекет орны және жануарлардың мекен ету ортасы ретінде сипаттау қоректерді шығу тегі бойынша жіктеу және олардың қорын есептеу әдістерін білу; аңшылық алқаптардың сапалап бағалау (бонитировка) принциптерін, олардың өнімділігін, өндірілімін, игерудің қиындығын анықтау; алқаптардың инвентаризациялау принциптерін және оларды жазып сипаттауды білу;

- аңшылық алқаптар типологиясынан негізгі теориялық және тәжірибелік курсты меңгеру;

- әртүрлі географиялық аймақтардың аңшылық алқаптардың категорияларын, кластарын, типтерін сауатты жазып сипаттауды үйрену; әртүрлі типті аңшылық алқаптардың қоректік ресурстарын дер кезінде және дәл сапалы анықтауды үйрену, олардың негізінде аңшылық жануарлардың алқаптардағы популяцияларының ең тиімді тығыздығын есептеп үйрену; бүгінгі таңдағы бонитеттер шкаласын пайдаланып аңшылық алқаптарды дер кезінде сапалап бағалау жұмыстар кешенін өткізуді үйрену; аңшылық шаруашылықтың территориалдық және өткізу мүмкіндігін анықтап, оларды кәсіби аулау көлемін анықтауды үйрену;

- Қазақстанның әртүрлі аймақтарында, аңшылық шаруашылықтарды жүргізіп басқару үшін типологияны оқудың маңызын түсіну.



3.5 Курс пререквизиттері:

«Аңшылық алқаптар типологиясы» пәнін оқу үшін студент «Орнитология», «Териология», «Кәсіптік аңдар биологиясы» пәндерін меңгеру қажет.



3.6 Курс постреквизиттері

«Аңшылық алқаптар типологиясы» пәнін оқу барысында алынған білім студентке «Трофейлік іс», «Аңшылық шаруашылық өнімін өндеу технологиясы», «Аңшылық шаруашылығын құру», «Тері және бағалы-тері шикізатының технологиясы және тауартану», «Биотехния және жабайы құс өсіру» пәндерін меңгеру үшін қажет.



3.7 Оқу жоспарынан көшірме

1кесте


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Зертханалық

СОБЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

3

5

3

15

30

22,5

67,5

135

емтихан



4. ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

2 кесте



Тақырыптың атаулары және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Кіріспе

Аңшылық алқаптар типологиясы – аңшылықтанудың алқаптар типтерін зерттейтін бөлімі. Аңшылық алқаптар жайлы ілімнің тарихы, бүгінгі таңдағы жағдайы. Ғылымның құрылуының негізгі сатылары. Аңшылық алқаптарды жіктеудегі қазіргі көзқарастары. Фитоценологиялық, ландшафттық және эколого-популяциялық классификацияның дамуы.




Аңшылық алқаптарын жіктеу

Аңшылық алқаптарын жіктеу принциптері және амалдары. Аңшылық алқаптарын жіктеудің басты белгілері. Жіктеудің негізгі таксономиялық бірліктері: мәртебелер, сыныптар, түрлер тобы және аңшылық алқаптары түрлері. Мәртебе - аңшылықта пайдаланатын жер жіктеудің ең ірі таксономинлық бірлігі. Аңшылық алқаптарын мәртебеге бөлу ережесі. Аңшылық алқап түрлері және түрлер тобы. Түр - аңшылықта пайдаланатын жер жіктеудің ең кіші таксономиялык бірлігі. Түр түсінігін анықтау.




Аңшылық алқаптарының ландшафтты жіктеуінің негізгі принциптері.

Ландшафт – табиғи-территориялық кешендірдің негізгі бірлігі, жер бетінің аймақтық, генетикалық тұрғыда жекеленген бөлігі, зональды және азональды тұрғыда біркелкі болып келеді, жеке құрылымы мен морфологиясы мен ерекшеленеді. Ландшафттарды табиғатта индикаторлы компоненттерді қолданып бөлуге болады.




Аңшылық алқаптарының экологиялық қасиеттері

Аңшылық алқабы түсінігінің екі негізгі жағдайы: ауланатын жануарлардың тіршілік ету ортасы; адамның аңшылық шаруашылығы қызметіндегі орны. Аңшылық алқаптары ауланатын жануарлардың тіршілік ету ортасы. Аңшылық алқаптардың қоректік жағдайлары.




Аңшылық алқаптардың қоректерін жіктеу

Өсімдік, жануар және минерал тектес қоректер. Өсімдік тектес қоректерді жіктеу: ағаш және бұта тұқымдылардың ұрықтар және жемістері, олардың аңшылық алқаптарындағы табиғи өндірістілік маңызы және қоректік бағалылығы. Жидектердің аңшылық алқаптарындағы өндірістілік маңызы және қоректік бағалылығы. Саңырауқұлақтар, олардың жануар тіршілігіндегі маңызы. Шөптесін өсімдіктер және олардың қоректік маңызы. Жануар тектес қоректерді жіктеу. Омыртқасыздар және олардың аңдар мен құстардың қорегіндегі маңызы. Минералді қоректер жөне олардың кәсіби ауланатын жануарлар тіршілігіндегі маңызы. Сорлар және олардың сипаттамасы.




Аңшылық алқаптарын бағалау

Бағалау туралы түсінік. ТМД және шет елдердің бағалау тәсілдеріне шолу. Бағалау принциптері. Аңшылық алқаптарының табиғи өндірістілігі және шаруашылық енімділігі. Аңшылык алқаптарының нақты және оңтайлы өндірістілігі және оларды анықтау. Аңшылық алқаптарының сыйымдылығы. Аңшылық алқаптарының түрлік және жиынтық өнімділігі және өндірістілік және онімділік көрсеткіштерін анықтау әдістері. Бағалаудың бес балдық шкаласы. Аңшылык алқаптарын ауланатын жануарлардың мекендеу жагдайлары, өндірістілігі және онімділігі, оларды игеру қиындығы және жеке тұргыдагы осім бойынша бағалау. Алқаптарды бұлаң, бұғы, елік, киік, қоян, түлкі, орман және су құстары бойынша бағалау




Аңшылық алкаптарын есепке алу

Аңшылық алқаптарын есепке алу түсінігі, мақсаты және міндеттері. ТМД және шет елдерінің аңшылық алқаптарын есепке алу тәсілдеріне шолу. Салалық деректер бойынша аңшылық алқаптарын сипаттау. Орманды таксациялық және ауылшаруашылык телімдерін аңшылық шаруашылығы телімдеріне бейімдеу принциптері. Құпия таңбалармен жазылған суреттерді оқу әдістері. Жерді пайдалану карталары, геоботаникалық және орман карталары және оларды аңшылық алқаптарын есепке алу үшін пайдалану. Аңшылық алқаптарын табиғи түрінде сипаттау. Дайындық кезеңі. Аңшылық алқап түрі - аңшылық алкапты есепке алуда негізгі есеп бірлігі. Аңшылық алқаптарының кадастры.




Қазақстанның аңшылық алқаптары

Орманды және ормандыдалалы аңшылық алқаптары. Солтүстік Қазақстанның ақ қайыңды шоқ ормандары, оларды жіктеу, өндірістілігі және өнімділігі. Аралды және жолақты ормандар және олардың аңшылық шаруашылығына мағызы. Өзен тоғайлары: жіктелінуі, өндірістіліг жөне өнімділігі. Шығыс Қазақстанның қылқан және жалпақ жапырақты ормандары, Тянь-Шанның және Жоңғар Алатауының қарағайлы ормандары және олардың түрлік бағалары. Сексеуілді ормандар. Дала аңшылық алқаптары: жіктелінуі, өндірістілігі және өнімділігі. Шөлді және шөлейтті аңшылық алқаптар: сазды, тұзды, тасты және кұмды шөлдер және олардыі аңшылық шаруалылық сипаттамасы. Таулы аңшылық алқаптар: жіктелінуі, өндірістлігі жәис өнімділігі. Сулы-батпақты аңшылық алқаптары және олардың жіктелінуі. Сулы және батпакты аңшылық алқаптарын жіктеу және бағалау ерекшеліктері. Батпақты аңшылық алқаптарын жіктеу: шөпті, бұталы және сфаганды батпақтар.




Аңшылық алқаптарын экономикалық бағалау

Ауланатын жануарлардың және аңшылық алкаптарының қорларын багалаудың негізгі түрлері. Аңшылык алқаптарын теориялық және экономикалық бағалаудың әдістемелік негіздері. Пайдаланатын және пайдаланбайтын аңшылық алқаптары экономикалық бағалаудың нысаналары. Аңшылық алқаптарын экономикалық бағалауға арналған негізгі амалдар: биогеоценологиялық, кешенді, түрлік. Экономикалық бағалаудың негізгі өлшемдері және түрлері: түрлік және жиынтық (қортынды).




Аңшылық алқаптарының өзгеруі

Ландшафтардың геологиялық және көне заманда өзгеру тарихы. Аңшылық алқаптарының табиғи өзгеруі. Орман өсімдіктерінің сукцессиясы. Ландшафтардың шөлге айналуы. Ормандардың өзгеруі. Тың игеруден және даланы жыртудан кейінгі далалық аңшылық алқаптардың өзгеруі. Аңшылық алқаптарын өртеу. Батпақтарды құрғату. Су қоймаларын түргызу. Суаруга су алу.




Аңшылық алқаптарыньщ өндірістілігін және өнімділігін жоғарылату

Аңшылық шаруашылықтарындағы биотехникалық шаралар: жануарларды жерсіндіру және қайта жерсіндіру, жабайы жануарларды өсіру. Кәсіпшілікті оңтайландырудың техникалык ұйымдастырылу және технологиялық негіздері



Тәжірибелік сағаттардың тақырыптары



3 кесте

Практические занятия

Количество часов



Аңшылық алқаптарды маршрутпен жүріп далалық сипаттау

2



Жеке аңшылық шаруашылықтардың жануарлар мекендеу тығыздығын және кәсіби атып алу көлемін анықтау

1



Аңшылық алқаптар типтерінің және типтер топтарының жоспарын құрау

1



Ландшафтарды қарастыру, оларды табиғи-территориялық кешендірдің негізгі бірлігі ретінде қарастыру

2



Биотехниялық, өсіп-өну және аңшылық шаруашылық шараларын жоспарлау олардың экономикалық тиімділігін есептеу

2



Аңшылық алқаптардың карталарын, түр бонитеттерін сызу

1



Аңшылық алқаптардың экологиялық қасиеттерін зерттеу. Әртүрлі алқаптардың өнімділігін, мекендейтін жануарлардың түрлік құрамын салыстыру

2



Сулы-батпақты аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану.

1



Орманды аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану

1



Далалы аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану

1



Аңшылық алқаптарды ведомстволық құжаттар бойынша сипаттау

1



Аңшылық алқаптарды табиғи жағдайда сипаттап жазу

2



Сулы және сулы-батпақты алқаптарды сипаттап жазу

2



Қоректерді шығу тегі бойынша жіктеу. Қоректерді қол жетім бойынша жіктеу

1



Қоректерді қоры құбылмалы болуы бойынша жіктеу.

1



Қоректерді қалау және нәр сапасы бойынша жіктеу. Ағаш түрлерінің тұқымдарының өнімін көз мөлшермен есептеу. Тұқымдар өнімін арнайы аландарда есептеу.

2



Жтдектер өнімін көз мөлшермен есептеу. Арнайы аландарда емептеу. Саңырауқұлақтар, ағаш-бұталы қоректерді және шөптесін биомассасын есепке алу.

2



Құр, қырғауыл, кекілік және бөденелердің қорек ресурстарын есепке алу

1



Елік, марал, таутеке және қабандардың қорек ресурстарын есепке алу

1



Бұлан, арқар, құдырдың қорек ресурстарын есепке алу

1



Қарақұйрық, бөкендер және қояндардың қорек ресурстарын есепке алу

1



Аңшылық алқаптар инвентаризациясының әдістемелік негіздері

1

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.

5.1. Бұланның негізгі қорек түрлері.

5.2. Сібір елігінің негізгі қорек түрлері

5.3. Қабанның негізгі қорек түрлері

5.4. Қырғауылдардың негізгі қорек түрлері

5.5. Су құстарына арналған негізгі қорек түрлері

5.6. Орман құстарының негізгі қорек түрлері

5.7. Бағалы терілі аңдардың негізгі қорек түрлері.

5.8. Жабайы аңдарды жерсіндірдің биологиялық негіздері.

5.9. Аңшылық алқаптардың сыйымдылығы жайлы түсінік.

5.10. Қоректік заттардың нәрлілігін анықтау.

5.11. Алқаптарға аңдар мен құстарды жіберуге арналған көлік түрлері.

5.12. Аңдар мен құстарды аулау тәсілдері.

5.13. Тиін тұқымдасының өкілдерін аулау.

5.14. Ұсақ сусартәрізділерді және қояндарды ұстау.

5.15. Мысық және ит тұқымдасты аңдарды аулау тәсілдері.

6. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТА



4 кесте

Тақырыбы

Көрнекі құралдар,ТОҚ,плакаттар

Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар

Бақылау түрлері

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар










1

2

3

4

5

Кіріспе

Аңшылық алқаптарды маршрутпен жүріп далалық сипаттау

слайдтер, кестелер схемалар

Фитоценологиялық ландшафттық және эколого-популяциялық классификацияның дамуы.

АБ

Аңшылық алқаптарын жіктеу

Жеке аңшылық шаруашылықтардың жануарлар мекендеу тығыздығын және кәсіби атып алу көлемін анықтау

слайдтер, кестелер схемалар,

Аңшылық алқаптарын мәртебеге бөлу ережес

АБ

Аңшылық алқаптарының ландшафтты жіктеуінің негізгі принциптері.

Аңшылық алқаптар типтерінің және типтер топтарының жоспарын құрау

слайдтер, кестелер схемалар

Ландшафттарды табиғатта индикаторлы компоненттерді қолданып бөлуге болады

АБ

Аңшылық алқаптарының экологиялық қасиеттері

Ландшафтарды қарастыру, оларды табиғи-территориялық кешендірдің негізгі бірлігі ретінде қарастыру

слайдтер, кестелер схемалар

Аңшылық алқаптары ауланатын жануарлардың тіршілік ету ортасы

АБ

Аңшылық алқаптардың қоректерін жіктеу

Биотехниялық, өсіп-өну және аңшылық шаруашылық шараларын жоспарлау олардың экономикалық тиімділігін есептеу

слайдтер, кестелер схемалар, қақпандар

Минералді қоректер жөне олардың кәсіби ауланатын жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

АБ

Аңшылық алқаптарын бағалау

Аңшылық алқаптардың карталарын, түр бонитеттерін сызу

слайдтер, кестелер схемалар

Алқаптарды бұлаң, бұғы, елік, киік, қоян, түлкі, орман және су құстары бойынша бағалау

АБ

Аңшылық алкаптарын есепке алу

Аңшылық алқаптардың экологиялық қасиеттерін зерттеу. Әртүрлі алқаптардың өнімділігін, мекендейтін жануарлардың түрлік құрамын салыстыру

слайдтер, кестелер схемалар

Құпия таңбалармен жазылған суреттерді оқу әдістері

АБ

Қазақстанның аңшылық алқаптары

Сулы-батпақты аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану.

слайдтер, кестелер схемалар

Батпақты аңшылық алқаптарын жіктеу: шөпті, бұталы және сфаганды батпақтар

АБ

Аңшылық алқаптарын экономикалық бағалау

Орманды аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану

слайдтер, кестелер схемалар

Экономикалық бағалаудың негізгі өлшемдері және түрлері: түрлік және жиынтық (қортынды

АБ

Аңшылық алқаптарының өзгеруі

Далалы аңышылық алқаптардың өнімділігі, мекендейтін жануарлары мен өсетін өсімдіктері оларды тиімді пайдалану

слайдтер, кестелер схемалар

Аңшылық алқаптарын өртеу

АБ

Аңшылық алқаптарыньщ өндірістілігін және өнімділігін жоғарылату

Аңшылық алқаптарды ведомстволық құжаттар бойынша сипаттау

слайдтер, кестелер схемалар

Кәсіпшілікті оңтайландырудың техникалык ұйымдастырылу және технологиялық негіздері

АБ




Аңшылық алқаптарды табиғи жағдайда сипаттап жазу

слайдтер, кестелер схемалар

жануарларды жерсіндіру және қайта жерсіндіру

АБ




Сулы және сулы-батпақты алқаптарды сипаттап жазу

слайдтер, кестелер схемалар

Аңшылық алқаптардың флорасы мен фаунасын инвентаризациялау

АБ




Қоректерді шығу тегі бойынша жіктеу. Қоректерді қол жетім бойынша жіктеу

слайдтер, кестелер схемалар

Шартты белгілеулер

АБ




Қоректерді қоры құбылмалы болуы бойынша жіктеу.

слайдтер, кестелер схемалар

Жануарлық және минерладық азықтар

АБ




Қоректерді қалау және нәр сапасы бойынша жіктеу. Ағаш түрлерінің тұқымдарының өнімін көз мөлшермен есептеу. Тұқымдар өнімін арнайы аландарда есептеу.

слайдтер, кестелер схемалар

Түрлі азықтардың қорын анықтау

АБ




Жидектер өнімін көз мөлшермен есептеу. Арнайы аландарда есептеу. Саңырауқұлақтар, ағаш-бұталы қоректерді және шөптесін биомассасын есепке алу.

слайдтер, кестелер схемалар

Жидектер түрлері

АБ




Құр, қырғауыл, кекілік және бөденелердің қорек ресурстарын есепке алу

слайдтер, кестелер схемалар

Тауық тұқымдасты құстардың биологиясы

АБ




Елік, марал, таутеке және қабандардың қорек ресурстарын есепке алу

слайдтер, кестелер схемалар

Бұғы тұқымдасының биологиялық ерекшелігі

АБ




Бұлан, арқар, құдырдың қорек ресурстарын есепке алу

слайдтер, кестелер схемалар

Қуыс мүйізділердің ерекшелігі

АБ




Қарақұйрық, бөкендер және қояндардың қорек ресурстарын есепке алу

слайдтер, кестелер схемалар

Қоянтәрізділердің таралуы мен биологиясы

АБ




Аңшылық алқаптар инвентаризациясының әдістемелік негіздері

слайдтер, кестелер схемалар

ҚР аңшылық туралы тәртібі

АБ



7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы

Кесте 4



Оқулықтардың,оқу-әдістемелік құралдарының атаулары

Экземпляр саны

Студент саны

Қамтамасыздану%

1

2

3

4

Шекенов Е.Ш. Типология охотничьих угодий и охотоустройство.

- Астана. 2002



5

10

55

Козловский А. А. Лесные охотничьи угодья. - Москва, 1970

1

10

11

Дементьев В.И. Основы охотоведения. М., 1971

9

10

100

Данилов Д. Н. Охотничьи угодья СССР. М., 1960

1

10

11

Дулькейт Г. Д. Охотничья фауна, вопросы и методы оценки производительности охотничьих угодий. - Красноярск,1964

5

10

55

Гаврин В.Ф. Охотоведение. М., 1972

5

10

55

Ландшафтное и биологическое разнообразие Республики Казахстан. - Астана 2005

9

10

100

Кузякин В.А. Охотничья таксация. М., 1979

2

10

22

8. ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер

1 Данилов Д. Н. Охотничьи угодья СССР. М., 1960 . 284с.

2 Дементьев В.И. Основы охотоведения. М., 1971. 232 с.

3. Охотоведение. Т. 1. Киров, 1970.

4 Утемагамбетов М.М. Физическая география Казахстана. А., 1959.

5 Гаврин В.Ф. Охотоведение. М., 1972

6 Дулькейт Г. Д. Охотничья фауна, вопросы и методы оценки производительности охотничьих угодий. - Красноярск,1964.

7 Козловский А. А. Лесные охотничьи угодья. - Москва, 1970

8 Шекенов Е.Ш. Типология охотничьих угодий и охотоустройство.

- Астана. 2002

9 Ландшафтное и биологическое разнообразие Республики Казахстан. - Астана 2005

10


  1. Қосымша әдебиеттер

1 Кузякин В.А. Охотничья таксация. М., 1979. 200 с.

2 Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные. А., 1989.

3 Козлов В.М. Оптимизация использования охотничьих ресурсов.

- Киров, 2000



4. Соколов Г.А. Охотничье хозяйство в кедровых лесах. - Москва, 1966




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет