ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16-13.1.04
/03-2013
|
ПОӘК
«Физикадағы компьютерлік әдістер» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 2 басылым
10.01.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физикадағы компьютерлік әдістер»
«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
53
|
1 ГЛОССАРИЙ
Модельдеу – кейбір нысандар мен құбылыстарды, физикалық табиғаты дәл сондай олардың модельдерімен алмастыра отырып зерттеу.
Вербальдық модель – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модельдер – процесстің немесе объектінің әр түрлі параметрлерін бейнелейтін математикалы формулалармен өатынастар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізінде алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады.
Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
Ақпараттық технология – арнайы техникалық ақпараттық жүйелерде қолданатын технологиялар.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері
Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.
Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.
Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу).
Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі.
Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе.
Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы.
Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы.
Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).
Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ.
Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.
Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
1МИКРОМОДУЛЬ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ»
1-тақырып. Кіріспе. Есептеу техникасының даму тарихы. Физикадағы компьютерлік эксперимент. Операциялық жүйелер.
Дәріс мақсаты: Есептеу техникасының даму кезеңдерімен таныстыру. Физикадағы компьютерлік эксперимент жайында түсінік беру. Операциялық жүйелермен таныстыру.
Жоспар:
-
Есептеу техникасы.
-
Эксперименттік тапсырмалар.
-
Физикалық эксперименттің түрлері, міндеттері.
-
Операциялық жүйе.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
1. Есептеу техникасының даму тарихы. Физикадағы компьютерлік эксперимент. Операциялық жүйелер.
Есептеу техникасының даму тарихы.
Есептеу математикасы – электрондық есептеуіш машиналарын пайдаланып есептердің сандық нәтижесін алу тәсілдерін қарастыратын математиканың саласы. Есептеу математикасының мынадай үш бағытын алуға болады:
1.ЭЕМ-ді ғылым мен техниканың әртүрлі саласында және іс жүзінде пайдалануына байланысты есептеу математикасын математикалық моделдердің анализі ретінде қарастыру;
2.Математикалық моделдеуді зерттеу нәтижесінде туатын типтік есептерді шешудің тәсілдері мен алгоритмдерін өңдеу;
3.ЭЕМ-ге арналған есепті программалаудың теориясы мен практикасы.
Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. ХYІІ ғасырдың 40-жылдарында (Б.Паскаль (1613-1662)) сандарды қоса алатын механикалық құрылғы, ХYІІІ ғасырда (В.Лейбниц) сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы шықты. ХІХ ғасырда (Ч.Бэббидж (1792-1871)) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірілді. ХХ ғасырдың 30-жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері; электрондық жад, механикалық компонент енгізілдген ЭЕМ құрастырылды. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон Фон Нейман дайындап шықты.
Осы кезге дейін дайындалған ЭЕМ-дер төрт буындық түрге бөлінеді.
Бірінші буын (50 жылдардың басында) ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері және бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген. Бұл бөлшектердің негізгілері-вакуумдық электрондық шамдар.
Екінші буынның негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлар (50 жылдың соңында).
Үшінші және төртінші буын элементтері (60 жылдың 2-жартысы, 70-жылдар) интегралдық схема (ИС), үлкен интегралдық схема және аса үлкен интегралдық схема болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |