Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/37
Дата07.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
П нні О У- дістемелік кешені «Экономикалы , леуметтік ж не сая

Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.


Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы.


Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.


Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ.
Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді.


Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау).


Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару.


Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.


Лекция 1
Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе
(1 сағат)
Мақсаты – дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу жағдайларына тарихи-географиялық, саяси-географиялық тұрғыдан талдау жасау, басты халықаралық және аймақтық саяси ұйымдармен таныстыру.


Жоспары

  1. Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе пәні мақсат мен міндеттері

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні тараулары

  3. Экономикалық және әлеуметтік географиясының маңызы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет