№12 Дәріс. АЛҚАПТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК, ОНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
12.1 Алқаптарды ұйымдастыру
Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз - оларды экономикалық тиімді және экологикалық нәтижелі құрамға және өзара ара қатынасқа келтіру және аймақта орналастыру.
Жобаланған а/ш алқаптардың құрамы, ара қатынасы және орналасуы келесі талаптарға сәйкес болулары керек:
- табиғи қасиеттеріне байланысты барлық жерлер нәтижелі пайдаланулары тиіс;
- эрозиялық процесстер тоқтатылып, олардың болмауына әсері тиюі керек;
- әрқашан алқаптардың өнімділігі орнына келтіріліп, жақсарылуы тиіс;
- алқаптарды ұйымдастыру жоба шешімдері белгіленген мамандыққа сәйкес болуы тиіс;
- мал азығын қамтамасыз етуді;
- өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын шығуды қамтамасыз етуі;
- өндірістің өнімділігін көтеруге;
- а/ш алқаптардың ішкі территориясын ұйымдастыруға ыңғайлы жағдай жасау.
12.2 Алқаптарды ұйымдастырудың әдістемесі жайында түсінік, оның шешетін мәселелері және мазмұны.
Өндірісте пайдалануына және табиғи қасиеттеріне байланысты жер пайдаланымдар әртүрлі пайдаланым алқаптарына бөлінеді.
Пайдаланым алқаптары дегеніміз әрдайым белгілі бір өндірістік және басқа қажеттілікке пайдаланылатын, табиғи, тарихи қалыптасқан ерекшеліктері бар, немесе кейін пайда болған қасиеттері бар жер массивтері.
Әр жер алқабы өсетін өсімдіктерімен, олардың сапасымен, суланғандығымен, жер беті бедерінің элементтеріне орналасуымен, өндірісте пайдалану ерекшеліктерімен бөлектенеді (айырықшаланады).
Қазіргі классификация бойынша әрдайым ауылшаруашылықтық өндірісінде қолданылатын ауылшаруашылықтық алқаптарға егістік, шабындық жайылым, тыңайтылған жер, көпжылдық өсімдіктер жатады.
Ауылшаруашылық алқаптар бойынша ГОСТ бекітілген (мемлекеттік стандарт Мем.СТ)
Ауылшаруашылық алқаптардың құрамы табиғи – климаттық жағдайға өте тығыз байланыста. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 100мм аспайтын жерлерде жыртылған жер 10-13%.
Дәнді-дақыл өсіруге ылғалдылығы жеткілікті солтүстік аудандардың жерінің құрамында 72% - жыртылған жер.
Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрамы шаруашылықтардың мамандығына әсерін тигізеді.
Егістік үлесі 70-80% солтүстікте дәнді-дақыл өсіретін шаруашылықтар көп, ал мал өсіретін шаруашылықтарда мал азықтың алқаптардың үлесі өте жоғары.
ҚР егістіктің үлесі 15.8% қана көпжылдық өсімдіктер 0.1 млн. га алып жатыр.
Тыңайтылған жердің үлесі егістіктен шығарылған жерлердің мөлшеріне өсті.
Жобаның бұл құрам бөлігінің негізгі міндеті жерді жоғарғы тиімділікте пайдалануға және қорғауға жағдай жасау үшін алқаптардың тиімді ара қатынасын және орналасуын белгілеу.
Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшу - трансформация деп аталады. Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және а/ш алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.
ҚР өкіметінің №1262 шешімі (14 қазан 1996ж.) бойынша трансформация жасау үшін жер пайдаланушының өтініші немесе жергілікті атқару органының инициативасы болу керек.
Ауылшаруашылық жерлері екі құрамдас бөліктен тұрады:
1. Ауылшаруашылығы жерлері.
2. Ауылшаруашылық алқаптарына жатпайтын жерлер.
Ауылшаруашылығына жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімін алу үшін қолданылатын алқаптарды ауылшаруашылық алқаптары дейміз. Оларға: жыртылған жер, көпжылдық көшеттер, шабындық, жайылым, тыңайтқан жерлер жатады.
Егістік алқаптар – ең қымбат өнімді алқаптар. Ондай жерлерге құнарлылығы жоғары жүйелі түрде ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егетін жерледі жатқызамыз. Соның ішінде пар жатады.
Көп жылдық екпе ағаштар – ол жерлерде ағаш, көшеттер, көпжылдық өсімдіктер өседі. Мұнда жеміс-жидек өсіріп, өнім алады. Сол сияқты дәрі-дәрмек дақылдары өсіріледі.
Ауылшаруашылық алқабына орман және бұталарды жатпайды.
Тыңайтқан жер – жер учаскесі, бұрын жыртылған жер ретінде пайдаланған және бір жылдан артық уақытта ауылшаруашылық дақылдары егілмеген болса немесе пар астында пайдаланса, оны тыңайтқан жер деп атаймыз.
Шабындық – жер учаскелері жақсы көгалданған, жақсы суарылған, ылғалданған, қолдан суаруға келетін жерлер жатады. Ол жерден өсімдікті жүйелі түрде алып отыруға болатын пішендеме және т.б. мал азығын дайындауға болады.
Жайылым – жүйелі түрде мал жаюға болатын жерді алады. Табиғи түрде ол еңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай қалуы, аз құнарлы, тұзданған тасты жерлер болады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер алқаптарын шартты түрде 2-ге бөледі.
1. Ауыл шаруашылықтың кеңейту резерві болып табылады. Оларға: көшеттер, батпақтар, қатты және өте қатты тұздалған жерлер, құмдар т.б. жатады.
2. Ауыл шаруашылықтың 2-ші тобына құрылыс орындары, су, жол, қорқаушы көшеттер, басқа жерлер.
Бұрын ауыл шаруашылық айналымына, қазіргі ауыл шаруашылық жарамсыз жерлер жататын. Ауыл шаруашылық алқаптары барлық жер қорының 27 процентін құрады. Оның ішінде бағалысы егістік, көпжылдық екпе ағаштар 10 процент.
Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшуі трансформация деп аталады.
Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және ауыл шаруашылық алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.
Өндірістік мақсаты жерді пайдаланудың қарқындылығын арттыру, топырақ құнарлығын арттыру, ең жоғарғы өнім алу.
Алқаптарды трансформациялаудың негізгі талаптары болып мыналар табылады:
- ауыл шаруашылық алқаптарының ауданын көбейту;
- ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалану қарқындылығын анықтау;
- жыртылған жер немесе басқа жоғарғы өнімді алқаптарының ауданын үлкейту;
- ұсақ контурлы учаскелерді тарату немесе жою және конфигурациясын жақсарту;
- инженерлік жол және ішкі шаруашылық құрлыстар сонымен қатар эрозияға қарсы және табиғат қорқау шаралары бойынша учаскелерді белгілеу.
Ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту учаскелерді бір алқаптан екінші алқапқа ауыстыру үшін мелиоративтік немесе мәдени техникалық шараларды жүргізу арқылы олардың физико-химиялық жағдайын жақсарту және топырақ қабатын басқада қасиеттерін, жердің кеңістік қасиеттерін осының арқасында осың пайдалануын интенсивтік жоғарылату.
Осындай жобалардың ең басты процесі ауыл шаруашылық емес және ауыл шаруашылық алқаптарын трансформациялау, әсіресе жоғары өнімді максимальды көбейту мақсатымен жасалынады.
Мәдени-техникалық шараларға мыналар жатады:
- мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту;
- ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін жоғарылататын әртүрлі шараларды қолдану;
- орманды ағаш көшеттері және түбіртіктерді жою;
- ор, каналдарды көму, ойыс жерлерді тегістеу;
- үйінділерді жазу.
Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту дегеніміз – бұл аз өнімді алқаптарға жасанды дақылдар мен айырбастап егу. Бұл үшін жерді жыртып, мәдени-техникалық шараларды жүргізіп, көпжылдық шөпті егу.
Жеңіл жақсарту – бұл мал азықтық алқаптарды жер бетінде бақалы мал азықтық шөптері сақталмағанда мәдени-техникалық шараларды жүргізу барысында орындалады.
Бақылау сұрақтары:
Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.
Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?
Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?
Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?
Достарыңызбен бөлісу: |