- Еңбек ресурстары статистикасының негізгі түсініктері
- Еңбек ресурстары статистикасының негізгі көрсеткіштері
Еңбек ресурстары статистикасының негізгі түсініктері Қазақстанда еңбек нарығының жай-күйі мен дамуының сипаттамасы «еңбек етуге қабілетті жастағы еңбекке жарамды халық» категориясымен байланысты. Еңбекке қабілетті халық (еңбек ресурстары) – еңбек етуге қабілетті халық, яғни нақты жұмыс істейтін жəне экономикада жұмыс істемейтін, алайда еңбек ете алатын ықтимал қызметкерлер. Еңбек ететін халық экономикалық белсенді халыққа жəне экономикалық белсенді емес халыққа бөлінеді. Еңбекші халықтың (еңбек ресурстарының) категориясы келесі суретте көрсетілген. Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – халықтың тауар мен қызмет өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. - Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – халықтың тауар мен қызмет өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі.
- Халықаралық стандарттарға сəйкес экономикалық белсенді халыққа 15 жастан бастап жəне одан ересек адамдар жатады. Экономикалық белсенді халықтың саны экономикада жұмыс істейтін жəне жұмыссыз адамдардың санының сомасы ретінде есептеледі.
- Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жəне жұмыссыз халық жатады.
Жұмыс істейтін халық – жасына қарамастан экономика салаларында нақты жұмыс істейтін халық. Жұмыс істейтін халық жұмыспен қамтылу мəртебесі бойынша жалдамалы қызметкерлер мен дербес жұмыс істейтін халыққа бөлінеді. - Жұмыс істейтін халық – жасына қарамастан экономика салаларында нақты жұмыс істейтін халық. Жұмыс істейтін халық жұмыспен қамтылу мəртебесі бойынша жалдамалы қызметкерлер мен дербес жұмыс істейтін халыққа бөлінеді.
- Жұмыссыз халық – жұмысы (табыс əкелетін кəсібі) жоқ, алайда жұмыс іздестіретін жəне жұмысқа кірісуге даяр экономикалық белсенді жастағы халық.
- Экономикалық белсенді емес (енжар) халық – экономикалық белсенді жастағы, үй шаруашылығын жүргізетін халық, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын оқушылар. Мұндай халық жұмыс істейтін немесе жұмыссыз халық деп саналмайды.
- Экономикалық қызмет істемейтін еңбекке қабілетті жастағы еңбекке жарамды халық – жеңілдікпен, асыраушысынан айырылуына байланысты, мүгедектік бойынша зейнетақы алатын адамдардың бөлігі жұмыс іздемейді, алайда жұмыс істей алады жəне істеуге даяр; немесе күнкөріс көзіне қарамастан жұмыс істеу қажет еместер.
Достарыңызбен бөлісу: |